Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
4-бөлім
Астана – мәдениет пен өнер ордасы Мектеп: М.Өтемісов орта мектебі
Сабақ: 2
Пәні: 07.11.2018 ж Мұғалімнің аты-жөні: Сарбалина Г.М
Сынып: 6 «б» Қатысқандар: 21 Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы Астана қаласына саяхат
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) Т/А 6.1.2.1 – әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (хабарландыру, жаңалық) көтерілген мәселені талдау;
О 6.2.6.1 – оқылым стратегияларын қолдану, комментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу.
Сабақтың мақсаты
— Неологизмдерді анықтайды;
— Әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (хабарландыру, жаңалық) көтерілген мәселені талдау
— Мәтінмен жұмыс жасайды;
— Пікір алмасады, өз ойларымен бөліседі.
Тілдік мақсаттар
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Неологизм, шет тілінен енген неологизмдер, күрделі сөз арқылы жасалған неологизмдер, жұрнақ арқылы жасалған неологизмдер, Ақылды үй, электр жүйесі, кондиционер,
желдеткіш
Ойлау дағдылары
Білу және түсіну
Қолдану
Бағалау критерийі
— Диалог, монологтердегі (хабарландыру, жаңалық) көтерілген мәселені талдайды;
— Неологизмдердің қолданыс аясын түсінеді, сөздердің мағынасын ажырата біледі.
Құндылықтарға баулу «Мәңгілік ел» жалпыұлттық құндылықтар идеясы негізінде оқушыларды қоршаған ортаны қорғай білуге, ынтымақтастыққа, ашық пікір айтуға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Мәтін үзінділері бойынша болжам жасауда әдебиет пәнімен, кестелермен жұмыс жасауда бейнелеу өнері пәнімен, сабақ барысында табиғаттың ерекшеліктеріне байланысты жаратылыстану пәнімен, қоршаған ортаны қорғау, өзін құрметтеу мақсатында өзін-өзі тану пәнімен байланысады
Тақырып бойынша алдыңғы білім Астана қаласына саяхат
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарлан-ған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы
5 минут
Психологиялық ахуал қалыптастыру « Көрші» тренингі
Көршіңді оң жақтан құшақта,
Көршіңді сол жақтан құшақта.
Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,
Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,
Рахмет. Енді, балалар, осы шаттық шеңберде тұрған бойда мына суреттердің қимасы арқылы топтарға бөлінеміз. Алған суреттеріне байланысты «Бәйтерек», «Ақорда», «Ханшатыр» топтарына отырыңыздар.
Суреттердің қимасымен 3 топка бөлінеді.
Үй тапсырмасын еске түсіру.
1.Астана–Қазақстанның қандай қаласы?
2.Ол қай өзеннің жағасында орналасқан?
3.Астанада қандай ғимараттар бар?
4.Парламент үйінің алдында кімдерге арналған ескерткіштер бар?
5.Астана қаласында қанша ұлт өкілдері тұрады?
6. Астана болашағы қандай қала?
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Презентация
Суреттер
Сабақтың ортасы
30 минут С
Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше, ол — саяхат сабағы. Елордамызға саяхатқа шығамыз.
— Сабағымыз саяхат сабақ болғандықтан, біз сендермен аялдамаларға тоқтап, түрлі тапсырмалар орындаймыз. Топ басшылары топ мүшелерін бақылап олардың жұмысын бағалайды. Ол көмекшілер алдарындағы бағалау парағына өз қатарларындағы оқушылардың жауаптарын бағалап отырады
1 — аялдама. «Бәйтерек» монументі. Осы тұста «Бәйтерек» туралы бейнетаспа көрсетіледі.
1-тапсырма. Берілген мәтіндегі сөздерге жалғауларды жалғап олардың түрін анықтау.
Астана жер бетіндегі Еуразия құрлығын…орналасқан. Ол– Еуразия мен Азия… жалғастырушы алтын көпір. Мұнда көптеген ғимарат…., саябақ…. бар. Астана…. жанында Қорғалжын қорығы орналасқан. Астана қысқа уақыт… ішінде гүлденген, дамып жатқан қала болды. Келешекте Астана қаласы шет мемлекеттер… туристер қабылдайтын үлкен қала орталығына айналады. Осы мақсат.. үлкен мәдениет орталықтары және де, медициналық және музыкалық академиясы, Еуразия университеті, көптеген мектеп…, лицей…., гимназия ашылуда.
2-аялдама «Думан «ойын сауық орталығы
Бейне таспа көрсете отыра оқушыларға тапсырма беріледі.
Ойын-сауық орталығында балалар не істейді ?
Бойларын сергітеді, демалады. Енді, бізде, балалар, сергіп қалайық.
Сергіту сәті.
8-тапсырма. Мәтіннен неологизмдерді анықтап, дәптеріңе көшіріп жазыңдар.
Сөздікпен жұмыс. Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.
Ақылды үй — умный дом — digital home
Электр жүйесі — Электрическая система — Electrical system
Кондиционер — Кондиционер воздуха — Air conditioner
Желдеткіш – Вентилятор — The fan
3-аялдама «Ханшатыр» сауда-саттық орталығы.
9-тапсырма. «Ақылды үй» өз қалаңда немесе ауылыңда болуы үшін өзің қандай үлес қосар едің? Мәтіндегі неологизмдерді қолданып, диалог құрыңдар.
4-аялдама «Ақорда»
10-тапсырма. Әр торға «Астана» сөзінің беретін мағынасын толтыр.
Презентация
https://www.youtube.com/watch?v=11KGsZrxH1o
Қазақ тілі оқулығы
6-сынып
«Атамұра» баспасы
2018 ж
Авторлары: Б.А.Әрінова, Г.М.Раева,
Г.С.Кәрімова,
Л.К.Жұмекенова
Музыка ырғағымен орындалатын сергіту сәті
https://www.youtube.com/watch?v=TZdDf1hXnak
Презентация
Қазақ тілі оқулығы
6-сынып
«Атамұра» баспасы
63-бет
Сабақтың соңы
5 минут Үйге тапсырма
11-тапсырма
12-тапсырма
Рефлексия
Мен қандай маңызды ақпарат алдым? Мені не нәрсе таңғалдырды? Қорытынды түйген ойым немесе болашаққа жоспарым.
Карточкалар
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
Жаттығу орындау барысында қолдануда оқушыларға қолдау көрсетіп, бағыт беру арқылы жүзеге асырамын. Сабақ барысында оқушылардың сабақ кезінде нені үйренгендерін бағалау үшін әдіс-тәсілдері қолданылады. Оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін әр оқушының дәптеріне бүгінгі жасаған жұмысы бойынша смайлик салып, не нәрсеге көңіл аудару керек екенін жазамын. Денсаулық және техника қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, сабағымды АКТ-мен байланыстырамын. Бейнелеу өнері, әдебиет пәндерімен байланыс жасаймын, интербелсенді тақта арқылы суреттер, слайдтар көрсетіледі.
Сабақ бойынша рефлекция
Қорытынды бағалау
Сабақта сізге не маңызды болды?
Қандай тапсырма қиындық келтірді?
Сабақтың бұданда жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)