Топырақтың ластануын биоиндикациялау.

Топырақтың ластануын биоиндикациялау.

 

            Топырақтың техногенді ластануына педобионттардың реакциясы зерттеледі.

            Эксперимент барысында, топырақта химиялық заттардың жинақталуы, мыс., мышьяктың, фототрофты микробтық қауымдастықтардың (ФМҚ) құрылымындағы, түрлік құрамындағы және сандық өзгерістеріне әкеп соғады. Бірклеткалы жасыл балдырлар сукцессияның барлық деңгейлерінде және мышьяктың түрлі концентрациясында  ФМҚ-ның тұрақты компоненті болып табылады.

            Топырақтағы поллютанттардың ең көп мөлшері, оның фитотоксиндігінің себебі болып табылады және мәдени өсімдіктердің өсуі мен дамуына кері әсер ететін ерекше фузариоз- нематодты кешендерді түзеді. Сонымен бірге микробтық сукцессия барысында бұл топырақтарда, ФМҚ-ның дамуының соңғы стадияларында доминантты орынды гетероцисті емес цианобактериялар алады. Цианобактериялардың жер бетіндегі қуатты өсінділері құрамында цианобактериядан өзге жасыл балдырлар мен зең саңырауқұлақтары бар қына тәріздес «жалған ұлпадан» тұрады. Цианобактериялардың ежелгі шығу тегі, экстермальды жағдайда тіршілігін сақтап қалу қабілеттілігі және қазіргі биосфераның алуан түрлі экологиялық қуыстарын жаулап алуға мүмкіндігі экожүйенің қалыпты қызмет етуін бұзған адамның іс әрекеті қалыптасқан жерлерде цианобактериялық экспансияны тудырады. Су цианобактериялары ауыр металдар үшін сорбциялық кедергі тудырады. Бұдан, топырақтың циано-альгобактериялық кешендерін, түрлі химиялық өнімдермен ластанған топырақтың биоремидациясы әдісін өңдеуде қолдануға болатын обьект ретінде қарастыруға болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *