Жер-су атаулары

Жалпы деректер. Адамзат қоғамы қашанда өзін қоршаған дүние құбылыстарына атау бермей тіршілік етуі, әрі қарай ілгерілеп дамуы мүмкін емес. Әдетте жер-су атаулары қандай да бір адамдар қауымдастығының, этностардың қоғамдық, шаруашылық, тұрмыстық қажеттіліктеріне сай пайда болып, өшіп, өзгеріп, қайта жаңғырып отырады және сол қауым мүддесіне қызмет етеді. Алайда атаулар табиғи түрде пайда бола ма, әлде мақсатты түрде жасанды жолмен дүниеге келе ме, одан оның басты қызметі мекенжайлық, бағдарлық қызметі өзгермейді.
Қоғамда әр кезде орын алатын саяси, әлеуметтік дағдарыстар, нақты бір территориядағы халықтың этникалық құрамының өзгеруі (көбеюі, азаюы), мемлекеттік құрылымдық өзгерістер өз кезегінде жер-су атаулар репертуарында да тікелей көрініс тауып отырады. Кез келген этностың, халықтың түрлі тарихи дәуірлерде мәдени, тілдік, әлеуметтік дамуына сыртқы, экстралингвистикалық факторлар тікелей ықпал ететіндігі белгілі. Қоғам құрылымының алмасуы, қоғамдық институттар мен оның идеологиясының ауысуы құндылықтар жүйесінің өзгеруіне алып келетіндігі анық. Қазақ қоғамы да өзінің пайда болу, даму тарихында осындай бірнеше қоғам құрылымының, мемлекеттік идеологиясының өзгеруін, басқа кеңестік республикалардағыдай бірнеше даму кезеңін бастан кешірді. Ең алдымен, бұл өзгерістер жергілікті халықтың жер-су атаулар жүйесінде көрініс тауып отырды.
Бұрынғы топонимдер орнына жаңа топонимдердің орнығуы жер-су атауларын қолдануда жарыспа варианттылыққа (ескі мен жаңаның қатар қолданылуы немесе ресми жаңа қолданыспен қатар бейресми ескі атаудың қолданылуы), алақұлалыққа жол береді. Осыған байланысты Еуропа елдерінде ертеректен бастап, қазіргі кезеңде әлемнің көптеген өркениетті мемлекеттері өз жеріндегі жер-су атауларын реттестіруге, стандарттауға әрқашан айрықша көңіл бөліп келеді
Тілдегі жер-су атаулары тобын ғылыми тұрғыдан топоним деген терминмен атайды. Жалпы географиялық жер-су атауларына қатысты арнайы ономастикалық терминологияны, осы саланың іштей жіктелуіне сай, көпшілік қауымға түсінікті болу үшін төмендегідей танымдық-деректік ақпаратты келтіреміз.

Топоним – Жер бетіндегі табиғи нысаналардың жалқы атауы (мұхит, өзен, көл, тау, т.б.), сондай-ақ Жердегі адам жасаған, нақты бір аймақта тіркелген нысана атауы (қала, ауыл және түрлі елді мекен түрлері, коммуникация жолдары, т.б.).
Топонимика – топонимдердің пайда болу жолдары мен заңдылықтарын, даму, қызмет ету ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан зерттейтін ономастиканың дербес ірі саласы.
Топонимикон – 1. Топонимдер сөздігі немесе топонимдер тізбегі. 2. Географиялы атаулар репертуары.
Топонимия – қандай да бір нақты тілдің, нақты аймақтың, нақты мәтіннің, нақты дәуірдің топонимдер жиынтығы.
Географиялық нысаналар – орналасу нүктесінің нақтылығымен сипатталатын, қазіргі кезеңде бар немесе бұрын болған, тұрақтанған Жердің тұтас құрылымдары құрлықтар, мұхиттар, теңіздер, аралдар, бұғаздар, тау, өзен, мұздықтар, шөл далалар мен өзге де көптеген табиғи нысаналар, сондай-ақ республикалар, өлке, қала және өзге елді мекендердің түрі, аудандар, теміржол бекеттері және т.б. осы сынды нысаналар.
Географиялық нысана атаулары – географиялық нысаналарға беріледі және оларды бірінен-бірін айыру, тану үшін қызмет етеді. Терминдік мағынасы жағына топоним терминіне синонимдес болып келеді.
Географиялық нысана атауларын нормалау (нормаға келтіру, жүйелеу, бірізге келтіру) географиялық нысана атауының ең жиі қолданылатын нұсқасы таңдап алу және ол қолданылатын тілдің заңдылығына сай жазылуын анықтау және тұрақтандыру.
Қазақ тіліндегі жер-су (географиялық) атауларын орыс тілінде және орыс тіліндегі атауларды қазақ тілінде таңбалаудың Нұсқаулығы Қазақстан Республикасындағы географиялық нысаналардың бірізділігін және дұрыс пайдаланудың бірегей ережелерін белгілейді.
Ономастикалық топтардың жіктелуі. Ономастиконның (жалқы есімдер түзілімі) ұлттық, мәдени ерекшелігі айқын көрініс табатын тұсы – ол нақтылы дәуірде тіршілік еткен кеңістіктегі түрлі заттар мен құбылыстар тобының немесе қияли ұғымдардың сол халықтың дүниетанымына сай Ономастикалық атауға ие болатындығы.

Қазақ Ономастикалық кеңістігі бірнеше секторлар мен сегменттерге бөлінеді. Жалқы есімдер атауға ие болатын нысана денотаты сипатына сай түрлі топтар мен кластарға бөлінеді. Қазақ ономаст-мамандары онимдік бірліктерді топтарға бөлгенді тіліміздің заңдылықтарына, ұлттық менталитетке сүйене отырып негізінен бұрыннан қалыптасқан Еуропа және орыс ғалымдары жүйелеулерін басшылыққа алатындығын айту керек. Осы орайда көпшілікке ұғынықты болу үшін қазақ ономастикасының басты тармақтары мен топтарын әлемдік ономастика, одан бері орыс ғалымы Н.В. Подольская [1] қолданған белгілі схема жүйесі негізінде көрсетуге болады. Олар грек және латын тілдері негізіндегі интернационалдық терминдік элементтерден жасалған (1,2,3- сызбалар).
Бұл схемаға антропонимдер (кісі есімдері) де қосылуы керек. Ол да ономастиканың ірі бір бөлігі болып саналады.
Ономастиканың ғаламдық бейнесін бұлай бөлудің кейбір тұстары шартты екендігін мойындау керек. Алайда адам, адамзат іс- әрекеті, тіршілігі аясына іліккен нысаналар мен құбылыстар тілдік бірліктер арқылы таңбаланып, иерархиялық тұрғыдан ономастикалануы қажет болғандықтан, осылай топтастырылып, жүйеленуі қолайлы да орынды деп білеміз.

1 -сызба. Жер беті кеңістігі атаулары (жанды және жансыз болмыс)
антропоним

бионим (жанды организм)

зооним
фитоним

абионим (жансыз организм)

топоним
стратоним

(геологиялық формациялыр)

2 -сызба. Жер беті кеңістігі атаулары



ороним (жер бедері нысаналары)

хороним (аумақ)

табиғи

әкімшілік бағынысты


Топоним

агроним (жер телімдері) потамоним лимномим
гидроним (су нысандары) гелеоним океноним
экклезионим (кесене, күмбез, сағана) пелагоним
астионим
(қала)
ойконим (елді мекендер) урбаноним (қала іші нысандары)
дромоним (жол атаулары) комоним
(ауыл, село)

некроним (бейіт, мола)

3- сызба. Адамның тіршілік аясындағы атаулар

теоним мифоним идеоним прагматоним (кез келген мифоантропоним антрионим хрематоним пантеондағы (өнер туындысы (зат атауы) құдай атауы ) мифоперсоним атауы) порейоним
библионим (көлік атауы)
мифотопоним (жазба шығарма ойконим
атауы) (елді мекен атауы)
мифозооним геортоним ойкодоним
(мереке атауы) (ғимарат атауы) гемероним урбаноним (мерзімді баспасөз (қала іші нысана
атауы) атаулары)
документоним дромоним
(құжат атауы) (жол атаулары)
поэтоним агроним
(көркем әдебиет (өңделген жер атауы) телімі атауы)
хрононим
(уақыт, кезең атауы)


4- сызба. Ғаламшар кеңістігі атаулары

космоним

астроним геоним (жер бетіндегі аса ірі табиғи нысандар)
селеноним (ай беті нысаналары)
астротопоним марсионим
венусоним
меркурионим

Қазақстан топонимиясының дамуының кезеңдік сипаты
Жер бетіндегі көптеген тарихи атаулар – ежелгі өркениеттерден қалған тілдік мұра. Топонимдердің (жер-су аттарының) шығу, пайда болу тарихы ең алдымен халық тілінің байлығына, әрбір тарихи дәуірдегі қоғамдық өмірдің құрылысына, оның әлеуметтік-экономикалық жағдайын, ел-жұрттың кәсіби тірлігіне, мемлекеттің дамып өсуі мен елді мекендердің сан жағынан артып, молая түсуіне тікелей байланысты болып отырады.


Шығыстың кемеңгер ойшылы Конфуций осыдан екі мың жыл бұрын Қытай билеушілерінің біріне мемлекеттегі істерді оң жолға қоюды атауларды дұрыстаудан бастау керектігі туралы: «Егер атаулар дұрыс болмаса, сөздердің негізі болмайды. Сөздердің негізі болмаған жағдайда іс те жүрмейді және халық та не істерін білмейді»,- деген екен.
Жер-су атауларының феномені неде жатыр десек, олар тіліміздегі ең көне сөздер бетінде аса ерте, есте жоқ замандардан күні бүгінге дейін жеткен ұлтымыздың ұлы рухани мұрасы. Өзінің айрықша тілдік табиғаты, тұрақтылығымен бізге беймәлім арғы ата-бабаларымыздың тілінде өрнектелген ежелгі атаулардың қазіргі тілдік айналымда болып, қоғам қажетін өтеуінің өзі феномендік факт. Мәселен, ұлтымыздың өз атауы қазақ, еліміздің Қазақстан, Қазақ елі атауынан бастап, Каспий, Талас, Ертіс, Сырдария, Талғар, Маңғыстау, т.б. сынды атаулар ескі заманнан жеткен
«заманауи» сипаттағы тарихи атаулар. Бұл атауларды тарихи деп атауымыздың өзі шартты, себебі есте жоқ ерте замандарда пайда болған бұл атаулар әлі күнге дейін белсенді мекенжайлық, мәдени-кумулятивтік қызмет атқарып келе жатқандығымен ерекшеленеді.
Ал қазақ өркениетінің алтын бесігі есебіндегі ұлы Сырдария, Іле, Ертіс, Жайық, Каспий сағалары әлемнің аса көне өркениет ошақтары аты аңызға айналған Ніл, Ефрат, антикалық Рим, Эллада мәдениеттерімен пайда болу кезеңі тұрғысынан көнелігі, адамзат өркениетіндегі алатын орнының маңыздылығы жағынан шендесе қатар тұра алатын ұлттық, тіптен ортақ еуразиялық мәдениеттің феномені ретінде қарастырылуы қажет-ақ.
Қазақ халқының этнологиялық кеңістігін қалыптастыруға қатысқан, ерте кезден төл тарихымызбен қатар дамып келе жатқан жер-су атаулар жүйесі қандай сипатта болды дегенге төмендегідей қысқаша шолу жасауға болады.
Қазақстан жерінің тарихи-географиялық тұрғыдан зерттелуін жазба деректер бойынша зерттеуші академик Ә.Бейсенова 4 кезеңге бөліп қарайды:
1) қазақ жерінің географиясы жөніндегі алғашқы деректер біздің дәуіріміздің

VI ғ-нан бастау алады; 2) Қазақстан туралы ортағасырлық деректер (VI ғ. мен XVI ғ. аралығы); 3) Қазақстанның Ресейге қосылғанына дейінгі тарихи- географиялық деректер (XVI ғ-дан 1931 ж. дейін); 4) Қазақстанның игерілуге тиіс әртүрлі аймақтарының мақсатты түрде зерттелуі (1731-1919).
Ұлттық топонимикада Қазақстанның жер-су атауларын тілдік, тарихи- хронология тұрғыдан төмендегідей жіктеуге бар: 1) ежелгі, мағынасы күңгірттенген субстратты атаулар; 2) көне, жалпытүркілік дәуір атаулары;
3) кірме атаулар (араб-парсы, моңғолтектес қабаты); 4) орыс тілінен енген кірме атаулар жүйесі; 5) байырғы және қазіргі қазақ атаулары.
Ғалымдардың пайымдауынша, кейбір көне атаулар тіптен адамзаттың жазба мәдениеті пайда болғанға дейін жасалған деген болжам бар. Расында, антикалық Ежелгі Рим, Египет, Эллада жерлерінде дүниеге келген Ніл, Ефрат, Ганга, Қытай жеріндегі Хуанхэ өзендері ертедегі гүлденген ежелгі өркениет, мәдениет ошақтарында пайда болған, мыңдаған жылдық тарихы бар атаулар. Қазақстан жеріндегі кейбір жер-су атаулары антика өркениеті өкілдері Страбон, Плиний, Птолемей, Геродот, т.б. сынды грек-рим ғалымдарының жазбаларында, көптеген жиһанкездер енбектерінде көрініс тапқан.
Мәселен, ежелгі Сырдария өзені мен Каспий теңізі туралы және ол жерлерді мекендейтін халықтар жөніңдегі алғаш деректер Геродоттың әйгілі
«Тарихында» кездеседі. А.Македонский жорығына қатысқан ежелгі грек зерттеушілерінің, жиһангез көпестердің, әскери қолбасылардың әңгімелерінен жазып алған нақты болмаса да біздің жерімізге қатысты үзік деректер жеткен. Мысалы, гректер Сырдарияны Яксарт, кейде Донмен шатастырып Танаис деп, ал ежелгі сақтар оны Силис деп бактриялықтар Лаксат деп атаған көрінеді. Антикалық дәуір ғалымдары Птолемей мен Страбонның еңбектерінде де ежелгі Орта Азия мен Қазақстан территориясына қатысты географиялық кұнды деректер келтірілген [2].
«Скиф де Имаус» деген картасында Птолемей (б.д.д. 90-168 жж.) Скифияның шекарасы қазіргі Қазақстан шекарасымен сәйкесетіні белгілі. Яғни оңтүстік шекарасы Яксарт арқылы өтсе, оңтүстік-шығыс шекарасы Үстірт пен Арал теңізі аймақтарымен өткен.
Ежелгі Қаңлы мемлекеті мен каңлы тайпасы жөніңдегі және ежелгі қазақ жеріне қатысты кейбір атаулар туралы алғашқы деректер Қытай жылнамалары мен зороастризмнің жинақ кітабы «Авеста», сондай-ақ Фирдоусидің «Шах-наме» эпосында кездесетіндігін айту керек. Бертін келе, VII ғасырдан бастап ежелгі қазақ жерге қатысты жер-су атауларын орхон- енисей сына жазуларынан кездестіруге болады [3]

Орхон-енисей жазба ескерткіштерінде ежелгі қазақ жеріне қатысты және қазіргі еліміздің топонимдік кеңістігінде өзінің тілдік-мәдени қызметін атқарып келе жатқан мынадай кейбір жер-су аттарын келтіруге болады: Еділ, Ертіс, Қаңғу-Тарбан, Трарбанд-Тарбан (С.Кляшторныйдың пайымдауынша, ежелгі Отырар атауының одан да көне тұлғасы болуы мүмкін деген болжам айтылады), ал Күлтегін, Білге Қаған, Тоныкөк ескерткіштерінде кездесетін Йенчу-Оғыз өзен аты «маржан өзен Соғдының шығыс шекарасы» Jaxart – көне иран тілінде «нағыз маржан» деп этимологияланады, яғни қазіргі Сырдария гидронимімен сәйкеседі.
Бұл эпитафиялық жазулардағы жер-су аттары автордың жорық жолдарын сол кездегі оқиғаларды баяндау барысында келтіріліп отырған. Сол кездегі топонимиялық кеңістіктегі жер-су атаулары байырғы түркі әлемінің «дүниенің тілдік бейнесінің» Ономастикалық, оның ішінде топонимдік үзігін құрайды. Байқасақ, бұл ескерткіштердегі жер-су аттарын жасауға негіз болған уәждер сипаты мен қазіргі ұлттық топонимиялық жүйедегі типтес топонимдердің жасалу уәждерінде алшақтық жоқ деуге болады. Мысалы, Jašyl ögüz, Argantu qajas, Jilun qol, Qara köl, Qara qum Temir Qapiq, Uduq baš, т.б. семантикасы айқын қос тұлғалы атаулар. Атау жасауда ұйытқы болатын географиялық терминдер де он бес ғасыр бойына түркі тілдес оның ішінде қазақ тілінде де өзінің алғашқы тілдік, лингвомәдени сипатынан арылмай сақталып келді деуге болады. Мысалы: köl, tag//taγ, Qargan, ordu, ot, sud, jar, tas, täƞiz, töpä, turuq, ulus, qum, jol, art, jurt, käcig (кешу) т.б. Мәселен, соңғы käcig (кешу көнетүркі лексемасының семантикасы қазіргі қазақ тіліндегі өткел сөзінің мағынасы екеуіне де ортақ
«суды кешу, судан өту» етістігі өрісінен орын алып, генетикалық (типологиялық) тұрғыдан көнетүркі тұлғасының қазақ тілінде дамыған синоним, дериваты ретінде қалыптасқан деуге болады.
Аталмыш топонимдер мен географиялық терминдер орхон-енисей сына жазуларында тасқа түскеннен бұрын пайда болып, сол кездегі тілдік ортаға, байырғы түркі қоғамына қызмет еткені белгілі. Қазақ тілінен өзге де туыстас тілдердің тарихи табы мен іздері жатқан ескерткіштердегі қазіргі тілдік жүйедегі жер-су атауларымен тұлғалас бұл топонимдердің сабақтастығы, тұрақтылығы мен өміршеңдігі жалпытүркілік этникалық сәйкесімділікті сақтауы оларды тілдік-тарихи кумулятивтік әлеуеті жоғары мәдени феномен ретінде бағалауға негіз болады. Осы ретте тілі ортақ, ділі ортақ, діні ортақ, жері ортақ болған арғы ата-бабаларымыз өздерін ортақ мүдделі этникалық қауым ретінде сезініп, этникалық санаға ие болғандығын эволюциялық тұрғыдан дәлелдейтін тарихи фактілердің бірі ретінде жоғарыда келтірілген тілдік, топонимдік деректерді атауға болады.

VI-VIII ғасырларда Іле бойында Батыс Түрік кағанатының астанасы болғандығы, ал VIII-X ғасырларда Қарлұқ мемлекеті, одан соң Оғуздардың ІХ-ХІІ ғасырларда өмір сүргені, ХІ-ХІІ ғасырларда Қимақтар мен Қыпшақтардың, XIII-XIV ғасырларда Моңғол үстемдігі, XIII-XIV ғасырларда Қыпшақ бірлестігі, яғни Дешт-и Қыпшақ, кейіннен Жетісу, Талас өңірлерінің Моғол мемлекеті қол астында болуы мыңдаған жер-су аттары арқылы өз іздерін қалдырып отыр. Бұл атаулардың ішінде бағзы тарихқа кейінгі, яғни біздің дәуірімізге дейінгі жер-су аттары мен орта ғасыр, ортағасырлық көне атаулар көптеп кездеседі
Қазақстаннын топонимдік кеңістігіндегі тарихи атауларды шартты түрде біздің дәуірімізге дейінгі (субстратты), ерте орта ғасыр, ортағасырлық жер-су атаулары деп қарастыруға болады. Біздің дәуірімізге дейінгі гидронимдер мен оронимдерге мына атауларды жатқызған жөн: а) теңіз аттары: Каспий теңізі, Арал теңізі; ә) өзен аттары: Арыс, Талас, Сырдария, Epmic, Ecіл, Іле, Елек, Кеңгір, Шу; б) тау аттары: Алтай, Хантәңірі, Қаратау, Қазығұрт, Қарқара, Қарқаралы, Күршім, Тарбағатай, Маңырақ, т.б.
Ерте орта ғасырға тән жер-су аттары: Тараз, Екіөгіз, Қаялық, Суяб, Сығанақ, Сауран, Орал, Талкиз (Талғар), Сарайшық, Керем, Кеш, Торғай, т.т. Ортағасырлық жер-су аттары: Құлан, Отырар, Созақ, Сайрам, Сүткент, Жайық, Теке, Аспара, Шымкент, Туркістан, т.т.
Жазба деректер мен археологиялық қазба материалдар өткен дәуірдің орта ғасырында қазақ жерінде тұрақтар мен елді мекен және қала, қалашықтардың көп болғанын растап отыр және ежелгі қала орындарында қалған қирандылар арқылы олардың өткен замандардағы аттары да анықталу үстінде. Соңғы онжылдықтардағы зерттеу нәтижелері Орта Азия халықтары өмірінде көшпенділікпен қатар, отырықшылықтың да болғанын дәлелдей түсуде.
Тарихшылардың баяндауынша: «Отырықшылық пен қала өмірінің даму қарқыны қазақтың барлық жерінде бірдей болмады. Сырдария мен Талас, Шудың оңтүстік аудандарында қалалардың дамуы әсіресе V-VIII ғасырда үдей бастайды» [4, 107].
Қазақстанның көне дәуір қалаларының аттарын зерттеу, оларды лингвистикалық тұрғыдан талдаудың тарихи-географиялық әрі этнографиялық мәні мен маңызы аса зор.
Соңғы жылдары Қазақстан археологтары көне қалалардың орындарында қазба жұмыстарын жүргізіп, қорғандар, қалалардың орнындағы қирандылардың аумақтары мен жер көлемдерін анықтады. Мәселен, Тараз қаласының аумағы 6,5 гектар болса, Отырар 20, Құлан 12, Талғар 9 гектар жерге орналасқан. Қазақстандағы ерте ортағасырлық және ортағасырлық

қалалар әсіресе оғуздар мемлекеті тұсында ( ІХ-XII ғғ.), қимақтар мен қыпшақтар дәуірінде (VIII—XII ғғ.) көптеп салынып, ерекше гүлденгені белгілі.
Қазақстан топонимдері ерте заман оқымыстылары Марко Поло, Земарх еңбектерінде, сондай-ақ саяхатшылар мен әртүрлі елдердің елшілерінің (Плано Карпини, Андре Лонжюмо, Вильгельм де Рубрук) жазбаларында біраз кездеседі. Әсіресе, Х-XII ғасырлардағы араб саяхатшылары мен ғалымдарының еңбектерінде жер-су аттарының көптеп хатталғанын ибн- Хордабек, ибн-Хаукал, әл-Махдуси, әл-Масуди, әл-Идриси еңбектерінен анық көреміз.
«Худуд-әл-алам» мағлұматы бойынша, қарлұқтар билігі кезінде 25-тен аса қала мен елді мекендердің болғаны, олардың ішінде: Құлан, Мерке, Алмалық, Тузун, Балығ, Барсхан, Сихкул, Талғар, Тоң, Пенгүл сияқты қалалардың аттары аталады.
XI ғ. авторы әл-Идриси «Нүзхат әл-Муштак» атты еңбегінде Қимақ хандығының 16 қаласының атын атайды да, оның 12 қаласы қимақтардың тұрған жері, яғни Гамаш өзені алабында Хотан астанасымен бір жерде орналасқан деп көрсетеді.
Қазіргі топонимдер құрамында қазақ тілі материалы тұрғысынан талдауға көнбейтін, әдеби тіл нормасында жоқ субстратты лексикалық қабаттар жиі ұшырайды. Ондай топонимді қытай халқының «Ханнама. Үйсіндер тарауы», «Тарихнама» сияқты атақты көне тарихи ескерткіштерінен ұшыратуға болады. Ресейдің жоңғутану ғылымының негізін қалаушы синолог Я.Бичуриннің «Орта Азия байырғы ұлттарының тарихи материалдары» атты белгілі еңбегі, француз тарихшысы Хоутсманың
«Ханнама» мен «Тарихнамадағы» Батыс өңірлерін аударып, ондағы Ономастикалық материалдарды көрсетуі, жапон оқымыстысы Ушида Канпу т.б. ғалымдар біріге отырып, жоңғу тарихи кітаптарындағы Батыс өңір тарауларын аударып, түсінік жазып, қос томдық еңбегін баспадан шығаруы, міне, осылардың бәрі түркі атаулары, оның ішіндегі қазіргі қазақ халқын құрап отырған ірі тайпалар: үйсін, каңлы, қыпшақтар туралы, оларға тән ономастикалық материалдарды сүзіп алып, тереңдей зерттеуге негіз болады.
Жазба деректерге сүйене жасалған V-VIII ғғ. карталарында да Қазақстан территориясын мекендеген түрік тайпаларының орналасу кестесі көрсетілген. Бұл кесте Суяб қаласынан басқа Испиджаб, Тарбан (Отырар), Тараз, Шаш қалалары және Оксус, Яксарт (Сырдария) өзендері, Хорезм көлі (Арал теңізі), батыста Гиркан теңізі (Каспий теңізі) көрсетілген.
Оғыздар Сырдария өзені бойында Женд, Янгикент, Хора қалаларында,
Арал, Каспий теңіздерінің кең жазира далаларында, Мұғалжар тауы мен

