Биоиндикация түрлері мен әдістері
Биоиндикаторлар – бұл табиғи жағдайларды, процесстерді немесе қоршаған ортаның антропогендік өзгерістердің көрсеткіші болып табылатын тірі ағзалардың болуы, олардың саны, дамуындығы ерекшеліктер. Биоиндикация – кездесу жиілігі, жойылып кетуі, биоиндикатор-ағзалардың дамуындығы ерекшеліктері фактісі бойынша қоршаған орта күйі туралы баға беретін әдіс.
Биоиндикаторлар көмегімен анықталатын жағдайлар биоиндикация обьектілері деп аталады. Оған: табиғи обьктілердің белгілі бір типтері (топырақ, су, ауа), сондай-ақ осы обьектілердің түрлі қасиеттері (механикалық, химиялық құрамы, т.б.) және қоршаған ортада жүретін өзгерістер, соның ішінде адам әрекетімен жүзеге асатын өзгерістер (эрозия, дефеляция, батпақтану) жатады.
Биоиндикациялық зерттеулер екі деңгейге бөлінеді: түрлік және биоценоздық. Түрлік деңгей ағзаның ортада болу констансасы, кездесу жиілігі, оның анатомиялық-морфологиялық, физщиологиялық-химиялық касиеттерін зерттеуден тұрады. Биоценоздық мониторингта түрлік алуантүрлілік, келтірілген қауымдастық өнімділігі есепке алынады.
Биоиндикацияның түрлі түрлері бар. Егер бір реакция түрлі факторлар арқылы туындаса, онда арнайы емес биоиндикация деп аталады. Егер қандай да болмасын өзгерісті бір ғана фактормен байланыстыратын болсақ, онда арнайы биоиндикация қарастырылады.
Агробиоценоздың ксенобиотикатармен ластануын дұрыс бағалау үшін поллютант агросферасында кездесетін мутагенді потенциалды анықтау үшін қолдануға болатын және ластаушылар кешеніне жауап беретін нақты тест-жүйелер және фитотест қажет. Сонымен бірге индикаторлар бірнеше қатар талаптарды қанағаттандыру қажет:
- ластаушы заттардың жинақталуы тест-ағзалардың өліміне әкелмеуі;
- тест-ағзалар саны үлгі алуға жеткілікті болуы;
- ұзақ уақыттық бақылау барысында флораның көпжылдық түрлерін алуы;
- фитотесттер генетикалық жағынан біртекті болуы;
- үлгіні алу жеңілдігін қамтамасыз етуі;
- тестіні өткізудің салыстырмалы тездігі қамтасыз етуі;
- нақты және өңделген нәтижелер алуы;
- биоиндикаторлардың жасы және қасиетері ұқсас және бірдей болуы
қажет.
Фитопопуляцияның ауыр металл тұздарымен, пестицид қалдықтарымен, микотоксиндермен және өзге агентермен ластануын анықтау үшін арнайы биотесттер арқылы биотаның морфометриялық, физиологиялық, биохимиялық көрсеткіштерінің өзгерісі деңгейін бағалауда қолдануға болады. Бұндай бұзылыстар өсу энергиясынан, тұқымның өнуінен, тамыр өлшемінен көруге болады. Олардың кейбіреулерін түрлі ағзалар мысалында қарастырсақ.