Өсімдік индикаторлары туралы ілімнің дамуы мен қазіргі кездегі жағдайы
Өсімдік индикаторларын зерттеу тарихы және экологияның соған сәйкес сұрақтары Клементс (1920), Мейенцер (1927), Сэмпсон (1939), С.В.Викторов (1955) еңбектерінде қарастырылады. Үзілмелі мағлұматтар Грин (1909), П.А.Ососков (1900-1913), О.Линстова (1929), А.П.Виноградов (1954) және т.б. еңбектерінде келтіріледі.
Өсімдік индикаторлары туралы ілім өсімдік экология мен географиясының дамуымен тығыз байланысты.
Алғаш рет өсімдіктердің өсуінің экологиялық сипаттамасын антика дәуірінің ғалымдары берді. Көптеген экологиялық мағлұматтар Феофраст еңбектерінде кездеседі (б.з.д. 327-287 ж.ж.).
Өсімдік жабынының құрамы мен күйі туралы мағлұматтар ежелден ауыл шаруашылығында жердің өнімділігін арттыру мақсатында бақыланды. Бұл салада Катон (б.з.д. 234-149 ж.ж.), Плиний (б.з.д. 23-79 ж.ж.) еңбектерін қарастыруға болады.
Антика дәуірінің ғалымдары тұщы су көздерін іздеу барысында өсімдік жабынының маңызы туралы: «жоғарыда көрсетілген жыныстардағы су белгілері: жіңішке, қамыс, қоға, тальник, витекс, прутняк және өзге өсімдіктер болып табылады» жазғын.
Өсімдік экологиясы мен географиясын зерттеу ХҮІІ – ХҮІІІ ғ.ғ. жаңа өсімдік жабынының экологиялық байланыстылығы туралы мағлұматтарды: Трагус, Кордус, Ломоносов енгізді.
Ботаникалық география мен эколгия бөліміндегі түрлі жұмыстар ХІХ ғ басталды.
Ботаникалық географияның негізін қалаушы А.Гумбольдт өсімдік жабынының таралуының зоналық-климаттық таралуын негіздеді. Ботаникалық-географиялық мәліметтер нәтижесінде Гризебах (1872) климат картасы мен олардың жіктеуіне көмектесті. А.Де Кандоль (1874) өсімдік жабынына және климатқа байланысты бес климаттық зонаны: мегатерм, ксерофит, мезотерм, микротерм, хекистотермді бөліп көрсетті. Бұл зерттеулер ХХ ғ. климатты табиғи жіктеуге негіз болды.
ХІХ ғ. басында өсімдіктердің түрлі тау жыныстарына байланыстылығы анықталды. Алғаш тау жыныстарының өсімдік-индикаторларының схемасын А.Карпинский (1841) жасады. ХІХ ғ. ортасында және соңында өсімдіктердің ізбестен өзге: доломитке, серпентитке, гранитке, сазға, құмға байланыстылығы туралы мәліметтер алынды.
Өсімдік индикаторлары туралы ілімнің негізін қалаушы Ф.И.Рупрех (1866) болып табылады. Ол өзінің геоботаникалық зерттеулерінде «өсімдік жабынының қасиеті оның жынысына байланысты» деп көрсетті.
Америкада алғаш рет топырақты зерттеу барысында өсімдік индикаторларына көңіл аударған Хильгард (1860) болды.
Топырақты эксперименттік зерттеу және өсімдік физиолгиясын бірге ХІХ ғ. аяғында өсімдікте кейбір химиялық элементтердің жинақталуы туралы мағлұматтар пайда болды (Виноградов, 1954). Өсімдік индикаторлары туралы ілімінің әрі дамуы ХІХ ғ. аяғындағы ірі географиялық зерттеулерге негізделді. Ландшафттың түрлі элементтері арасындағы өзара байланысты зерттеу нәтижесінде В.В.Докучаев «топырақ пен онда өсетін өсімдік ағзаларының тұрақты қатынасы туралы заң» қабылданды (1951).