Ойыл, Ырғыз, Жем өзендері бойында көшіп-қонып жүрді. Мұғалжар жондарында оғыздардың Нуджақ, Бадағақ атты қорған-бекіністері, ал оңтүстік Оралда Даранда (Дендер) және Дарку деген шағын бекіністері болды.
Араб географы әл-Идриси «Нузхат әл-Муштах» деген XI ғасырдағы еңбегінде қимақтардың қалалары мен тұрақтары туралы кұнды деректер келтіреді. Ол «Кир хандарының қалалары он алты» деген мәліметті жалғастыра келіп, сол Кир кездегі мемлекеттер мен ірі тайпалар мен жер-су аттарының картасын жасаған.
Ерте ортағасырлық топонимдерге көбіне гомогенді көне түбірлі топонимдердің екені анық байқалады. Оларды біріккен тұлғалы атаулар құрамынан анықтаймыз. Мысалы: Бақанас, Дегерес, Текес, Қорғас, Ертіс, Есіл, Асы, Балқаш, Елек, Еміл, Қағыл, Қиыл, Тобыл, Лабасы, Лабар, Лепсі, Ойыл, Ілe, Кеңгір, Жем, Жеменей, Қарагем, Жымтиты, Бөген, Сарқан, Түрген, Обаған, Шамалған, Бүйен, Аягөз, Тараз, Талғар, Қаратау, Бозашы, Беказы, Маңғыстау, Сағыз, Өлеңті, Сілеті, Шідерті, т.б.
Ерте орта ғасырда Қазақстан жеріндегі қалалар мен қалашықтар және белгілі тұрақ-қыстақтардың пайда болып дамуына, өзендер мен көл, көлшік, тау, қыр, жота, шоқы, төбе, т.б. объектілерге ат беруде жоғарыда аталған түркі тайпаларының рөлдері ерекше болғаны даусыз.
Оңтүстікте Құйрықтөбе, Баба-Ата деген ежелгі қала қирандылары, Жетісудың оңтүстік-батысында Құлан, Ақтөбе, Мерке, Жуантөбе атты қала қирандылары ІХ-Х ғасырларда белгілі болғанды. Осы жақтағы Аспара, Нузкент, Сарығ сияқты қалалардың сауда-саттық пен мәдени қарым- қатынаста мәні зор болды.
Ұлы Жібек жолындағы Тараз және Суяб қалалары VI ғасырдан-ақ жазба ескерткіштерден белгілі боп, ірі қалалар санатына қосылған. Жетісудың оңтүстік-шығысындағы Талхиз, Екіөгіз, Қаялық қалаларының жер өңдеу шаруашылығымен қатар сауда-саттық, мәдени жетістіктер жағынан мәні ерекше зор еді. Осылармен қатар Жетісудың Алтын, Арғы-Талас-Улыс, Чигил-балық, Йаканкент, Ордакент қалаларының тарихта аты қалды. Құлан, Жол, Бұзық, Сарығ, Беклик, Жар сияқты қалалар нағыз түркі сөздерінен қойылған қала аттары.
VIII ғасырда соғдылар негізін салған қалалар: Хамукет, Навакет, Жетісуда, оңтүстікте Сауран, Сайрам, Қарнақ, Сунақ, Тараз, Арсубаникет, Испиджаб, Отырар-Фараб (VIII ғ.) қалалары белгілі болды. Отырар қаласының бұрынғы аты Тарбан болған деген де пікір бар. Тарбан, Турарбанд және Отырар бәрі бір қаланың аты деген пікірлер ғалымдар ортасында ертеден орын алған.

Тараз қаласы жыл санауымыздың II ғасырынан белгілі болған. Оның айналасын Талас өзені бойында Ассы, Төменгі Барсхан, Хамукет, Жикіл, Адахкет, Дех-Нужикет, т.б. қалалар өмір сүрген. Бұл атаулардың барлығы да ерте орта ғасырда, яғни X ғасырларда қолданылған.
Араб географы әл-Идриси Қимақ хандарының он алты қаласы бар, Қарантия – қимақтың басты үлкен қаласы, Гаган деп аталатын үлкен көлдің жағасында деп жазылады. Одан әрі Дамурия, Сараус, Банжар, Дахсан, Ханауш, Астур, Гамаш өзені, Ертіс сияқты қала аттарын атайды. Орта ғасырда бұл аталған қалалардан басқа да толып жатқан топонимдердің болғаны даусыз.
Жалпы Сарыарқаның енсіз жазығын емін-еркін иемденген қазақ халқының қабырғалы елі XI-XIV ғасырларда Дешті Қыпшақ аталған cap далада табан аудармай тіршілік етіп, мыңдаған жер-су аттарын өз тілдерінен қойып отырған.
Жоғарыда Ұлы Жібек жолы бойындағы ортағасырлық қалалар мен тұрақтарға, өзендер мен көлдерге тоқталып өткенімізбен, Қазақстанның күллі оңтүстік аймағына қатысты ортағасырлық жер-су аттарын санамалап өту мүмкін емес.Тек ол кезге тән топонимдер деп мынандай жер-су аттарын көрсете аламыз: Алматы, Есік, Түрген, Татар, Алатау, Асы, Кеген, Кетпен, Шонжы, Шошанай, Бүғыты, Сөгеті, Күрметі, Саты, Меркі, Темірлік, Лабасы, Лепсі, Жаркент, Қорғас, Көктал, Қаратал, Бүйен, Быжы, Сарқан, Басқан, Алтынемел, Өсек Жабай (тау), Талас, Мойынқұм, Мерке, Аспара, Құлан, Қаратау, Шу, Аса, Баласағұн, Қорағаты, Қарақыстақ, Төгүскен, Кеңгір, Сарысу, Хантау, Қасық, Қордай, Ақбұлым, Ақасық, Бактауата, Жүнжүрек, Быжы, Шымкент, Сүнақата, Сығанақ, Созақ, Білеуті, Ұласты, Үйдене, Үрпек, Үстірт, Шабырлы, Шаға, Шар, Шағын т.б.
Қазақстан жеріндегі аса көне гидронимдердің бірі Каспий теңізінің атауы біздің дәуірімізден бұрынғы II ғасырда Орта және Солтүстік Кавказда Кас елі, мемлекет ретінде, ол осы дәуірде албандар басып алып, ассимиляциялаған халық аты ретінде кездескен (БСЭ, 20 т., 324бет). Көрнекті грек географы Страбон албандардың басып алған жерінде Каспиян мемлекетінің болғандығын және ол мемлекет пен теңіз қазіргі кезде жоқ болған каспи деген халық атының қойылғанын айтқан [5, 476].
Каспий теңізінің ең алғашқы атауларының бірі Гирхан болатын. Бұдан басқа да Албан, Хвалын, Гуржи, Гирхан, Оғуз, Хазар, Табарыстан, Дейлем, Дербент, Түрікмен, Маңғышлақ, Гулзум, Ақ, Көк, Гуз, Қыпшақ, Қара теңіз, Сарай, Хиуа тәрізді аттары хатталғаны тарихтан мәлім. Бұлардың көбісі, әрине, теңіз жағасында тұрған тайпалар мен қалалардың аттары. Әзірбайжан,

