Есту ағзасының зақымдануының патогенезінде ОНЖ маңызын еске алу керек. Қарқынды түрдегі ұзақ шудың әсерінен ұлудың нервтік аппаратында дамыған патологиялық өзгерістер қыртысты есту орталықтарына шамадан көп күш түсумен негізделген.
Естудің төмендеуі кейбір биохимиялық процестерге негізделген. Жануарлардың спиралды ағзасын гистохимиялық тексерулер кезінде, гликогенннің құрамындағы нуклеин қышқылдарын, сілтілі және қышқылды фосфатазаны, янтарлы дегидрогеназа және холинэстеразалық өзгерістер анықталған.
Адекватты емес өзгерістердің пайда болуы мен шудың әсерлеріне жауаптары есту анализаторларының анатомиялық физиологиялық байламдарындағы нерв жүйесінің әртүрлі бөліктерінде орналасуға байланысты. Есту анализаторларының рецепторлық аппараты арқылы әсер ететін, акустикалық тітіркендіргіштер, тек қана қыртысты бөлімде ғана емес сонымен қатар басқа ағзалардың да қызметтеріндегі рефлекторлы ығысуларды шақырады.
Кәсіби кереңдіктің клиникасы. Шулардың адам ағзасына қолайсыз жағдайларының клиникасындағы маңызды белгілерге естудің кохлеарлы тип бойынша баяу үдемелі төмендеулері жатады. Екі құлақта бір деңгейде зақымданады. Есту ағзасының профессионалды себебін анықтау үшін, науқастың шағымдарын, жұмыс орындарындағы басқа адамдардағы аурудың кездесулерін, сонымен қатар жұмыс істейтін орнының санитарлық гигиеналық жағдайларын анықтаймыз. Естудің профессионалды төмендеулері кезіндегі отоскопиялық картиналардың ерекшеліктері жоқ.
Шудың нәтижесіндегі есту ағзасының зақымданулары алғашында есту қадамының 4000 Гц жиілікке жоғарлауымен сипатталады. Бұл өзгерістер алғашында естуді қабылдауға әсер етпейді, сондықтан жұмысшылар есту қабілеттернің төмендегенін байқамайды. Естудің төмендеулерінің субьективті көріністері дыбысты қабылдау аймақтарының 500, 1000, 2000 Гц жиілікке дейін төмендеулерімен сипатталынады, ол баяу дамып, осы мамандық бойынша жұмыс істеу стажына байланысты ақырындап өседі. Аудиометриялық тексерулер кезінде жоғарғы жиіліктерді қабылдайтын аймақтарда (4000-8000 Гц), сөйлеу диапазонының жиілігі (500, 1000 және 2000 Гц), және естудің одан да төмен жиілікке дейін төмендеуімен (125-250 Гц) сипатталады.
Барлық дыбыс диапазоны бойынша дыбыстың өткізілуінің бұзылулары сүйек және ауа арқылыда бірдей. Шу және шудың вибрациясының әсерін бір уақытта алатын, «шулы» мамандықта жұмыс істейтін адамдардың есту қызметінің жағдайындағы клиникалық аудиологиялық көрнісі бірдей. Жалпы алғанда «шулы» мамандықта жұмыс істейтін жұмысшылардың барлық топтарының 4000, 6000, 8000 Гц жоғары жиіліктегі дыбысты қабылдау аймақтарының біршама төмендегенін байқаймыз. Алғашқы 5 жылыдқта осы аймақ бойынша естудің алғашқы қадамдарын жоғарлату бойынша жұмыстың нәтижесі онша жоғары емес. Олардың жоғарғы көрсеткіштері 10-40 дБ аралығында болады. Кейінірек естудің жоғарлауы 500, 1000, 2000 жиілікте таралады. Осыған қарамастан мамандық бойынша жұмыс стажының өсуіне байланысты естудің төмендеуі дыбысты қабылдайтын 4000, 6000, 8000 Гц жиіліктер деңгейінде қалады. Аз мөлшерде 500, 1000, 2000 Гц жиіліктегі дыбысты қабылдау деңгейіне төмендейді, және 125-250 Гц жиіліктегі дыбысты есту төмендейді.
Диагностикасы. Кохлеарлы невриттің салыстырмалы диагностикасын жүргізеді: науқастың шағымдары, аурудың анамнезі, аурудың дамуы мен ерекшеліктері (шумен байланысы, байланыстың ұзақтығы), отоскопиялық сипаты және есту қызметінің клиникалық аудиологиялық тексерулері, босағалық және босаға үстілік тонды мәліметтерді қоса отырып, естудің ультрадыбыстық аймақтарының жиіліктерін тексеру жатады.
Аурудың анамнезі мен отоскопиялық көріністің сипатына негізделе отырып сүлелі іріңді немесе адгезивті отиттің диагнозын анықтау қиын емес. Шудың әсерінен пайда болған профессионалды кохлеарлы невритті пайда болу себебінде шудың әсерлері жоқ аурулар, яғни отосклероз және басқа невритпен салыстырудың қиындығы бар.
Кәсібиге қарағанда басқа себептен пайда болған кохлеарлы невриттің дамуы жедел және кез келген деңгейдегі айқындықта болуы мүмкін. Естудің зақымданулары бір жақты немес екі жақты болуы мүмкін. Ауру белгілі бір себепке байланысты дамиды: тұмау, нейроинфекция, менингит, контузия немесе ототоксикалық дәрілік заттрады (стрептомицин, мономицин, хинин және т.б) қолданудан кейін.