Қоршаған орта туралы мәліметті химиялық әдіс арқылы не болмаса биологиялық обьектілердің күйін бағалау арқылы алуға болады. Тіршілік ортасының абиотикалық және биотикалық факторларын биологиялық жүйе көмегімен анықтау әдісі биоиндикация деп аталады.
Биологиялық жүйелердің өзгерісі көп жағдайда антропогендік факторлар әсерінен туындағандықтан «биоиндикация» ұғымын келесі бағыта талқылауға болады: «Биоиндикация – бұл биологиялық және экологиялық маңызды антропогендік күш түсуді, оның тірі ағзаға және олардың қауымдастықтарына реакциясы арқылы табу және анықтау» (Криволуцский, Тихомирова, 1987).
Биоиндикатор ұғымы
Ортаны бағалауда биологиялық әдістерді қолдану қандай да болмасын әсер түріне сезімтал жауап беретін жануарлар мен өсімдіктерді бөлуді қажет етеді. Тіршілік қызметі белгілі бір орта факторларымен өзгеруі оны бағалауда қолдануға мүмкіндік беретін ағзалар немесе ағза қауымдастықтары биоиндикаторлар деп аталады.