Түркіменстан, Иран классикалық әдебиеттерінде бұл теңіз Хазар деген атымен белгілі (хазар туркі халқының аты).
Араб-парсы жазбаларында да көнедегі қазақ жерінің жер-су
атаулары, ол жерлерді мекендейтін халықтардың әдет-ғұрпы туралы көптеген деректер келтірілген. Орта ғасырда (XII ғ.) өмір сүрген ежелгі түркі әлемінің ғұламасы Махмұд Қашғаридың әйгілі «Диван-лұғат ат-турк» атты еңбегінде де күні бүгінге дейін жеткен көне қала атаулары туралы бірсыпыра деректер ұшырасады (Сығанақ, Қарнақ, Оғызкент, Сауран, т.б.).
ХІХ ғ. дейін ежелгі қазақ жерінде әр тарихи кезеңдерде орын алған өзге мемлекеттер мен елдер тарапынан жасалып отырған басқыншылық саясаты төлтума топонимдік жүйенің ұлттық болмысына, тұтастығына айтарлықтай ықпал ете алмады. Ерте кездегі Араб халифатының орнатқан билігі топонимдік деңгейде кітаби діни ықпал арқасында еніп, кейбір топонимдік модельдердің компоненттері ретінде ирригациялық (суландыру), сәулеткерлік апеллятивтерде, агиотопонимдік жүйеде т.б. және жеке жер-су атаулары тұлғасы ретінде сақталып қалды. Алайда араб, парсы кірме атаулары мен компоненттері ұлттық топонимиконның жүйеқұраушы әлеуетті қабаты емес, фрагментарлы сипаттағы жеке элементтер арқылы ұлттық ономастикалық қордың көне субстраты ретінде танылады. Ол атаулар өзінің көнелігіне (байланысты лексемалық бейнесі сақталғанымен, семантикасы күңгірт болғандықтан төл ономастикамыздың табиғи кұрамдас бөлігі ретінде қабылданып, әбден кірігіп қалыптасып кеткен. Сондықтан араб, парсы тілдері компоненттерінің қатысуымен жасалған топонимдердің өзгелігі,
«бөтендігі» тілді тұтынушыларға айқын сезіле бермейді. Мәселен, Талғар, Шардара, Шарлақ, Леңгір, Астана, Шымкент.
Моңғол тілінен енген немесе моңғол тілі ықпалы арқылы жасалған жер-су атаулары қазіргі топонимдік кеңістігімізде сан жағынан едәуір қабат құрайды. Олар өзіндік лексикалық, орфографиялық ерекшеліктеріне қарай өзге ұлттық атауларымыздан окшауланыңқырап, «бөтендігі» семантикасының күңгірттігі арқылы да, фонетикалық графикалық, лексикалық тұрғыдан белгіленуі де өзге қазақи атаулардан байқалып тұрады, мысалы, Қапшағай, Боралдай, Ұранқай (Ораңғай), Шаңқанай, т.б.
Бұл тілдік фактілерден көріп отырғанымыздай, олар ұлттық топонимдік кеңістігіміздің отарлануы мен орыстануына дейін де, одан кейін де қазақ топонимиконының төлтумалығына, тұтастығына айтарлықтай ықпал еткен жоқ деуге болады. Қазақ тіліндегі атаулармен қатар араб-парсы, моңғол тектес топонимдер тілдік-адрестік, кумулятивтік қызметін молынан атқарып келеді.

Отаршылдық саясаттын ұлттық топонимиядағы кері әсері. Ұлттық топонимияның сан ғасырлық бірегейлігі, каймағы бұзылмаған тұрақтылығынын сыртқы күштер ықпалымен өзгеріске ұшырай бастауы XVIII-XIX ғасырлар аралығынан XX ғасырдың бас кезеңдеріне дейін орын алды. Осыған байланысты ұлттық топонимикадағы «ақтаңдақтар» проблемасы жөнінде академик Ә.Қайдар мен проф. Т.Жанұзақ: «…Қазақстан топырағындағы географиялық атаулардың «дертке» ұшырауының себеп- салдарын, таралу шеңберін айқындаған жөн», — дейді [5,149]. Ұлттық топонимдердің жаппай дертке ұшырау себебі, әрине, Ресей империясының жүргізген отарлау саясатына тікелей байланысты болғаны мәлім. Белгілі зерттеуші М.Мырзахметовтың көрсетуінше, Ресейді ұзақ жылдары билеген Романовтар әулетінің патшалығының ғасырлар бойы жүргізіп келген ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыт-бағдары, мақсаты – отарланып алынған елдерді шоқындыру арқылы өз дініне кіргізу, орыстандыру болатын. Осы мақсатты жүзеге асырудың ұрымтал буыны отарланған бұратана елдердің ғасырлар бойы қолданып келе жатқан жазу таңбаларын, яғни алфавитін өзгерту, оны кириллицаға ауыстыру саясаты тым ертеректен басталғанын көреміз. Өйткені ескі жазуын өзгерту арқылы кез келген халықтын тарихи жадын өшіріп, өткені мен тарихынан қол үздіру арқылы идеологиялық мәнгүртке айналдыру отаршыл өкімет атаулының негізгі мақсат-мүддесі, ортақ саясат билігі [6, 12].
Түрлі «игі» мақсаттарды жамылып, Ресей империясының «шалғай жатқан» Азия бөлігіндегі елдерді астыртын, біртіндеп отарлау мақсатымен көптеген әскери, ғылыми экспедициялар, миссионерлік топтар ежелгі қазақ жеріне бірінен соң бірі ағыла бастады. Өзге халықтарды отарландыру және соңынан орыстандыруды мақсат еткен саясат Ресейде ерте кезде 1731 жылы
«Новокрещенская контораның» кұрылуымен айқындала түскен. II Александр патша 1865 жылғы 5 шілдеде ресми құжат раскриптіге қол қойып, 1867 жылдан бастап, негізгі мақсаты қазақтарды орыстандыруға байланысты
«Жаңа низам» ережесі іске асыра бастады. Отарландырудың, орыстандырудың топонимия саласындағы түпкі нәтижесі «…Россияның ішкі губернияларынан Қазақстанға көшірілген жерсіз-күйсіз жүрген миллионнан астам орыстың мұжық шаруалары өздеріне тартып әперген ең шұрайлы (тау алқабы, шөбі шүйгін өзен-су бойы) 47 миллион гектар қазақ жерін ғана иеленіп қойған жоқ, ол жерлерге өз елінің хутор, деревня, поместье, т.б) атауларын ала келген еді. Ол атаулар ертеден келе жатқан жергілікті атауларды ығыстырып барып, зорлықпен «қалыптасты» [6, 149].
Шынында да, XIX ғасырда Қазақстан жеріндегі отарлау саясатының кұлашын жая, бастырмалата жүргізіле бастады: көптеген әскери, ғылыми

