ГЛОССАРИЙ

ГЛОССАРИЙ

Абиотикалық факторлар — тірі организмдерге тікелей немесе жанама әсер ететін өлі табиғат элементтері (космостық, геофизикалық, климаттық, кеңістік, уақытша, т.б.)

Абиогенді— тірі организмдердің қатысуынсыз жүретін процесс.

Автотрофтар — көмір қышқыл газы, су және минералдық тұздардан органикалык заттарды синтездейтін организмдер.

Агробиоценоз — ауылшаруашылығында өсірілетін өсімдіктер қауымдастығы.

Адаптация — тірі организмдердің тіршілік жағдайларына бейімделі процесі, түр бойынша (генотиптік) бейімделушілік бірнеше үрпақ бойынша жүріп, түр түзілу процесімен байланысты болатын және жеке (фенотиптік) адаптация акклимация организмдердің жеке даму процесін қамтып, оның генотипіне әсер ететін бейімделушілік болып екіге бөлінеді.

Акклимация — жеке (физиологиялық) бейімделушілік.

Аменсализм — белгілі бір ортадағы организмдердің бір түрінің екінші түр тіршілігіне басымдылық көрсететін түр аралық қатынастар типі.

Атмосфера — Жердің немесе кез келген космостық дененің газды қабықшасы.

Антибиоз — организмдер арасындағы бір-біріне кері әсер ететін қарым — қатынастың түрі.

Анабиоз — қолайсыз жағдайлар әсерінен немесе организмнің жеке даму процесінде ерекше кезеңнің қалыптасуына байланысты олардың тіршілік әрекеттерінің уақытша тоқтауы.

Анаэробты организмдер — оттегіні қажет етпейтін, оттегі қатысынсыз ортада тіршілік ететін организмдер.

Антропогендік факторлар — адамның тіршілік әрекетінің әсері.

Апвеллинг —  мүхит суларының жоғарғы қабатқа қарай көтерілуі.

Ареал — органимздердің систематикалық топтарының -популяциялар, түр, т.б. таралу аймағы.

Аутэкология — белгілі түрге жататын жеке особьтарды зерттейтін экологияның бөлімі немесе түр экологиясы.

Альбедо — белгілі бір дененің түскен сәулені шағылдыру қасиеті.

Альтернативті энергия көздері — Күн, жел, теңіздер мен геотермальды энергия түрлері

Аэробты организмдер — бос оттегі қатысында тіршілік ететін организмдер.

Азотфиксация — топырақ бактерияларының атмосферадағы молекулалық азотты сіңіруі.

Аффинаж— рафинадтталған металл түрі.

Алюминийді — “Қанатты” металл  деп атайды. Ол – күміс түсті ақ металл, жылуды және электр тоғын жақсы өткізеді, созуға, жаюға, соғуға икемді.Алюминий қалаиы, темір, никель, марганецпен қорытпасы қола деп аталады.

Базалық мониторинг — антропогенді әсер болмайтын табиғи экожүйелердің жағдайын бақылау.

Бентос — мүхит пен континетальды сулардың түбінде, грунтта тіршілік ететін организмдер (зообентос, фитобентос).

Биогаз — қатты және сүйық қалдықтардан, оның ішінде мал шаруашылығы комплекстерінің қалдықтарынан, қаланың коммунальдық — түрмыстық суларынан, сол сияқты арнайы өсірілген балдырлар мен басқа да организмдерден алынатын жанғыш газ. Қүрамында негізінен метан көп болады.

Биогенді заттар — тірі организмдердің тіршілік процестері нәтижесінде түзілетін заттар (атмосферадағы газдар, таскөмір, мүнай, торф, ізбестастар, т.б.), қоректік заттар, биогендер, био-гендік элементтер — тірі организмдер құрамына кіретін элементтер — көміртегі, оттегі, азот, сутегі, күкірт, т.б.

Биогеохимиялық цикл — минералды қосылыстар құрамындағы химиялық элементтердің өсімдіктер мен жануарлар организмдері арқылы табиғаттағы айналымы.

Биогеоценоз — тірі организмдер қауымдастығының (биоценоз) абиотикалық жағдайлардың кеңістіктік жиынтығын (биотоп), зат, энергия мен информация алмасулары негізінде біріктіретін құрлықтық экожүйе.

Биосфера — құрамы, құрылысы мен энергетикасы тірі организмдер тіршілігімен анықталатын Жердің белсенді ерекше  қабықшасы.

Биоиндикация — тірі организмдер мен олардың қауым-дастықтарына тигізген әсеріне қарай антропогендік факторларды анықтау.

Биологиялық ресурстар — адамзат қоғамына пайдалы, багалы болып саналатын генетикалық ресурстар, организмдер немесе олардың бөліктері, популяциялар мен басқа да кез келген экожүйелердің биотикалық компоненттері.

Биологиялық тазарту — судың қүрамындағы ластаушы заттарды микроорганизмдер көмегімен тазарту.

Биота — кеңістіктегі барлық тірі организмдер жиынтықтарының кез келген түрі, (мысалы, экожүйе биотасы, құрлық биотасы, теңіз биотасы, биосфера биотасы, т.с.с).

Биотикалық факторлар — тірі организмдердің бір-біріне әсеріңің барлық түрдері.  

Биотикалық айналым – биосферадағы биотикалық және абиотикалық компоненттердің арасындағы экожүйелердегі биогенді элементтердің айналымы.  

Биотоп – белгілі биоценоз алып жатқан абиотикалық факторлары салыстырмалы біртекті кеңістік.

Биокосты заттар — тірі организмдердің тіршіліқ процестері мең биологиялық; емес (табиғи) процестердің біріккен әсері нәтижесінде түзілетін заттар.

Биом — Жердің негізгі климаттық аймақтарына сәйкесірі кұрлықтық экожүйелер (шөлдер, шөлейттер, ормандар).

Биоценоз — кұрлық не судың белгелі бір бөлігінде бірге, тіршілік ететін әртүрлі систематикалық топқа жататын орга-низмдердің қауымдастығы.

Биоценоэкология — тірі организмдердің қауымдастықтары мен оларды қоршаған орта арасындағы қарым-қатынастарды зерттейтін экология саласы.

Биофильтр — ағызынды суларды биологиялық әдіс арқылы тазарту қондырғысы.

Алюминийді — “Қанатты” металл  деп атайды. Ол – күміс түсті ақ металл, жылуды және электр тоғын жақсы өткізеді, созуға, жаюға, соғуға икемді.Алюминий қалаиы, темір, никель, марганецпен қорытпасы қола деп аталады.

Берилий мен Ниобийді“ атом өнеркәсібінің металдары” деп атайды. Берилій – ядролық реакторлардағы нейтронды баяулатқыш әрі қайтарғыш болса, ниобимен оның жылу бөлетін (ЖБЭЛ) қаптайды.

Бериллий қоласымыстың берилиймен  (1,5-3%) қорытпасы жемірілуге төзімді және өте берік. Одан сағаттың, басқада дәл механиздердің, электрониканың, байланыс құралдарының, автомобильдердің бөлшектерін жасайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *