Есту қызметтерін бағалау критерилері

Есту қызметтерін бағалау критерилері

 

 

 

Естуді жоғалту деңгейі

Тондық баспалдақты аудиометрия

Сыбырлап сөйлеуді қабылдау

 

 

 

 

 

500, 1000 және 2000 Гц дыбыс жиіліктерінде (орташа арифметикалық мәні) ести алмау(дБ) 

4000 Гц және тербелістердің мүмкін болатын шегінде ести алмау (дБ)

Есту ағзаларын шудың әсер ету белгілеріЕстудің жеңіл дәрежелі төмендеуімен кохлеарлы неврит

Естудің шамалы төмендеуімен кохлеарлы неврит

Естудің ауқымды түрде төмендеуімен  кохлеарлы неврит

10 дейін

11-20

21-30

31-45

50?20

60?20

65?20

70?20

5?1

4?1

2?1

1?0,5

 

1 дәрежесі – есту ағзасына шудың әсер ету белгілері. Қарқынды өндірістік жағдайында шумен жұмыс істейтін жұмысшыларда осы түрі қолданылады. Естудің бұл жағдайы сөзді қабылдау аймағында естудің босағасы 10 дейінгі дБ жоғарлауы, 4000Гц  — тен 50 дБ(?20); сыбырлап сөйлеуді қабылдау 5м дейін (?1).

2 дәрежесі — Естудің жеңіл дәрежелі төмендеуімен кохлеарлы неврит. Осы дәрежедегі естудің төмендеуі  сөзді қабылдау аймағындағы есту босағасының  11 ден 20 дБ жиілігінде, 4000 Гц 60-қа дейін дБ (?20) қабылданғанда, және сыбырлап сөйлеудің 4 м (?1) дейін естудің төмендеуінде қалыптасады.

3 дәрежесі — Естудің шамалы төмендеуімен кохлеарлы неврит. Осы дәрежедегі естудің төмендеуі  сөзді қабылдау аймағындағы есту босағасының  21 ден 30 дБ жиілігінде, 4000 Гц 65 дБ (?20) қабылданғанда, және сыбырлап сөйлеудің 2 м (?1) дейін естудің төмендеуінде қалыптасады.

4 дәрежесі – айқын дәрежелі естудің төмендеуімен кохлеарлы неврит.  Осы дәрежедегі естудің төмендеуі  сөзді қабылдау аймағындағы есту босағасының  31 ден 45 дБ жиілігінде, 4000 Гц 70 дБ (?20) қабылданғанда, және сыбырлап сөйлеудің 1 м (?0,5м) дейін естудің төмендеуінде қалыптасады.

Ағзаға шудың арнайы емес әсері. Күшті шу деңгейлері орталық жүйке жүйесіне жарақаттық әсер етуі мүмкін және естен тану жағдайларын, эпилепсиялық ұстамаларды, психикалық бұзылыстарды шақыруы мүмкін. Осындай жағдайдағы жұмысшыларда дисциркуляторлы энцефалопатия  синдромы бақыланды, ол церебралды микроорганикалық симптоматикалармен сипатталып, басқа этиологиялы энцефалопатиялардан ерекшеленбеді. Соңғы он жылдықта   тәжірибеде шудың осы ақаулары кездеспейді.

Жұмысшыларды тексеру кезінде орталық жүйке жүйесіндегі шудың арнайы емес өзгерістері шамалы айқындықтағы неврастения синдромы түрінде және сирек вегетативтік-тамырлық дисфункция (нейроциркуляторлы дистония) түрінде анықталынады. Қарқынды шу жағдайларында  ұзақ уақыт жұмыс істейтін адмдарда тұйық сипаттағы маңдай және самай аймақтарындағы бастың аурулары; көбінесе жұмыстың соңында немесе одан кейін ауыспалы сипаттқа көшеді.  Сонымен қатиар тітіркендіргіштік, жылауықтық, ұйқысының бұзылулары(жиі үзікті ұйқы, ұйқысыздық, сирек ұйқысының келуі), жоғары шаршағыштық, жүрек айсағындағы ауырсыну, басының айналуы(денесін басқа жағдайға ауыстырған кезде көзінің қарауытуы), есте сақтау қабілетінің төмендеуі, тершеңдік. Ер адамдарға қарағанда әйелдер шуға бейім болып келеді.

Терең зерттеулер нәтижесі бойынша үлкен стажы бар жұмысшыларда вегетативті жүйке жүйесі жағынан өзгерістер болады. Симпатикалық жүйке жүйесі жағынан көрінетін өзгерістерге пиломаторлы рефлекстің төмендеуі (Дрогичина Э.А., 1957ж), адреналинді тері ішіне енгізген кезде тері реакциясының әлсіреуі (Милков Л.Е., 1963ж), несептегі тәуліктік катехоламиндердің құрамы төмендейді (Макотченко Л.Е және т.б., 1978).