экспедициялар үсті-үстіне ағылып келді, жер-жерлерде картографиялық, топографиялық-әскери рекогносцировка жүргізілді, жер қойнауы жүйелі түрде барлау мақсатымен зерттелді. Мәселен, Т.С. Бурнашев пен А.С. Безносиков өздерінің дипломатиялық жазбаларында Оңтүстік Қазақстан жері туралы деректер келтіріп, Бетпақдала шөлінің географиялық аймағын анықтап, алғаш рет Шу өзені мен Мойынқұм шөлін сипаттап, картаға түсірген. Екінші жағынан, Қазақстан территориясын географиялық, тарихи, этнографиялық тұрғыдан зерттеп, оның табиғи ресурстарын айқындап, алғаш рет сипаттаған орыс зиялы қауым өкілдері, белгілі ғалымдар П.П. Семенов Тянь Шанский, Н.А. Северцов, В.В. Радлов, И.В. Мушкетов, А.И. Макшеев және т.б. артында күні бүгінге дейін маңызын жоғалтпаған іргелі еңбектер қалдырды.
Отарлау үдерісінің күшейе түсуін П.А. Скрыплевтің «Материалы по обследованию переселенческого хозяйства в Туркестанском крае» (1909) атты монографиясындағы, мәселен, Ресейдегі 1861 жылғы Столыпинның сәтсіз реформасынан кейін кедейшілікке ұшыраған шаруа, қарапайым орыс, украин мұжықтары тек Оңтүстік Қазақстанның өзіне қысқа мерзім ішінде 18 губерниясынан бүкіл хутор, деревня болып көтеріліп көшіп келу фактісінен айқын көріп-білуге болады. Бір жағынан, переселендер өз еркімен көшіп келсе, екінші жағынан, Түркістан жерінде әскери борышын өтеп жүрген солдаттар туыстарын шақыртып, көшіріп алған. Сөйтіп, келімсек шаруалар жер таңдауға көшіп, қазақтардың ең шұрайлы, сулы, нулы, бетегелі жерлеріне қоныс теуіп, иемдене бастады. «Түркістан уалаятында қазақ ішінде орнығып жаңадан қала салып отырған карашекпендер көбейді. Жақсы жерлер карашекпенге кетті, қазаққа шөл, қыр дала қалды. Ойлап тұрсақ, қазаққа обал болды. Амал жоқ, қазақтың жеріне тиме дегенмен, жердің алынғаны алынған… Қазақ байғұс жері кеткен соң қалайша күн көреді, тамақ асырауға һәм былайғы елден қалыспай ретке кірмекке керек» [7, 94]. Өз кезегінде бұл қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан, үйлесімді қызмет етіп келген дәстүрлі әлеуметтік-кұрылымдық, территориялық бірегейлігін бұзып, күйзеліске ұшыратты.
Жаңа жүйе бойынша ру-тайпалардың атадан балаға мұраға қалдырып, меншік еткен жерлерінің енді шекарасы жаңадан белгіленіп, жаңа әкімшілік- территориялық бөлініс ережелері орнады, ауыл, қыстақтары уез, болыс құрамына енгізілді. Сөйтіп қазақтың ауыл, жайлау, қоныстары ұлттық тілде айшықталған атауларынан айырылып, нөмірлене бастады.
Бұрынғы округтар орнына құрылған уездерді енді тек патшалық өкілдер, ояздар басқарды. Соған байланысты аға сұлтандык жойылып, ел билігі ояздарға көшті. Жаңадан тағайындалған ояздар бұрынғы округке

қатысты болыстарды қайтадан бөліске салды. Онда ежелгі рулық бөлініс ескерілмей, бір руға жататын ағайын қоныстары бірнеше болысқа бөлініп кете берді. Мәселен, каракесек руынан тарайтын бұрынғы бір болыс ел камбарларды Абыралы, Темірші болыстарына; жалықпастарды Бөрілі, Дегелең, Жалаулы болыстарына; шаншарларды Қу, Ақбота болыстарына; байбөріні Абыралы, Дегелең болыстарына ажыратып, бөліп тастады. 1875 жылдардан бастап әр болыстың мекен-жайы қағазға хатталып, көрші болыстармен шекара межесі анықталды. Яғни ежелгі рулық негіздегі көші- қон жолдары, өрістері жабылды [8,21].
Ежелгі қазақ қоныстарының ата-бабадан келе жатқан, халықтың рухани, мәдени болмысына сай жасалған табиғи номинация туындысы – атақоныс, атажұрт атауы келмеске кетіп, санадан өшіріліп, жансыз «мылқау, саңырау» нөмірлерге ауыстырылды. Бұл отарлау саясатының қазақ даласына әкелген үлкен рухани зұлматының бірі болатын. Ғалым А.Жартыбаев өзінің диссертациялық жұмысында 1887 жылы Қарқаралы уезіндегі 20 болыс нөмірлі ауылға бөлініп, әр ауылда 100-ден 200-ге тарта отбасы, шаңырақ болғандығын көрсетеді. Қарқаралы уезінің 20 болысының ішінен төрт болысты бөліп алып, кесте түрінде нөмірленген ауылдардың тізімін түгел келтірген [8].
Дәстүрлі өрісінен, жайлауынан, атақоныстарынан айырылған қазақтың кеңістік пен уақыттық қонтинуумда өзін-өзі үйлесімді реттеп отырған әлеуметтік құрылымдық институттары күйреп, халықтың өзі үлкен рухани дағдарыс пен күйзелісті басынан кешті. Бұл ұлттық санаға түскен үлкен қаяудың, «дерттің» басы еді. Яғни отарлаудың «қатты соққысын» бірінші көтерген төлтума топонимдік жүйе болды, өз кезегінде бұл ұлттық санаға, ұлттық бірегейлікке ойсырата тиген соққы еді. Сөйтіп ғасырлар бойы қаймағы бұзылмай келе жатқан ұлттық топонимдік жүйеміздің тұтастығын ыдыратуға Ресей патшалығының «қосқан үлесін» ұлттық сананың қалыптасуына, эволюциялық дамуына жасаған кері ықпалы ретінде бағалаймыз.
Отаршылдықпен байланысты келген атаулар негізінен елді мекен атаулары – ойконимиялық жүйеде орын алды. Ал ірі физика-географиялық нысаналар: тау, өзен, көл атаулары өзгеріссіз қалды деуге болады. Дегенмен, Солтүстік Қазақстан облысы жеріндегі 4 мыңға жуық көлдің едәуір бөлігі (жартысына жақыны) әлі күнге дейін орыс тіліндегі атауларға ие.
Тарихқа әрі қарай тереңдей бермей, отаршылдық мазмұндағы атаулардың сипатына келетін болсақ, оларды бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады:

