Ұлттық ерекшелікті сақтай отырып, ата-баба дəстүрінен рухани құндылықтарды баянды етуде ұлттық рухты дəріптеу шарт. Бұл жерде ұлттық құндылықты айқындаушы фактор ретінде əрі оның өзектілігін айқындауда халқымыздың тыныс-тіршілігінің көзі ұлттық таным алыс замандар қойнауынан қайта жаңғыруда. Бұл өз кезегінде халқымыздың ұлттық негізінен бастау алатын басты факторлардың бірі екендігін əйгілей түседі.
Халқымыздың жүріп өткен күрделі де көпқырлы тарихын айқындайтын, қадір-қасиетін танытатын, сайып келгенде оның рухының өміршеңдігін негіздейтін – бұл ұлттық сана. Ел тарихында ұлттық болмысқа жəне санаға бағытталған құндылықтарды айқындау мен оларды сараптау — осы құндылықтардың көпшілікті шоғырландыра, рухтандыра, біріктіре алатындай күші мен əсер етуін жүзеге асыратын ұрпақтар сабақтастығының ықпалды да белсенді ролі қазіргі таңда биіктен көрінуде. Бұл еліміздің сан ғасырлық тарихына, ұлтымыздың ұлы перзенттеріне, олардың асыл мұратына,
ата-жұртымызға арналған мəңгілік ескерткіші іспеттес. Шын мəнінде, бүгінде мағынасы терең осынау тарихи мұралардың мəн-мазмұнының тереңінен ашылуы тарихи əділдіктің салтанат құруын айғақтайды. Халқымыздың рухани мұралары ұрпақтар байланысын жəне уақыт үндестігін білдіреді. Бұл — ата-бабамыздың рухына тағзым етіп, жас ұрпақты ізгілікке, отан-сүйгіштікке бағыттайтын бағыт-бағдар. Міне, сондықтан да қазіргі өркениет «жедел» алға басқан сайын келер ұрпақ үшін оның маңызы зор демекпіз.
Елбасымыз Н.Ə. Назарбаевтың: «Қазақтың сана-сезімі өткендегі, қазіргі жəне болашақтағы – тарих толқынында өзінің ұлттық «Мен» дегізерлік қасиетін түсінуге тұңғыш рет енді ғана мүмкіндік алып отыр. Бірақ бұл мүмкіндік қана: ол шындыққа, қазақтардың ғана емес, барлық қазақстандықтардың жаппай санасына орныққан фактіге айналуы қажет» [1], — деп атап өтуінде өмір ақиқаты бар екендігі байқалады.
Ұлттық тарих қойнауынан бастау алатын күнделікті өмір тынысы ата-баба жəне олардан қалған рухани мұраларға деген жауапкершілік арасындағы үзілмес байланыс өз маңызын жоймақ емес. Сондықтан да ұлт тарихымен байланысты ұлттық рухтың тұлғалық көріністерінде «үнемі дəстүрлілік үрдісі сабақтасады. Дəстүрлілік үрдісі ұлттық санада орнығады, ал ұлттық сана өзінің толық көрінісін ұлттық мəдениетте табады». Кез келген халықтардың мəдени орталарында олардың өзіндік «ұмтылыстары мен мақсаттары жүзеге асырылады. Мəдениеттің деңгейлері мен типтерінде ұлттық өзіндік сананың құндылықтары мен қасиеттері өлшенеді. Ұлттық мəдениет дəстүрлері, ұлттың еңбекке икемділігінен, қауымдастықтардың əдептері мен əдеттерінен, бірлесе өмір сүруінен, ата-баба рухына табынудан, бейіттерді, ескерткіштерді қастерлеуінен, ата-ана мен бала қарым-қатынасынан, жақсыға ұмтылуынан, бақыт пен əділеттілік үшін күресінен туындайды. Ұлттық мəдениет мəселесі күрделі əрі көп астарлы. Ұлттық мəдениет ұлтқа тəн моральдық құндылықтарды, ұлттың рухани тəжірибесін жеткізуші фактор. Яғни, ұлттық мəдениет — ұлттық сана-сезім өзегі» [2].
Адамзат баласының бойына бітетін небір қасиеттер ең алдымен жеке тұлға — адам арқылы, соның рухани қасиеті, ішкі жан-дүниесі арқылы оның мəдениет деңгейін көрсетеді. Демек, адам мен мəдениет өзара тығыз байланыста дамып, жетіледі. Əркез мəдениет адамның рухани болмысы ретінде көрінетіндіктен, адам өз кезегінде мəдениеттің қайнар көзі іспеттес. Мəдениет адамзат баласының рухани қалыптасу, жетілу тарихы негізінде оларды өзара бір-бірінен ажырата қарастыруға болмайды. Жеке адамның даралығы, тұлғалығы оның бойына біткен қабілетіне байланысты анықталады. Адамның рухани болмысы, яғни мəдениетінің жетілуі адам өмірінің мəні болып табылады.
Мəдениет ол адам баласының жан дүниесінің тұңғиық түбінде жатқан болмыстық қасиетінің бастамасы ретінде танылады. Демек, адамның адамшылығын, азаматтығын, болмыстығын оның рухани шығармашылығынан, іс-əрекетінен, бір сөзбен айтқанда, мəдениетінен көреміз. Яғни адам болмысын оның мəдениеттілігінен, шығармашылық мүмкіндіктерінен, өнерінен, т.б. ерекше қабілеттерінен танып-білуге болады.
Ендеше, ерен қасиеттер бойына дарыған, рухани болмысының жоғары дəрежеде жетілуі – дара тұлғалардың мəдениеттілігінің айғағы.
Міне, дана тұлғалардың асқақ адамгершілік қасиеттерін, рухани болмыстары арқылы олардың мəдениетін көреміз. Яғни бұл ең алдымен өз басы өте жоғары дəрежелі мəдениет иелері болғандықтарын айғақтайды. Ой-өрісінің кендігі, рухани келбеті, жалпы өмірі терең адамгершілік мазмұнға ие, даналық мұрасы тəрбиелік мəні жағынан баға жетпес құнды дүние болып табылады. Бүгінде адамгершілікке, мəдениеттілікке, рухани өмірге қарай талпындыратын даналар шығармашылығы, даналық құндылықтар біздің болмыстық негізімізді жоғалтпауымызға ұмтылдырушы негізі құбылыс.
Жалпы дара тұлғалардың философиялық көзқарастарының қалыптасуына негіз болған, əсерін тигізген, яғни ұлылықтарына арқау, даналықтарына бастау болған, бұл — бабалар мұрасы. Ұлтты ұлт, халықты халық ететін, оның ежелгі əдеби-мəдени мұрасы екені баршаға аян. Ес жоқ ерте кезден жасап келе жатқан ауыз əдебиетінің негізі дүниетанымға айналған мəдениетте өз жетістігі бар.
Тарихтың керуен көшінде «сабақтастық» деген ұғым бар. Ғасырлар бойы ауызша тарап, рухани тұтас бір игілік дəстүрін жалғастырып келген, адамзат ұрпағының сонау ежелгі тіршілік болмысымен тікелей сабақтас түйсіну ерекшелігі қайнар бастау ретінде жұртшылық игілігіне айналдырылған. Ғасырдан ғасырға жалғасқан адамзаттық керемет қадір-қасиетке ие болған өшпес даналық үлгілерінің үрдісті даму жолында өткен кезеңдер игілігі ешқашан да ескерусіз қалмаған.
Халқының мың жылдық даналығын бойына сіңірген ұрпақтар жалғастығының рухани дəнекер ретіндегі ролі зор. Туған халқының басқа елдерді зерде мен зейін, қабілеттілігі арқасында таңқалдырып қана қоймай, еркін елде, азат қонысты өз тарихының жаңа бір кезеңіне бой сермеп, елінің бақытты болашағына сенген еді. Ұлт мүддесіне қатысты зерделі, саналы ой-пікірлерді ортаға салған ұлттың ұлағатты тұлғаларының іс-əрекеті, қызметі ұлттық танымға, рухани өмірге кең өріс əкелді. Халқымыздың азаматтық тарихы жаңаша байыпталған уақытта, ежелгі дəуірден күні бүгінге дейінгі кезең ұлттық мұрат тұрғысынан зерделеніп, кең құлашты зерттеулерді қолға алғызды.
Бірлігінен айрылмаған, ұлттық санасынан арылмаған елдің рухани тізгіні ендігі жерде көркем сөз билігіне көшкен еді. Ежелгі мұра ұлттың тұтастығын сақтауда оның рухына жол беріп, болашаққа бой сермеген, айрықша қуатты құбылыс ретінде өміршеңдігімен елдің көкірек көзін ашты. Ұлттық рухтың ауыр салмағы осы қайраткерлерге түскен еді. Өткен тарихтың руханият арналарын қайта көтеруде көне мұралардың деректану көзі ретінде мəн атқаратындығы айдан анық. Себебі бұл руханияттар ата-бабаларымыздың қайратын, ерлігін, ұлттық рухымызды дəріптейтін танымдық тағылымдары болды. Қайраткерлердің тұлғалық қадір-қасиеттерін танытатын олардың көркемдік үлгі-өрнектер дəстүрі, қоғамдық ой-пікірлері, философиялық көзқарастары – барлығы да өз заманының тілек-талаптарына сəйкес қалыптасқан. Тек сөзімен ғана емес, адамдар мұраты үшін тындырған ісіне қарасаңыз да дана тұлғасымен дараланып тұрады.
Даналық болмыс адамның өткен-кеткен өмірінің мəнісін, баянды болашақ жайлы мəңгілік ұғымдармен өзектес ой-толғаныстары, тұжырымдары арқылы əрбір дана тұлғаның шығармашылығында өз өрісін аша түскен. Туған жердің топырағын, күллі тіршілік-тынысын сезіну ғана, адам баласының өмірінің мəн-мағынасын танып-түйсіну ғана дара тұлғаны даналықтың шырқау шыңына көтереді. Олардың көтерген мəселелерінің əрбір ой-қорытындыларында көрегендік, философиялық, терең астарлы ой салмағы жатады. Демек, олардың шын мəніндегі дүниетанушылық сыры да осыдан аңғарылады. Дара тұлға бір қалыптан шыққандай өз тегі, өз заманының ортақ ұлы ғана емес, ол қайталанбас дарынды дара тұлғасымен, ой жəне тіл шеберлігімен, ерекше қатынас көзқарасына өзі жасаған төлтумаларында өз қолтаңбасын, өз ой нақышын қалдыра алатын адамдар ғана танылады.
Ұлы тұлғалар — адамдар, əр уақытта мемлекет пен мемлекетті, ел мен елді, жалпы бір өркениет пен екінші бір өркениетті өзара байланыстырушы дəнекері. Ұлы адам деген сөздің өзі адам баласының тіршілгінде, санасында айқындалған, ұғымы жағынан кең көлемді еншілейтін түсінік екені бəрімізге белгілі.
Адамзат баласына тəн абзал қасиеттердің бəрінің де бастауы рухани мұраларға негізделеді. Кез келген жағдайды жан-тəнімен сезінетін иманды, мінезді қазақтың мəңгілік асыл рухы оның ұлт, мемлекет ретінде сақталып қалуының кепілі болды.
Мұның бəрі əр заманда қалыптасқан философиялық, қоғамдық, саяси жəне əлеуметтік көзқарастардың мəн-мазмұнымен өз көріністерін айқындаған. Адамдық, азаматтық қасиеттердің болмыс-бітімі де осы ата-бабалар дəстүрінен жалғастық тапқан. Бүгінгі жас толқын, жаңа буын өкілдеріне іскерлік, дарындылықты ғана емес, сонымен қатар ұлтын сүйетін, болашақта халқына тұлға болуға лайық күш-қуат беретін ұлтымыздың рухы осылайша барлық жерде ұлттық өрісін кеңінен жайған еді. Рухани ізденіс əрі тарихи байланыс арқылы халқымыздың ғасырлар бойғы қалыптасқан тарихи тамырын танимыз. Əрине, танымдық ұғымы тың, ой-таным деңгейі биік тұлғалар əрқашанда озық ойшылдық қалпын танытады.
Логикалық таным жүйесі өмір тəжірибесінен қорытқан өзіндік ой түйіндеу ерекшелігі өрісінен көрінеді. Сонымен бірге ойдың логикалық дара мəнділік сипатын ой-толғамдық үлгілердегі диалектикалық толассыз тіршілік мазмұнынан тани аламыз. Адамзаттың рухани дүниесін жетілдіруде тарихи тағылым сабақтары, дала ақылмандарының өнегелік өрістері өзіндік роль атқарады.
Тарих тағылымын бүгінгі көзқарастар шеңберіне салсақ, данышпан қайраткерлер тағдыры ойлана білген жас ұрпақ үшін аса күрделі дүниетаным негіздері жатқандығы айғақ. Осы дəстүрлерден бастау алған, кейін кең арнаға түсіп дамыған алдыңғы қатарлы идеялар, халықтың азаттығын биікке көтерген, еркіндікті тəуелсіздік тұғыры еткен жарқын көріністер — халықтың түпкі түбегейлі арман-мүдделерін терең түсінуден туғаны анық.
Кез келген ұлттың философиялық ойының өмір сүру формаларын, оның философиялық ойының тарихи кезеңдерінен көре аламыз. Қазақ халқының даналық ойының дамуы біртұтас қалыпта көрініс береді. Себебі қазақ халқында философиялық ой шешендік сөздер, нақыл сөз, мақал-мəтел, аңыз- əңгімелер, поэзия арқылы беріледі. Көркем сөз зергерлері өмір құбылыстарын, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды дүниетанымы негізінде халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан əдет-ғұрып, рухани өмірімен, арман-мүддесімен таныстыра білген. Бұлардың дені қоғамға, дүниеге, табиғат құбылыстарына, адам өміріне белгілі бір маңызды оқиғаға немесе өз басына деген көзқарасын білдіретін философиялық ой-толғаныстар, даналық ой тұжырымдар болып келеді.
Енді бір арнасы адам баласының бойында болатын небір асыл қасиеттер туралы ақыл-ой даналығы ұлы мұрат, ізгі мақсаттармен сабақтасып жатыр. Адам баласының рухани игілігіне айналған тау суындай тасқындаған сөз өнері мен арқалы поэзия сонау ерте дүние тарихынан бастау алып, халық даналығының өзіндік дүниетанымының қазына-қайнарына айналған еді. Халық даналығы ұлттық болмыс пен бабалар дəстүрін ұрпақтан ұрпаққа жалғастырған рухани мұраларды өмірге əкелді. Ал өз кезегінде кез келген халықтың ерте уақыттан бергі қалыптасқан өмір салты, рухани мұралары — сол халықтың бастан өткерген ғұмыр жолының айғағы. Тек оны тани білер көз, түсіне білер көкірек керек. Мұның барлығы тарих қойнауында жатыр. Тарих тағылымы, тарих сабақтары деген осы. Міне, осы мəдени-рухани мұраның бүгінмен жалғасқан сабақтастығын зерделеу философия жəне оның тарихы, тарих, əдебиет жəне т.б. ғылымдардың үлесінде.
«Тарих өткен өмірді əңгіме еткенімен бүгінге жəне болашаққа қызмет етеді». Халық жадында сақталған асыл қазыналар, жасырын сырлар енді-енді ел игілігіне айналуда. Халқымыздың тарихы, түптеп келгенде, ел болу жолындағы күресінің тарихы. «…Қазақ тарих сынынан өткен халық… Қазақ елінің шалқайса тарих шыңы бар, еңкейсе иен елі бар. Қиянға шықса қасқая қарап тұрар сайын қыран ері бар, ұлан-байтақ қойны қазына жері бар» деп М.Қозыбаев айтқандай [3], XVII–XVIII ғасырларда өмір сүріп, ел тізгінін қолға алып, ұрпағына алымды да шалымды да сөз үлгісінің үрдісін салып берген, даналықтың, дарындылықтың ұранына айналған атақты үш биіміз — Төле, Қазыбек, Əйтекелер осындай тұлғалар еді. Бұл уақыт Қазақ хандығының түгелдей қалыптасып бекуімен қатар, сыртқы жаулардың жойқын шабуылдарының да мейлінше асқынып, тағдырының сынға түскен ауыр кезеңдерінде халқының рухын көтеріп, күш беруде ту ұстаған көсемге, сөз ұстаған шешеннің бағыт беріп, бағдар көрсетіп, тіл өнерінің ерекше мəнге ие болған кезеңі еді. Əр адам алдымен өзі ғұмыр кешіп жатқан уақытының жұрағаты демекші, дала данышпандары осы кезеңде мемлекет қайраткері деп орынды бағаланған еді.
Дүниені түйсіне білу қатынасы қашан да уақыт, дəуір тынысы арқылы айқындалады. Табиғаттағы əр қилы əлеуметтік мəселелерде жеке тұлға заман талабынан ешқашан бейтарап қала алмайды, олардың шығармаларынан əрқашан да əлеуметтік, философиялық дəуір сарынын көреміз. Себебі адам əрқашан да бірегей заңдылық бойынша дамиды. Бұл орайда айтпағымыз, аумалы-төкпелі күрделі де қилы заманда ғұмыр кешкен, рухани таза болмысымен, даналығымен батырлық, шешендік өнердің шыңына көтерілген ақыл-ой алыптары жер тағдыры, ел тағдыры үшін жасаған қызметтері, сіңірген еңбектері. Осындай ата-бабаларымыздың өнегесін жалғастырушы тарихи-мəдени ұрпақтар сабақтастығы, сайып келгенде, біздің ұлттық мəдениетіміздің, баянды болашағын айқындауға барынша себін тигізері анық. Себебі əр халықтың дəстүрлі дүниетанымдық көзқарасына терең үңілу арқылы ғана сол халықтың талғам деңгейінің тереңдігін тануға болады.
Қазақ өз рухани дүниесінде мынау шексіз де шетсіз аспан əлемі мен жер бетін оймен бағдарлай танып, білуге ұмтылған. Бүкіл əлем арқылы өзін-өзі тануға, ұғынуға əрекеттенеді. Сондықтан да қазақ даналыққа, əсемдік пен көркемдікке, ізгілік пен ар-ұжданға мойын сұнған, олардың құдіретіне бас иген.
Демек, өмір өрісінің ақиқаттылығын ашумен байланысты, оның философиялық мəнде нағыз өмірмен өзектесіп жатқан дүние шындығының астарлы ауқымы мейлінше қомақты болмақ. Ұлы дала төсінің келбеті арқылы ұлттық болмыс, қадір-қасиет, дарын-қабілеті өрісін ашып, сөз өнерінің мəн- мазмұнын «нұрландырып», дүниетаным тіршілігінің өзіндік ерекшелігін айқындаған. Жалпы рухани жан байлығы, терең ойшылдық, көкірек-көзімен сезіне білу қабілеті ұлттық ой, көркемдік сананың талай ғасырларға ұласар ұлан-ғайыр өрістерін көрсетіп берген. Бұдан мейлінше сезім əсерімен байытылған, шабыттанған рухани ізденістер, өмір тəжірибесін аңғаруға болады. Мұнда ең алдымен қиялмен, көкірек көзімен сезе білетін де, дүние сырын қисынына қарай тереңінен зерделей отырып, ақыл таразысымен саралайтын, ой жүгіртіп, қорытындылайтын сұңғыла көңіл қажеттігі өзінен-өзі көрінісін береді.
Аңдау, аңғару түріндегі ойлау машығы таным əрекетінің өзіндік бір ерекшелігі ретінде дүние құбылысын бар болмысымен қисынды да дəлелді сөзбен өрілтіп, рухтандырып өзіндік көзқарасты қалыптастырған сияқты.