Радиоактивтілік және оларды индикациялауда қолданылатын әдістер
Радиоактивтілік – қоршаған ортаның ластануының ерекше типі. Радиоактивтілік дегеніміз бір химиялық элемент тұрақсыз изотопының өзге элемент изотопына айналып, осы процесс барысында элементарлы бөлшектер мен ядроларды бөлуі болып табылады. Радиоактивтілік: табиғи және антропогендік жолмен жүзеге асады. Табиғатта кездесетін элементтер изотоптарының радиоактивтілігі табиғи радиоактивтілік деп аталады.
Радиоактивті заттар қоршаған ортаға түрлі техникалық жүйелер және түрлі процесстер нәтижесенде енеді. Соның ішінде маңызды радиоактивті заттарды түзуге қатасатын техникалық жүйелерді қарастырсақ. Антропогендік көздер құрамына ядролық сынақтар мен ядролық жылу циклінен тұрады. Соңғысына рудаларды өндіру және ұсақтау, ядролық отынды байыту, жылу бөлетін элементтерді (ЖБЭ) дайындау, реакторлар, өңделген отынды ұстау, оны өңдеу және сақтау жатады.
Қазақстан территроиясындағы радиациялық жағдайдың күрделенуі: бұрынғы Семей сынақ полигонының қызметіне (ССП); ауыл шаруашылық міндетерді шешу барысында қолдалынатын ядролық жарылыстарға, құрамында ураны бар полиметталдық рудаларды мұнай мен газды өндіру мен өңдеуге негізделген атомдық-өндірістік кешен қызметіне, қоршаған орта обьектісіндегі радионуклидтардың табиғи аномалиясына байланысты.
Республика территориясындағы радиологиялық жағдайды қалыптастыратын алуан түрлі факторлардың ішінде қоршаған ортаны ластауда маңызды болып отырған жағдай – ССП-нда жүргізілген ядролық сынақ нәтижесі болып отыр.
1949-1989 ж.ж. аралығында жыйнтық қуаттылығы 16,5 млн. т тротил эквивалентіне тең 470 ядролық сынақ, оның ішінде – 30 жер бетінде, 86 –ауа қабатында, 354 – жер астында жүргізілген. Бұл сынақ Хиросима түскен атом бомбасынан 800 есе артық.
1991 жылы полигон Предидент Үкімімен жабылды. Радиациялық жағдайды бағалау үшін экологиялық құлдырау зонасындағы Семей территориясына 1993-2000 ж.ж. аралығында радиоэкологиялық зерттеулер жүргізілді. Бұл зерттеулер жасанды, әрі табиғи жолмен радионуклидтармен, сонымен бірге АМ және өзге токсиндік элементтермен ластанған территрияны анықтап, шекарасын белгілеуге мүмкіндік берді.
Ұлттық ядролық орталық мәліметі бойынша, қазіргі таңда полигонда территорияның екіншілік ластану эффектісі байқалуда. Бұл жағдай жер асты жарылыстары барысында бөлшектену өнімдерінң аккумуляциясы мен олардың грунт, еріген және жауын-шашын суы арқылы жер бетіне шығуына байланысты. Сондықтан ядролық сынақтың экологиялық нәтижесін бағалау барысында жер асты және үстінде орналасқан радиоактивті заттар есептелінеді.
ССП-ның территориясындағы негізгі міндеттердің бірі – топырақ пен өсімдік жабынының плутонимен ластануын зерттеу болып табылады. Плутонилік ластанудың қауіптілігі, оның радиоактивтілігінде ғана емес, сонымен бірге оның өте жоғары химиялық токсиндігіне байланысты.
Цезий мен стронцийдің радиоактивті изотоптарымен нормадан тыс ластану ССП-ның территориясындағы Шаған, Ащысу өзендері; «Атом» көлінде және өзге су обьектілерінде анықталған.
Радиоактивті жауын-шашын радиоактивті бұлт ізімен 1,7 млн. халқы бар 304 мың шаршы шақырым территорияға таралған. 711 елді-мекенде эффекті доза санитарлық жылдық норманы 0,1 бэр өлшемінде артық көрсеткен.
Топырақ жабынынң радиоактивті ластануның нәтижесі өте қауіпті. Себебі ол территорияның, соның ішінде ауыл шаруашылық жерлердің экологиялық жән санитарлық-эпидемиологиялық күйін бұзады. Топырақтың радионуклидтермен ластануы өндіру, сақтау және қайта өңдеу орындарында байқалады. Қазақстан территориясында ондаған уран рудниктары орналасқан.
Қазақстан территориясындағы Атырау және мАңғыстау облыстарындағы мұнай өндіруші салалардың қарқынды дамуы мұнай өндіру улескілерінің және соған жапсарлас аудандардың техногенді радиоактивті ластануына әкелді. Осы облыстың 100 мың тұрғыны бар 12 қаласы мен елді-мекені радиоактивті қауіптілікте. Мұнай өндіру жүзеге асып жатырған 22 ірі кен орнында радиактивтілік сәулелену қуаттылығы 100-ден 17000 мкР/сағ тең болатын 267 радиоактивті ластану көзі анықталды. Жалпы Атырау және Маңғыстау территориясында 1,3 млн. м3 радиоактивті қалдықтармен зақымданған 650 территория бар. Жетібай кен орнында радий мөлшері ШРН жүздеген есе артық.
Топырақ жабынына Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Жезқазған, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарының жалпы ауданы 21,5 млн. га болатын территориясына әскери-өнеркәсіптік кешен өте зиянын тигізген. Семей (2 млн.) және Азғыр (1,4 млн га) аудандарындағы топырақтың радиоактивті заттармен ластануы ядролық полигон мен ракеталық- ядролық қаруды сынауға байланысты.
Қоршаған орта обьектісінде радионуклидтардың концентрациясының табиғи жолмен көбеюі – тағы бір экологиялық мәселе. Қазақстан территориясында радионуклид мөлшері жоғары, бақылау мен шаруашылық пайдалануды шектеуді қажет ететін 700 табиғи көз анықталған. Жалпы радиоактивтілік пен табиғи радиоактивті элементтердің жоғарлауы беткі эффузиялық шөгінді жыныстардың және гранитоидтардың беткі қабатқа шығуына негізделеді.