Күкіртті газ индикаторлары            

 Күкіртті газ индикаторлары

           

            0,08-0,1 мг/м3 концентрацияда күкіртті газ фотосинтез процесін бұзып, хлоропластта қоңыр дақтардың пайда болуына, хлорофиллдердің жойылуына, қабаттардың өсуіне кедергі келтіреді. Ал рН көрсеткіші 3,2-3,4  болғанда хлорофилл қайтымсыз тотығады, ал 2-3 болғанда ол феофитинге айналады да, әрі қарай ыдырайды. Ылғалдылықтың жоғарлауы күкіртті газдың еріп, ортаның қышқылдануына әкеледі. Сондықтан қыналар ылғалдылық жоғары болғанда фитотоксиканттарға тұрақсыз болып келгенімен, құрғақ жағдайда күкірттің қос тотығының мөлшері жоғары болғанда да тіршілік ете алады. 

 

Фтордың өсімдік индикаторлары

 

            Атмосфераның фтормен ластануын индикациялауда өсімдіктердің екі тобы: оларға тұрақтылары және тұрақсыздары пайдалынады. Аталған фитотоксиканттраға тұрақтылары оны өз бойына жинақтайды. Бұл өсімдіктердегі фтор мөлшері ауаның фтормен ластануының көрсеткіші болып табылады. Фторға өте сезімтал өсімдіктер осы фитотоксиканттардың өте аз концентрациясын сезіп, жапырақта некроздың дамуымен анықталады.

           

Ауыр металл индикаторлары

 

            Мыспен қоршаған ортаның ластануы өсімдіктің өсу жылдамдығына әсер етіп, ергежейлілікті тудырады. Олардың кейбіреулерінде (көкнәр, раушангүл) гүл жапырақшасы көкке не қара түске боялады. Ал раушангүлде гүлдері қалыпсыз жіңішке жапырақты болып келеді. Темекі тұқымының жетілуі мыс әсерін тоқтайды.

            Кейбір бормелия және орхидея тұқымдастарының өкілдері мырышқа өте сезімтал болады. Жылыжайда мырыш жылыжайдың мырыштанған құрылғыларынан суға түседі. Табиғи ортада мырыш мөлшері көбейгенде жапырақ ұштары, өліп, кемшілігі бар формалар жетіледі.

             

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *