Ішкі суқоймалардың ластануын анықтайтын гидробиологиялық әдістер, су ағзаларының жіктелуі
Су обьектілерінің Мемлекеттік мониторингі жүйесіндегі суды гидробиологиялық талдау барысында қолданылатын әдіс – биоиндикация болып табылады.
Классикалық жүйеде көрсеткіш ағзалар үш топқа жіктеледі:
- өте қатты тластанған су ағзалары – полисапробионттавр немесе полисапробтар;
- қалыпты ластанған су ағзалары – мезосапробионттар, немесе мезосапробтар (екі топша α және β);
- әлсіз ластанған су ағзалары – олигосапробионттар немесе олигосапробтар.
1908 жылы Р.Кольквитц және М.Марссон көрсеткіш өсімдік ағзаларын, ал келесі жылы жануарлардың индикатор-түрлерінің кең тізімін көрсетті.
Р.Кольквитц және М.Марссон полисапробтарды химиялық қатынаста оттегсі кедей, көмірқышқыл газының мөлшері жоғары, жоғары молекулалық, жеңіл ыдырайтын органикалық заттар- ақуыздар, көмірсулардың байлылығымен сипатталады. Бұл суларда тұнбада күкіртті темір мен күкіртсутек түзілетін редукция мен ыдырау өнімдері пайда болатын процестер қарқынды жүреді.
Су обьектілерінің Мемлекеттік мониторингі жүйесіндегі суды гидробиологиялық талдау барысында қолданылатын әдіс – биоиндикация болып табылады.
Гидробиологиялық көрсеткіш бойынша су биоиндикациясы келесі мәліметтерді алуға мүмкіндік береді:
- Су обьектілерінң экологиялық күйін анықтау, экологиялық валенттілікті бағалау;
- Ағзалардың тіршілік ортасы ретіндегі беткі сулардың сапасын бағалау;
- Ластаушы заттардың біріккен әсерінің эффектісінің жиынтығын анықтау;
- Суқойма трофтылығын, оынмен қоректенетін су ағындарының трофикалық күйін, ал кей жағдайда ластаушының химиялық табиғаты мен суқойма трофтылығының деңгейінің арасындағы себеп-салдарды анықтау;
- Екіншілік ластаушылардың, яғни экожүйе балансының бұзылуы нәтижесінде гидробионт топтарының қарқынды дамуын анықтау.