Аутэкология – жеке ағзаның тіршілік ету ортасымен өзара қарым-қатынасын зерттейтін экология бөлімі.
Аутэкологияның (грек. autos- өзім) мақсатты – даралардың тіршілік етуінің шегін және физико-химиялық факторлардың ағза олардың мағынасының барлық көлемінен таңдап алатын шектеулерін нақтылау болып табылады. Орта факторларының әсеріне ағзалардың реакциясын зерттеу осы шектеулерді ғана емес, берілген түрлерге тән физиологиялық, сондай-ақ морфологиялық өзгерістерді шығаруға мүмкіндік береді.
Ағзаның ырғақтары ішкі немесе физиологиялық және сыртқы, яғни геофизикалық табиғаты бар сыртқы ортадағы циклды өзгерістерден соң жүретін болып бөлінеді.
Түрдің особьтарды көбейту, басқа түрлермен бәсекеге түсу қабілеті түр үшін оптимальды шамадан ауытқитын факторлармен шектелетін болады. Мұндай максимум мен минимум шегінен шығып кететін факторлар шектеулі факторлар деп аталады. Мыс: көптеген өсімдіктермен жануарлардың солт. таралуына жетіспеуі шектеуші фактор болса, керісінше сол түрлер үшін оңт. Ылғал мен қаректің жетіспеуі шектеуші фактор болады.
Экожүйедегі (табиғи бірлестіктер) өзара қарым – қатынаста болу үшін әртүрлі әдістер қолданылады. Эксперимент, табиғатта ұзақ мерзімді бақылау, популяциядағы особьтар санын анықтау, жануарлардың қоныс аударуын (миграция) бақылау т.б. Тірі табиғатты толық және терең танып білу үшін модельдеу әдісі (жасайды экологиялық жүйе) кеңінен пайдаланылады. Мұндай жағдайда деректерді математикалық әдіспен шешеді.
Экожүйедегі модельдеу әдістері қазіргікезде экологияда кеңінен қолданылады. Олар экожүйелерде болып жатқан процестерді болжауға және антропогендік факторлардың биосфераны ластау әдістерін айқындап, болашаққа кең жол ашады.
Ішкі ырғақтар тарихи қалыптасқан. Қалыпты өмір сүру үшін келген ағза жоғары физиологиялық белсенділік жағдайынан физиологиялық тыныштық күйге өтеді. Анаболизм (түзілу) процестері катаболизм (ыдырау) процестерімен алмасады. Егер катаболизм бұл процесс болмаса, онда ағзаның физиологиялық функциялары бұзылады.
Тірі ағзалар сыртқы ортаның ауытқуларын қабылдауға бейімделе отырып, оларға сәйкес өздерінің физиологиялық процестерін реттейді. Бұл негізінен үш фактордың әсерінен жүзеге асырылады: Жердің Күнге қатысты айналуы күндік тәулік, Айға ай тәулігі, жұлдыздарға жұлдызды тәулік. Бір-біріне әсер ететінін ескере отырыа, бұл факторларды ағзалар 24 сағаттық периодқа жақын ырғақ түрінде қабылдайды. Бұл – эндогенді биологиялық ырғақтардың дәл тәуліктік периодтан ауытқуының себебі болып табылады. Сондықтан оларды циркадтық (латын тілінен аударғанда цирка – шамамен, жуық, диес – тәулік) ырғақтар, яғни тәулікті ырғаққа жақын деп аталады.
Егер тиіндерді толық қараңғылық жағдайында ұстаса, бастапқыда олар бір мезгілде оянып, белсенді тіршілік етеді, біраз уақыттан соң әр түрлі уақытта оянып, өзінің әр түрлі ырғағын сақтайды. Содан соң күн мен түннің дұрыс кезектесуін қалпына келтіргенде, жануарлардың ұйқы мен белсенді тіршілігінің периодтары болады. Олай болса, сыртқы тітіркендіру (күн мен түннің ауысуы) туа пайда болған циркадтық ырғақтарын реттейді.