Шудың әсерінен вестибулярлы, көру және тері анализаторларының қызметтері өзгереді, қолды созған кезде саусақтардың треморы байқалады, айқын жағдайларда көзді жұмып Ромберг позасында тұрған кезде  тұрақсыздық байқалынады.

Аяқ қолдардың дисталды бөліктерінде ауырсыну сезімдері анықталуы мүмкін. Қабылдау вибрациясының арнайы  рецепторлары болып саналатын вибрациялық сезімталдықтың төмендеуі.

ЭЭГ мәліметтер ретикулярлы формацияның әлсіреуін және басқада қыртысты құрылымдардағы қыртыс асты түзілістердің  өзгерістерін көрсетеді. Баяу регулярлы белсенділік, қалыпты ЭЭГ өзгерістер, альфа-белсенділіктің төмендеуі дені сау адмдарда да және шулы жағдайларда ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарда да кездеседі (Дрогичина Э.А және т.б., 1965ж; Волкова А.М., 1970ж; Хаймович М.Е., Соколова Е.И., 1978ж және т.б).

Жүрек тамыр жүйесіндегі өзгерістер жүрек аймағындағы ауырсынулармен, жүрегінің қағуларымен, тұрақсыз пульс және артериялды қысыммен, жүректе функционалды шулардың пайда болуымен, тамырлардың бұлшық ет түріндегі күшті жабысқақтық  қабілетінің жоғарлауы перифериялық қарсылықтың жоғарлауларымен көрінеді (Шаталов Н.Н., 1971ж). Көз түбінің артерияларының шамалы тарылулары анықталынады. М.Е. Хаймович  және  С.В. Кныш (1979) зерттеулері бойынша қарқынды шудың әсерлерінен пайда болған  қанның систолалық және минуттық  көлемдерінің ұлғаюлары түріндегі  орталық гемодинамика көрсеткіштерінің ығысулары анықталған. Гиперкинетикалық жүрек синдромдарына тән ығысулар анықталынады. Осы авторлардың мәліметтері бойынша қарқынды шудың әсерлерінен пайда болған, жүрек тамыр жүйесіндегі бұзылыстар экивалентті шу жағдайында жұмыс істейтін жұмысшыларға қарағанда жиі кездеседі.

Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған тұрғындардың арасында кеңінен таралған,  арнайы емес сипаттары бар, естудің профессионалды төмендеулерінің белгілері болмаған кездеріндегі шудың әсерінен жүрек тамыр жүйесіндегі және жүйке қызметтерінің бұзылуларының байланыстары қиындайды.

Алдын алу.Қарқынды өндірістік шулардың әсерінен пайда болған маңызды алдын алу шараларына, шуға қарсы қолданылатын индивидуалды қорғаныс заттары жатады, оны қолданылатын жағдайлар: 1) параметрлер рұқсат етілген деңгейден жоғарлаған кезде; 2) техникалық заттар және шуды төмендететін әдістерді қолдану мүмкін емес жағдайларда немесе олар қауіпсіз деңгейге дейін шуды төмендете алмайды; 3) қарқынды шу жағдайларына жұмысшылардың үздіксіз келуі кезінде.

Жеке қорғаныс заттарына шуға қарсы қолданылатын құлаққа тағатындар және шлемдер жатады. Шуға қарсы қолданылатын заттарға қойылатын  бірқатар талаптар бар, олар  шудың әсерін төмендетіп, қолдануға ыңғайлы болу керек. «Шудан  жеке қорғаныс заттары. Гигиеналық талаптар» ГОСТ 1576270 олардың нәтижелігін бағалау, шуға қарсы заттар немесе әдістерді таңдау, талаптар жазылған.

Жеке қорғаныс заттарын қолдану кезінде белгілі бір деңгейде ыңғайсыздық болуы мүмкін, сондықтан жұмысшылар үйрену үшін белгілі бір уаұыт қажет. Ішкі және ортаңғы құлақ, бет терісімен бастың қабынбалы   аурулары кезінде шудане қорғанатын қорғаныс заттарын қолдануға жол берілмейді. Тәжірибеде көрсетілгендей  тәжірибеде шудың қолайсыз әсерлеріне қарсы күрес жүргізу және гигиеналық талаптар бойынша жеке қорғаныс заттарын  қолдануды енгізу, бірқатар жағдайларда профессионалды кохлеарлы невриттің дамуын азайтады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *