Тұскиіз –сәндік және жылылық үшін, әрі төсек тұсына ілетін үй жиһаздарының бір түрі. Тұскиіздің екі түрі болады, біріншісі жүннен жасалған, екіншісі матадан жасалған тұскиіз. Жүннен жасалған тұскиізді жасау үшін күзгі маусымда қырқылған күзем жүннен тығыздап басылған жұқа киіз дайындалады. Матадан дайындалған тұскиізді тігу үшін түсті барқыттар, жібектер, шұға, т.б. маталардың әр түрлі етіп алынған ою-өрнектер тігіледі. Қазақ қонақ жай болғандықтан арнайы бөлек үйді қонаққа арнап дайындаған. Оның жасау- жабдығы да күнделікті қолданып жүргендей емес өте сәнділікпен безендірілген бұйымдардан құралады. Тұсқа айшықты тұскиіз ілініп, төрге оюлы текемет төселеді.Тұскиіз үйдің жасауы ретінде сән берер жиһаз болғанымен, қыста суықтан қорғану мақсатында керегеге ұстаған. Тұскиіз жасаудың алуан түрлі жолдары мен көптеген түрлері кездеседі. Ірбір адам өзінің өнерін, қажымас қайратын жұмсап, тұскиізді жасап, безендіруге уақытында, өнерін де аямаған.