Қоршаған ортаның мониторингі

Отосклероз және басқа себептен пайда болған невриттердің арасындағы салыстырмалы диагностика аудиометриялық зерттеулердің мәліметтеріне негізделген.

Кәсіптік кереңдік кезінде жоғарғы жиілікті қабылдаудың бұзылулары (4000-8000 Гц) аудиомтриялық қисықтың төмендеуімен сипатталады, ал аурудың өршуі кезінде орташа және төменгі диапазонның жиіліктерін қабылдауда қатысады. Кез келген этиологиялы кохлеарлы неврит кезінде дыбысты қабылдау жиілігінің жоғарлауы, барлық дыбыстың диапазонында және әртүрлі деңгейдегі айқындылықта болуы мүмкін, кереңдікке дейін. Осы және басқада жағдайларда ауалық және сүйектік дыбысты өткізу бір деңгейде зақымданады.

Отосклероздың тимпаналды түрі сүйек арқылы дыбысты қабылдаудың сақталуы кезінде, ауа арқылы дыбысты қабылдаудың төмендеуімен сипатталады. Отосклероздың кохлеарлы түрінде сүйек және ауа арқылы өткізілудің арасында айырмашылық болмауы мүмкін немесе аз мөлшерде, және аудиограмманың мәліметтері дыбысты қабылдайтын анализаторлардың бөліктерінің нейросенсорлы кереңдіктеріне  ұқсайды. Бұндай жағдайларда қосымша зерттеу әдістері керек: босағңалық тестер, естудің ультрадыбыстық диапазонындағы жиілігін.

Басқа себепті кохлеарлы невритте қалыпты жиіліктегі ултрадыбыстық диапазонын қабылдау кезінде ФУНГ1 оң  және Si=Si тесті оң болады, ал профессионалды неврит кезінде салыстырмалы ажыратуды жүргізу кезінде, қазіргі кезде кеңінен қолданылатын босаға үсті тестерін тоналды аудиометриялық тексерулер қосымша көрсеткіштер болып табылады. Отосклероздың кохлеарлы түрі бар науқастарда ФУНГ оң болады. Сонымен қатар сөзді 100% қабылдайды және ультрадыбысты қабылдау қалыпты немесе аздап төмендеген (90-100 кГц).

«Шулы» мамандығы бар жұмысшылардағы естуді бағалау критерилері.Шудың әсерін зақымдайтын адекватты көрсеткіштерге есту ағзасындағы естудің төмендеуі жатады.

         Аудиометриялық тексерулердің көрсеткіштерін ескере отырып, құлақтың жағдайын динамикалық бақылау кезінде және әсіресе, еңбек ету сұрақтарын шешу кезінде, «шулы» мандықтағы жұмысшылардың естулерінің төмендеу деңгейін бағалаймыз. Тондық аудиометрия мәліметтері бойынша «шулы» мамандықтағы жұмысшылардың сөзді қабылдайтын аймақтағы есту қабілеттерінің төмендеуімен жүретін өзгерістер, құлақтың есту жағдайларын көрсетеді. Сондықтан есту қызметінің жағдайын бағалаудағы маңызды тексерулерге 4000 Гц жиіліктегі және сөзді қабылдау аймағындағы есту босағасының орташа көрсеткіштері болып табылады.

Аудиометриялық тексерулерді дәрігердің бақылауымен орташа медицина қызметкері жүргізе алады.

Аудиометриялық тексерулердің үш әдісі бар:

  1. Әдіс. Әр бір құлақтар үшін жеке сүйектік және ауалық  дыбыстық өткізулерді 125, 250, 500, 1000, 2000, 3000, 4000 және 8000 Гц жиіліктерде құлақтың есту қабілетінің жоғалуын анықтаймыз. Шудың әсерінен естуді төмендету кезінде 500, 1000, 2000 және 4000 Гц жиіліктерді анықтаудың маңызы зор. Қосымша аудиометрияның босаға үстілік тексерулері жүргізіледі. Осындай экспертизаларды жүргізуге құқығы бар  медициналық мекемелерде еңбек сараптамасын жүргізу үшін қолданылады.
  2. Әдіс. Әр бір құлақтар үшін жеке сүйектік және ауалық  дыбыстық өткізулерді 125, 250, 500, 1000, 2000 және 4000 Гц жиіліктерде құлақтың есту қабілетінің жоғалуын анықтаймыз.     Алдын ала және кезеңді түрдегі медициналық тексерулер кезінде қолданылады.
  3. Әдіс.Әр бір құлақтар үшін жеке сүйектік және ауалық  дыбыстық өткізулерді 125, 250, 500, 1000, 2000 және 4000 Гц жиіліктерде құлақтың есту қабілетінің жоғалуын анықтаймыз.     Шулы өндірістерді қараған кезде, медициналық мекемелерде есту ағзасына бастапқы шудың әсерін анқтау үшін қолданылады.

Аудиометриялық тексерулер үшін тондық аудиометрия қолданылады, босағалық деңгейдің экиваленттері ГОСТ 13655-75 деңгейіне сәйкес келеді.  Аудиометриядағы тондардың өзгерістері біркелкі және баспалдақты болу керек, 5 Дб артық болмау керек.тексерулер үшін қолданылатын аудиометриялардың  ГОСТ 8.002-71 бойынша мемлекеттік тексеру куәліктері болу керек. Аудиометрияның кезеңді тексерулері жылына бір рет жргізіледі. Тексерулерлер алдында   аудиометриялық аппараттың инструкция бойынша  дұрыстығын тексеру керек, сонымен қатар кем дегенде 5 адамның «биологиялық» калибровкалары жүргізілді.

Аудометриялық тексерулер мекемелерде жүргізіледі, шулардың деңгейі аспау керек: 1 әдіс үшін – 15 дБА және 50 ДБА; 2 әдіс үшін – 30 дБА және 65 дБА; 3 әдіс үшін 35 дБА және 70 ДБА. Шуды арнайы шумомермен өлшейді оның класы  ГОСТ 17187 – 71 бойынша 2 төмен болмау керек. Бөлмеде эксперементті жүргізетін адам және тексерілетін адамнан басқа ешкім болмау керек.

Аудиометриялық тексерулерді 80 дБА жоғары деңгейі бар кәсіпорындарда  есту қабілетін қалыптастыру үшін 14 сағат ішінде жүргізеді. Есту босағалырының уақыттық ығысуларын шудың әсері тоқтағаннан кейін 5-ші минутта жүргізеді. Тексерулер кезінде  арнайы  шарттар бар, ол тексерілуші аудиометрияның панелін көрмеу керек және манипуляцияны жүргізетін адамның түрін көрмеу керек.

Есту босағасын анықтауды келесі келесі дыбыс жиіліктерін өткізу тәртібімен жүргізген дұрыс: 1000, 2000, 3000, 4000, 6000, 8000, 1000, 500, 250 және 125 Гц —  1 әдістер үшін; 1000, 2000, 4000 — 2 әдіс үшін; 1000 және 4000 Гц  3 әдіс үшін.

Есту босағасын анықтау  дыбысты ауалық өткізумен арнайы оң және сол  құлақтарға сәйкес әрбір құлақтар үшін аудиометр телефондары арқылы анықталынады,  ал 1 әдісті қолданған кезде сүйектік телефонды қолданады. Тексерілуші әр жиіліктегі тондардаың естілулерімен таныс болу керек. Дыбыс пайда болған кезде сигнал кнопкасын басады (саусағын көтереді), ол жоғалған кезде кнопканы түсіреді. (саусағын түсіреді); жауаптардың дұрыстығын сигналдардың үзілістерімен тексереді.

Егер нәтижесінде  3 сәйкестік болса, есту босағасы осы жиілікте бекітілген болып саналады.

Аудиомериялық тексерулердің ұзақтығы 30 минуттан аспау керек.

Жұмысшылардың есту жағдайлары кереңдікке байланысты анықталады, естудің аудиометриялық тексерулер нәтижесі кестедегі естудің сандық критерилері бойынша анықталады (Остапкович В.Е., Пономарев Н.И.,1977ж).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *