Бақыт сыйлайтын хат

 

1. Өзгелер күткеннен де артық беріп үйрен. Шын ниетіңмен, қуана бер.
2. Жақсы көретін өлеңіңді жиі-жиі еске алып тұр.
3. Естігеннің бәріне сенбе. Қолда бардың бәрін жұмса. Қанша қаласаң, сонша ұйықта.
4. «Мен сені сүйемін» — дегенді шын сүйген кезде ғана айт.
5. «Кешірші» — дегенді айтқанда сол адамның көзіне тік қара.
6. Қызға ұсынысты тойдан алты ай бұрын жаса.
7. Бір көргеннен ғашық болуға сен.
8. Өзгенің түсі мен арманына ешқашан күлме.
9. Шын ниетіңмен, бар ынтаңмен сүй. Бәлкім, жаныңды жаралайтын болар, бірақ өмірді терең түсінудің жалғыз амалы – шын сүюді бастан кешу.
10. Текетірес кезінде әділ бол. Ешкімнің артына тығылма.
11.Туысына қарап адамды бағалама.
12.Баяу сөйле, бірақ тез ойлан.
13.Біреу жайсыз сұрақ қойса, күліп тұрып «Мұны неге сұрадың?» деп сұра.
14.Ұлы махаббат пен зор жетістік – үлкен тәуекелге бел бууды талап ететінін ұмытпа.
15.Анаңа хабарлас.
16.Біреу түшкірсе, саулық тіле.
17.Жеңілген кезде, сабақ алуды ұмытпа.
18.Үш ұстанымды есте ұста: өзіңді сыйла, өзгені сыйла, бүкіл әрекетіңе жауап бер.
19.Болмашы дауға бола адал достықты қиянатқа қима.
20.Қате жасағаныңды түсінсең, дереу түзе.
21.Біреу қоңырау шалғанда, тұтқаны көтеріп жатып күлімсіре. Қоңырау шалған адам мұныңды дауысыңнан сезеді.
22. Тыңдаған сайын жаның рахаттанатын адамға тұрмысқа шық (не үйлен). Жасың өскен сайын елмен тіл табысу кез келген іс сияқты маңызды бола береді.
23. Кей уақытты жалғыз өткізген абзал.
24. Қолыңдағы құндылықты ықтиятта, бірақ алмасуға дайын бол.
25. Кейде үнсіздіктен артық жауап жоғын біліп жүр.
26. Кітапты көп оқы. ТВ азырақ көр.
27. Лайықты, бай-қуатты өмір сүр. Қартайғанда артыңа қарап, сүрген өміріңе қуанатындай бол.
28. Құдайға сен. Бірақ көлігіңді кілттеп жүр.
29. Үйіңдегі сүйіспеншілік ауаны өте маңызды! Шаңырағың жанға жайлы, үйлесімді болуына барыңды сал!
30. Сүйіктіңмен дауласқанда тек нақты жағдайды сарапта! Өткенді араластырма.
31. Хаттағы лебізден жол арасында қап кететін сезімді оқып үйрен.
32. Біліміңмен бөліс. Мәңгілік болудың жалғыз тәсілі сол.
33. Жердің қадірін біл.
34. Дұға қыл. Шексіз қуатты сезінесің.
35. Біреу сені мақтап жатса, ешқашан сөзін бөлме.
36. Бөтен адамның ісіне араласпа.
37. Сенімен сүйісіп тұрып көзін жұмбайтын адамға ешқашан сенбе.
38. Жылына бір рет табаның тиіп көрмеген жерге бар.
39. Шамаң жетіп, мол қаржы тапсаң, тірі тұрғаныңда басқаларға жұмсап қал. Байлықтан ләззат алудың жалғыз жолы сол.
40. Кейде қалағаныңа қол жеткізе алмау – періштенің қаққаны, Құдайдың қолдағаны боп шығады.
41. Ережеге мұқият бол, қайсысын бұзу керегін біл.
42. Бір-біріңді сүю деген ғажап, ал бір-біріңе мұқтаж болу одан да жақсы.
43. Жетістікке жету үшін нені қидың, соған қарап жетістікті бағала.
44. Сенің «Менің» — өмірлік саяхатыңның ақырғы аялдамасы.
45. Махаббат пен тамақ жасаған кезде ессіз бейқамдыққа бой алдыр.

Борис Гребенщиков
Аударған Шынар Әбілдә

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *