Жазбаша бақылау тапсырмалары
Биоиндикатор (Bioindicator) дегеніміз:
– ортада болуы және күйі бойынша, сонымен бірге мінез-құлқы бойынша қоршаған ортадағы табиғи және антропогендік өзгерістерді анықтауға көмектесетін бір түр дараларының немесе қауымдастықтың тобы.
Индикатор-ағза (Indicator organism ) дегеніміз:
– экологиялық бейімделушілігі өте тар (стенобионттар), өзінің мінез-құлқы, физиологиялық реакцияларындағы өзгерістер немесе өзінің тіршілігі арқылы қоршаған отадағы өзгерісті немесе оның табиғи және антропогендік сипаттамасын анықтайтын ағзалар.
Ластанудың индикатор-ағзасы дегеніміз:
– күйі, жойылуы немесе қарқынды көбеюі қоршаған ортаның ластанғаны туралы белгі беретін, ал бірқатар жағдайда ластану деңгейін және ластаушы заттар құрамын және әсерін көрсететін түрлер.
Стенобионттар (Stenobionts; Stenotopic organisms) дегеніміз:
– қоршаған ортаның белгілі бір жағдайында тіршілік етіп және ондағы өзгерістерді көтере алмайтын ағзалар.
Биоиндикатор сезімталдылығы дегеніміз:
– қандай да болмасын зат, физикалық не биологиялық фактор, не болмаса толық қоршаған орта әсеріне биоиндикатор реакциясының деңгейі.
Экологиялық ағза – индикатор дегеніміз:
– белгілі бір жағдайда тіршілік етуге бейімделген, өзге жағдайда тіршілігін жоятын, осы жағдайлар арқылы бір кешенді табиғи түзілімді өзгеден айыруға мүмкіндік беретін ағза- стенобионт.
Биоиндикация (Bioindication) дегеніміз:
– табиғи жағдайда биота күйі арқылы қоршаған орта және оның жеке бөліктерінің сапасын бағалау.
Суқоймалардың ластануының биоиндикаторлары дегеніміз:
– су биоценоздарын есептеу, индикаторлық ағзалар арқылы суқоймалардың ластануының деңгейін бағалау жүйесі
Лихеноидикация дегеніміз:
– лихенофлораның құрамы мен биологиялық ерекшеліктерін зертеу негізінде атмосфералық ауаның ластану деңгейін қыналар көмегімен анықтау
Қоршаған ортаны бақылау дегеніміз:
– қоршаған ортаны, оның жеке элементтерінің күйін, техногенді әсер түрлерін сипаттайтын параметрлерді анықтауды қамтамасыз ететін шаларлар жүйесі.
Суды биологиялық тестілеу (Biotesting of water) дегеніміз:
– тест – обьектілер болып табылатын су ағзаларының жауап реакциялары арқылы су сарасын бағалау
Биотестілеу дегеніміз:
– тірі ағзаларды пайдалан отырып, қоршаған орта обьектілерін лабораториялық жағдайда бағалау.
Орта сапасының индексі дегеніміз:
– бақыланатын обьектілер типі мен қойылған мақсаттарға байланысты түрлі мәнге ие болтаны қоршағн орта күйінің сандық көрсеткіші.
Ластануды индикациялау дегеніміз:
– қоршаған ортаның жеке бөліктерінің ластану көзін, таралу ауданын/ көлемін, ластаушылардың сапалық құрамын анықтау мақсатында сапалық талдау.
Қоршаған ортаны бақылау дегеніміз:
– қоршаған ортаның күйі туралы мәліметтерді техногендік әсер не фондық параметердің бекітілеген нормаларымен, олардың сәйкес келуі мақсатында салыстыру.
Тест-обьект дегеніміз:
– ағзаның тіршілк ету ортасына әсер ету деңгейін анықтайтын ағза