Көптеген жануарларда тәуліктік периодтылық физиологиялық функциялары

Көптеген жануарларда тәуліктік периодтылық физиологиялық функциялардың айтарлықтай ауытқуын әкелмейді. Ол негізінен қозғалыс белсенділігінің өзгеруінен көрінеді. Бұл – сыртқы, экзогенді тәуліктік ырғақ. Тәуліктік периодтылық күндіз, кеште, түнде тіршілік ететін жануарларға тән. Су қоймаларында планктонның күндізгі және түнгі арадласуы байқалады. Жарық күннің ұзақтығының көктемнен күзге қарай өзгеруі жануарлардың тәулік бойынша белсенділігіне әсер етеді. Олай болса, тәуліктік периодтылық экзогенді ырғаққа жатады.

 

Гомеостаз және экожүйенің тұрақтылығы.

ГОМЕОСТАЗ – (грек. homoios-бірдей, ұқсас және stаsis-жағдай, қозғалыссыз)   табиғи жүйенің (организмнің) ішкі динамикалық тепе-теңдік жағдайы немесе күрделі бейімделу реакцияларының арқасында іске асатын табиғи жүйенің тепе-теңдік күйі ;

ЭКОЖҮЙЕ – тірі ағзалармен және олардың мекен ететін ортасымен түзілген табиғи кешен, мұнда биотикалық және абиотикалық компонеттер өзара зат және энергия алмасумен байланысқан.

АБИОТИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР – тірі ағзаның дамуы мен таралуына әсер ететін бейорганикалық орта факторларының жиыны (температура, жарық, қысым, ылғал т.б.);

АНТРОПОГЕНДІК ФАКТОРЛАР – адам әрекетінен туындаған факторлар, олар қоршаған ортаға оң немесе теріс әсерін тигізулері мүмкін;

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *