Зат есім ережесі

Заттың атын білдіріп, кім? не? деген сұракка жауап беретін сөздер зат есім деп аталады. Мысалы: әке (кім?), оқушы (кім?), әнші (кім?), іні (кім?), тау (не?), ауыл (не?), ақыл (не?), мал (не?), құс (не?) т. б. Адамға байланысты зат есімге кім? деген, адамнан басқа зат атауларына (жансыз және мал, аң, құс, балық т. б.) не? деген сұрақ қойылады.

Зат есім жалпы есім және жалқы есім болып екіге бөлінеді. Біркелкі заттардың жалпы атауы жалпы есім деп аталады; Заттардың даралап, жекелеген түріне ғана қойылатын ерекше аты жалқы есім деп аталады. Мысалы: кісі, адам деген жалпы адам атаулыға тән ат болса, Байжан, Гүлнар десек, бұл адам атаулының бәріне емес, тек қана жеке кісілерге тән ат. Жалқы есім әдетте кісі аттары, әкесінің аты мен фамилиясы, мемлекет, ре-спублика, облыс, аудан, қала, көше, ұйым, мекеме, завод-фабрика аттары, географиялық (жер, су, т. б.) атаулар, әр түрлі шығарма (газет, журнал, кітап, ән-күй, би т. б.) аттары, мал, құс, хайуанаттарға арнап қойылған (мысалы, Тайбурыл, Құлагер т. б.) аттар болып келеді. Жалқы есімдер бас әріппен басталып жазылады.
Зат есмі тақырыбына байланысты қосымша рефераттар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *