Ағза — француздың – organisme, латынша — organiso – құрамын, сыртқы құрылым беремін деген сөздеріндегі мағынаны береді.
Кең көлемде алатын болсақ, тірі ағза- дегеніміз,бір-бірімен байланыста болатын және бір-біріне бағыныңқы болатын элементтерден тұратын және олардың өзара байланыстары мен құрылысы біртұтас құрылымды беретін биологиялық жүйе болып саналады.
Ағза деген ұғымға тек жеке даралар (индивидтер) ғана емес, колониямен өмір сүретін (колониялы ағзалар),отбасы (жануарлардағы), популяция, биоценоз және тағы басқаларда кіреді.
Қысқаша алғанда, ағза-дара, индивидиум, «тірі дене».
Тіршілік ортасы –ол, табиғаттың тірі ағзаны қоршап тұрған және онымен тікелей өзара байланыстағы бөлігі.Тірі ағзалар өте күрделі және ауыспалы өмірде тіршілік етеді, олар сол ортаның әсеріне байланысты үнемі өзгереді,тіршілік әрекеттерін үнемі өзгертіп отырады.Ағзалардың ортаға бейімделушілігі – адаптация деп аталады.
Ортаның ағзаға әсер етуші жекеленген бөліктері мен құрылымы – экологиялық факторлар деп аталады.Экологиялық факторлар табиғаты жағынан және ағзаға әсер ету әрекеттері жағынан әртүрлі болады.
Абиотикалық факторлар- табиғаттың өлі элементтері: температура, жарық, радиоактивті сәулену, қысым, ауаның ылғалдылығы, судың құрамындағы тұздар, жел, ағымдар, жергілікті жер релефтары және т.б.
Биотикалық факторлар – бұл тірі денелердің бір – біріне тигізетін әсерлері.
Антропогендік факторлар – адамның табиғат компоненттеріне әсер еткен іс-әрекеті (оңды немесе теріс әсерлер).