1. Романовтар әулеті мүшелерінің, князь, ханзада, ханшайым есімдерінен қойылған атаулар: Петропавловск, Софиевка, Верный, Александрова, Павлодар, т.б.;
2. Ресей империясына қызмет еткен, отарлау саясатын жүзеге асыруға атсалысқан орыс генералдары, генерал-губернаторы фамилияларынан қойылған атаулар: Қолпаковский, Черняев, Ванновский, Перовский, т.б.;
3. Қазақ жеріне көшіп келген қоныстанушы орыс мұжықтары мен атамандарының фамилия, есімдерінен қойылған ойконимдер: Корниловка, Андреевка, Алексеевка, Самсоновка, Қостаниновка, т.б.;
4. Бұрынғы Ресей жеріндегі өз қоныстарының атын қою, олардың
алдына ново-, велико- сөзін қосып не қоспай ат қою да етек алды. Бұларды келтірінді атаулар «миграционные топонимы» дейміз: Новониколаевск, Рязановка, Полтавка, Новомосковское, Самарское, Донецкое, Ростовское, Черниговка, Архангельское, т.б.;
5. Қазақ атауларын тікелей калькалау арқылы атау жасау да басым болды: Ақсу – Белые Воды, Беловодск, Қарасу – Черноводск, Көкшетау – Синегоръе, Шортанды – Щучье, Шөтпікөл – Сенокосное, Бесмола – Пятигорское, Ақжар – Белоярск, т.б.;
6. Қазақ тіліндегі атауларға -во, -ское, -ое, -ая, -ий т.б. орыс
аффикстерін жалғау арқылы орысшалау үрдісі де орын алды: Олар:
Нурбаевск, Бекетайский, Ерментауский, т.б.
7. Христиан дінің уағыздайтын діни мейрамдар, әулиелер
атауларынан қойылған ойконимдер: Вознесеновка, Покровск, Троицкое, Новотроицкое, Воскресенское, Рождественское, Крестовское, Преображенское, Благовещенка, Богородское, т.б.;
8. Қоныстанған орыс селениелерінің табиғи ерекшелігіне қарай
орысша номинациялау: Березовка, Малиновка, Крутоярск, Многоводное, Тихогорское, Раздольное, Верхнеишимское, Приреченск, т.б.
Байқап отырсақ, орыс тілінің ықпалы ұлттың тілдік, топонимдік санасында тек тілдік деңгейлерінде (фонетикалық, орфографиялық, лексикалық, сөзжасамдық, морфологиялық, синтаксистік) ғана емес, мәдени, рухани, идеологиялық деңгейлерде де көрініс тапқан. Өзге мәдениеттің кұндылықтары мен стереотиптері зорлықпен танылып, қазақтың ұлттық санасына күштеп ендірілген. Сөйтіп, ғасырлар бойы қалыптасқан топонимдік таным-білімдердің табиғи жүйесі бұзылып, дәстүрлі даму тоқырауға ұшырады, ұлттық танымның ойранын шығарды. Христиан дініне қатысты атаулардың қалыптасуы, шоқындыру, орыстандыру әрекеттері

рухсыздандыруға, менталитетті ұлтсыздандыруға бағытталғаны, яғни Ресей империясының отарлау саясаты қайткенде де ұлттық болмысты жойып, оның тамырына балта шабу мақсатын көздегендігі тарихи факті.
Е.Керімбаев отаршылдық мазмұндағы топонимдер жөнінде былай ой өрбітеді: «Характерной особенностью колониальной топонимии являлось то, что на территории қолоний появлялись географические названия в результате официальных переименований, исходящих от государственно-правовых институтов и потому несущих в себе печать официальной идеологии и политики правящих классов. Государство на основе волюнтаристских актов
«высочайших повелений, указов» стремилось «обновить» национальную народную топонимию, нарушить сложившуюся в течение тысячелетий картину жизни и истории аборигенного населения, каковым в сущности является национальная топонимия» [9,38]. Бұл атаулар Ресейден жер аударған орыс мұжықтарының фамилияларынан, есімдерінен қойылған ойконимдер Қазақстан картасында 100 жылдай өмір сүрді десе болады. Себебі, КСРО аумағында қайта құру кезеңі басталып кеткенімен, Кеңес Одағы республикаларының топонимиялық жүйесіндегі жаппай өзгертулер енді басталғалы тұрған сәтте, отаршыл мазмұндағы ойконимдер ұлттық топонимдік кеңістігінің айтарлықтай бөлігін құрап, елді мекен, сельсовет, ауылсовет атауларының орыс фамилия, есімдерінен жасалғандары басым көпшілік бөлігі екендігі сырт көзге бірден көрініп тұрды [10].
Қазақстан территориясында көрсетілген кезеңде шашырап жүрген кейбір антропоойконимдердің жиілігі цифрлар тілімен сөйлетсек, мәселен, Александровка – 14 рет, Антоновка – 8 рет, Ивановка – 15 рет, Успенка– 13 рет және т.с.с., ал ново-, новый- сын есімдерімен келетін елді мекен атаулары 1989 жылы жағдай бойынша еліміздің топонимдік кеңістігінде 188 рет қайталанушы еді.
Дегенмен, ұлттық топонимиядағы Қазан төңкерісі кезеңі келіп жеткенге дейін ескі карта мәліметтері бойынша Қазақстан картасының басым көпшілігін ұлттық негіздегі жер-су атаулары құрайтынын көруге болады. Орыс тілінен енген топонимдер сан жағынан қазақ тілі негізінде жасалған жер-су атауларынан әлдеқайда аз болып, сол топонимдік кеңістіктің ұлттық бет-бейнесін түпкілікті өзгерте алған жоқ . Себебі, орыс тілді топонимдер бір уезд аумағында жүздеп саналса, негізінен микротопонимдік сипаттағы ұлттық негіздегі топонимдер мыңдап саналатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *