Су — табиғат құбылысы

 

Су — тіршілік көзі, табиғатта ең көп таралған зат. Су Жер шарының 3 / 4 бөлігін алады. Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді, табиғаттағы барлық тіршілік атаулының құрамына кіреді.Тірі ағзалардың 60-70 %-ы , ал өсімдіктердің 90 % -ы судан тұрады. Су — тамақ рационының маңызды құрамдас бөлігі. Сусыз тіршілік жоқ. Адам шөлдегеннен гөрі аштыққа шыдамды келеді екен. Зат алмасудың барлық процестері судың қатысуымен атқарылады.Тамақты сіңіру, қанға нәрлі заттардың жетуі сұйық ортада өтеді. Зат алмасудың зиянды өнімі организмнен су арқылы шығарылады. Организмде судың жеткіліксіз болуы шөлдеуге әкеліп соқтырады да, судың артық болуы жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын қиындатады. Судың пайдалы қасиеттеріне келесілері жатады:

– Су қоректік заттектерді (жасушаларға), алмасу өнімдерін және гормондар, ферменттер, тромбоциттер және қан жасушалары сияқты түрлі заттарді (жасушадан) тасымалдайды. Соған сәйкес ол жасушалық зат алмасудың өтуіне септігін тигізеді және жасушалардың химиялық қызметтеріне аса қажет.

– Су еру мен суспензиялау үшін тамаша орта. Көптеген субстраттар суда ериді немесе суспензияға айналады, осылайша жаңа заттектер түзетін реакцияларға түсе алады. Судың бұл қасиеті ағзадағы алмасу заттары мен улы заттардың зәрмен шығуына септігін тигізеді.

– Су еріткіш ретінде тұтқыр молекулалармен қосылып, буындарға арналған майлайтын сұйықтық және ас қорыту жүйесі мен несеп-жыныстық жолдарды майлайтын шырыш, ішкі органдарды майлайтын ұйыма сұйықтықтарды және асқорыту жолдары арқылы өткенде асты ылғалдандыратын басқа да секреттерді түзеді.

– Су өз температурасын салыстырмалы түрде аз өзгерте отырып, жылу сіңіреді. Судың жылуды сақтау қасиеті жылуды сіңіріп, оны жылу өнімі және тер булануы ретінде шығара отырып, дене температурасын реттеуге көмектеседі.

Су ағзаның маңызды құрылымдық компоненті болып саналады. Ол жасушалардың пішінін сақтайды және барлық ағзаның жасуша жарғақшаларының ажырамас бөлігі болып табылады.

Ағзаның жалпы суы (АЖС) деген қабылданған атау бар, адам ағзасындағы судың мөлшері жасына, жынысына, бұлшық ет және май тінінің көлеміне қарай өзгеріп отырады. Дені сау адамдарда ағзаның жалпы суы өзгеруі өсу кезі, дене массасының артуы, дене массасының азаюы, жүктілік және бала емізу жағдайларын есептемегенде, болар-болмас. Дегенмен, ағзаның жалпы суы мөлшері әртүрлі факторларға байланысты түрлі адамдарда өзгеріп отырады. Ересек адамның майсыз массасының шамамен 70-75℅-ы су үлесіне келеді, ал май тінінде судың 10-40℅-ы бар. Соған сәйкес, салыстырмалы түрде майдың пайыздық көрсеткіші жоғарырақ болғандықтан әйел адамдардың ағзасында ер адамдардың ағзасына қарағанда су азырақ. Егер адам салмақ қосса, май тініндегі су мөлшері азаяды. Жас ұлғайған сайын, бұлшық ет массасын жоғалтуға байланысты ағзаның жалпы суының мөлшері азаяды. Мысалы, туылған кезде денесінің 74℅-ы судан тұрған қыз балада бұл көрсеткіш 51 жасқа қарай 47℅, ал осы жастағы ер адамда 56℅ болады.

Ағзаның қалыпты жағдайдағы су шығынының түрлі жолдары бар болса, ағзаға су түсуінің екі жолы бар: судың зат алмасу процесінде пайда болуы мен ауыз арқылы тұтыну.

Судың зат алмасу процесінде пайда болуы – белгілі бір субстраттардың есебінен болатын болар-болмас түзетулері бар тұтынылған энергияға пропорционалды зат алмасуының қосалқы өнімі. Осылайша, энергия неғұрлым көп тұтынылса, зат алмасуының суы да соғұрлым көп болады. Мәліметтер бойынша күніне 2500 ккал энергия шығыны күніне шамамен 250 мл зат алмасу суының пайда болуына алып келеді, ол шамамен 8,5 унцияны құрайды.

Тұтыну. Біздің тамақпен және ішетін сұйықтығымызбен бірге тұтынатын суымыз тәуліктік судың жалпы көлемінің азғана мөлшерін құрайды. Ұлттық зерттеулердің мәліметтері бойынша, күнделікті тұтынылатын судың 20-30℅-ы тамақпен, 75-80℅-ы ішілетін сұйықтықпен ағзаға түседі. Дегенмен айтарлықтай айырмашылықтар бар. Мысалы, NHANES III мәліметтері бойынша, 31 мен 50 жас аралығындағы ер адамдардың күніне 761 мл-ді құрайтын күнделікті тамақпен бірге түсетін суының бірінші процентилі 264 мл/ күн, 99-шы процентилінде дәл осы жас аралығы үшін орта есеппен 1519 мл/күн құрайды.

Күнделікті ішетін сұйықтықпен түсетін су мөлшері үшін де айырмашылық өте жоғары. 31 мен 50 жас аралығындағы ер адамдар үшін орташа сұйықтық тұтыну (жай суды қоса алғанда) күніне 1-ші және 99-процетилдерімен сәйкесінше күніне 1054 мл мен 1114 мл-ді құрады.

Шығындардың орнын толтыру үшін қажетті су мөлшері толық қажеттілік болып табылады. Суға деген қажеттіліктер жеке адамның зат алмасуымен, қоршаған орта жағдайларымен, белсенділік деңгейімен анықталатындықтан алуан түрлі. Түрлі адамдардың қажеттіліктері әртүрлі болуымен қатар, бір ғана адамның қажеттіліктері де күннен-күнге өзгеріп отыруы мүмкін. Қоршаған ортаның кез келген жағдайларында дені сау деп бағамдалатын барлық адамдардың жартысына қажетті гидратация деңгейі мен ең жақсы денсаулық жағдайын қамтамасыз ететін суды тұтынудың бірегей деңгейі жоқ.

Дені сау нәресте үшін толық су қажеттілігі күніне шамамен 75-100 мл/кг құрайды, бірақ нәрестелерде дегидратация дамуының қаупін арттыратын түрлі факторларға байланысты тұтынылатын сұйықтықтың кеңес берілетін мөлшері күніне 150 мл/кг құрайды. Осылайша, 5 килограмдық 6 айлық бала үшін сұйықтықтың кеңес берілетін тұтынылуы шамамен 750 мл-ді құрайды. Нәресте денесінің пайыздық қатынастағы көп бөлігін су құрайды, орта есеппен туылған кезінде 74℅ болып, 6 айына қарай шамамен 60℅-ға дейін төмендейді.

Нәрестелік кезінде байқалатын ағзаның жалпы суы мен су айналымындағы жылдам өзгерістер бір жастан кейін бәсеңдейді. Ағзаның жалпы суы балалық және жасөспірімдік кезінде тез азаяды. Дене салмағына қатысты су айналымы да нәрестелік және ерте балалық кезеңнің арасында айтарлықтай азаяды. Суды тұтыну бойынша мәліметтер оның алмасуының төмендеуіне сәйкес келеді. Су теңгерімін зерттеу қорытындылары су тұтынылуының өмірінің бірінші күнінен бастап 6-12 айға дейін екі есеге артқандығын көрсетеді. 2 жас пен 9 жас аралығындағы тұтынудың артуы 5-10℅-ды ғана құрайды.

Су теңгерімінің зерттеулері қоңыржай климатта өмір сүретін, белсенді емес ересек адамдардың ең аз су қажеттілігі шамамен 1-1,3л/күн құрайды, бұл мөлшер судың деммен, зәрмен, үлкен дәретпен және сезілмейтін шығындарын дәлме-дәл толтыруы керек. 70-тен асқан адамдар үшін қалыпты мөлшерде ерлер үшін 3,0-3,7л сұйықтық ішу түрінде, әйелдер үшін 2,2- 2,7л сұйықтық ішу түрінде болу керек.

Тамақтану рационындағы су көздері және оны тұтынуға ықпал ететін факторлар: дене белсенділігі немесе қоршаған орта жағдайларының (мысалы, күннің ыстықтығы) салдарынан бірнеше сағаттан кейін су жетіспеушілігі туындау мүмкін. Алайда күнделікті деңгейде, сұйықтықты шөлдеуге байланысты тұтынуы және тамақтану уақытында сусындарды тұтыну гидратацияны және ағзадағы судың жалпы мөлшерін қалыпты деңгейде қолдануға мүмкіндік береді.

Адамдар суды таза ауыз суы, сусындар түрінде және тамақпен бірге тұтынады, ол тамақтың құрамында болуы мүмкін немесе оны даярлау кезінде қосылған су түрінде тұтынуы мүмкін.

Шыжыған ыстық кезде денеден тер мен бірге көп мөлшерде натрий тұзы сыртқа шығады. Мұндай кезде мөлшерден тыс тұзсыз су ішу қанды сұйылтып жібереді. Су жасуша қабықшасы арқылы жасуша ішіне өтіп, жасуша сулы ісігін тудырады да, судан улану туындауы мүмкін. Сондықтан көп мөлшердегі суды бір жолата ішуге болмайды. Өте мұздай суық су ішу де зиянды. Көп мөлшерде өте мұздай суық су ішкенде асқорыту жүйесінде шұғыл бұзылыстар пайда болуы мүмкін екенін есте сақтаған жөн.

Ж.МӘТІБЕК


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *