Терминдермен жұмыс (Глоссарий)

Абсолютті индикаторлар – индикатордың кездесу жиілігі және  жоғары мәнге ие өсімдіктер 

Алуантүрлілік индексі – ағзалардың түрлік құрамы, сандық қатынасы арқылы ортаны биологиялық бағалау

Альгобионттар – таза жағалау маңы суының мекендеушілері

Аумақтық индикаторлар – индикаторлық мәнін белгілі бір физикалық-географиялық облыс не аудан шеңберінде сақтайтын индикаторлар

Ауыспалы индикаторлар – экологиялық амплитудасы өте кең өсімдіктер немесе өсімдік қауымдастықтары

Ацидофильді өсімдіктер – қышқыл топырақтың немесе судың  индикаторлары

Базифильді өсімдіктер – сілтілі топырақ индикаторлары. Оларға ізбестасты және борлы аймақ өсімдіктері жатады.

Биоиндикаторлар – тірі ағзаның күйі, мінез-құлқы, саны және т.б. бойынша қоршаған ортаның өзгеру деңгейін анықтау

Биотестілеу – су ортасында биологиялық қауіпті заттың жинақталуын және оның жеке гидробионттарға, қауымдастықтарғаәсер ету деңгейін анықтау әдісі

Биотикалық индекс – Ф.Вудвисс әдісі бойынша бағалау, яғни су ортасының ластануын су түбінің жануарларының құрамы  арқылы биологиялық талдау

Гидробиологиялық көрсеткіш – су обьектісінің күйін, экологиялық валенттлігін анықтау, су ортасының ағзалардың тіршілік ортасы ретіндегі күйін бағалау.

Жергілікті индикаторлар — өзінің индикаторлық мәнін жеке географиялық ландшафт, фация аумағында сақтайтын индикаторлар

Зоналық индикаторлар — өзінің индикациялық мәнін географиялық зона шегінде сақтай алатын өсімдіктер

Зооплпнктон – көптеген түрлері бірнеше қашықтыққа өз мүшелері арқылы қозғала алатын планктонның жануар компоненттері

Индикатор өсімдіктер – сыртқы орта жағдайын анықтайтын өсімдіктер және өсімдік қауымдасьтықтары

Инддиферентті өсімдіктер – топырақтың рН ортасын талғамайтын өсімдіктер.

Карботрофтар – ескі өрттен кейінгі мекенде тіршілік ететін саңырауқұлақтар тобы

Капротрофтар – жануар экскременттерін мекен ететін ағзалар саңырауқұлақтар тобы

Мезосапробтылар – қалыпты ластанған су ортасында тіршілік ететін ағзалар

Мезотрофтылар – топырақ құнарлығын алыпты қажет ететін өсімдіктер

Микотрофтар — өзге саңырауқұлақтарда тіршілік ететіп, солармен қоректенетін саңырауқұлақтар

Микробиологиялық көрсеткіш – бактерия санынан, сапрофитті бактериялар санынан, бактерия санының сапрофитті бактериялар санына қатынасынан құралатын көрсеткіштер

Олигосапробтылар — әлсіз ластанған су ортасының ағзалары

Олиготрофтылар – топырақ құнарлығына талабы жоқ өсімдіктер.

Панареалды индикаторлар – толық географиялық ареал аумағында өзіндік индикаторлық мәнін сақтайтын индикаторлар

Пестицидтар – бұл арамшөптермен, зиянкес жәндіктермен, кеміргіштермен, фитогенді саңырауқұлақтармен күрес үшін адамзат қолданатын бөгде заттар

Полисапробтылар — өте ластанған су ортасының ағзалары

Симбиотрофтар —  сүректі және шөптесін өсімдіктермен микориза түзетін  ағзалар саңырауқұлақтар тобы

Субареальды индикаторлар – географиялық ареалдың түрлі аумағында индикаторлық қызметін өзгертетін индикаторлар

Теріс индикаторлар – қандай да болмасын фактордың аздаған әсерін көтере алмайтын өсімдіктер

Топырақтың биологиялық ластануы – ақуыз бен ақуызды – дәрумендік концентраттармен, микробиологиялық туындылармен, энтопатогенді бактериялармен ластану

Топырақтың химиялық ластануы – топырақтың пестицидтармен, тыңайтқыштармен, ауыр металлдармен, мұнайлы көмірсутектермен, радионуклидтармен ластануы

Тура индикаторлар – қызметі индикацияланушы факторлармен тығыз байланысты, тіршілік әрекетіне маңызды индикаторлар

Тұрақты индикаторлар – экологиялық амплитудасы тар, көрсеткіштері нақтылықты қажет ететін өсімдіктер немесе өсімдік қауымдастықтары

Физиологиялық индикаторлық белгі — өсімдіктің зат алмасуының және химиялық құрамының сипаттамасы

Фитоценоздық индикаторлық критерий — өсімдік жабынының құрлымының ерекшелігінің және өсімдік ассоциациясының белгілері

Экологиялық тепе-теңдік –   тіршілік ортасы алуан түрлі өсімдіктердің бірдей талаптары

Экологиялық – физиологиялық әдіс – орта жағдайының режиміне байланысты физиологиялық көрсеткіштерді зерттеу.

Экспериментальды вегетациялық әдіс – бақыланып отырған тәжірибе жағдайында табиғи факторлардың түрлі қарқындылығында зерттеліп отырған өсімдікті өсіріп, оның реакциясын бақылау

Экспресс әдіс – су сапасын қарапайымдылар көмегімен тез арада анықтау 

Эвтрофтылар – құнарлы топырақта тіршілік ететін өсімдіктер. Оған қара топырақта тіршілік ететін өсімдік түрлері жатады.        

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *