Бактерияларға биотест өткізу
Пестицид қалдықтарын, топырақтағы және судағы ауыр металлдарды тестілеу үшін стандартты микробиотест қолданылады. Оның көмегімен ластаушылардың токсиндік әсерін және барлық токсиканттарды ортада жинақталуының жиынтық эффектісін анықтауға болады. Әдіс топырақтың су сығымын алып, ондағы токсиканттарды ферменттік жүйе – люцеферазамен басу деңгейі бойынша сандық бағалау. Бұнда қоректік ортаға Photobacterium phosphoreum. Бұл әдіспен пестицид қалдықтары талданады. Санитарлық-эпидемиологиялық зерттеулерде патогенді микроағзаларды тіке анықтаумен бірге, индикаторлық штамм әдісі қолданылады және топырақ токсикозы анықталады. Бұнда тест-обьектілер ретінде Clostridium tetani, Escherichia coli қолданылады.
Балдырлларға биотест өткізу
Ластаушыларды анықтауда жиі қолданылатын тест-обьект бір клеткалы жасыл хлорелла болып табылады. Агроценоздың ластануын экспресс анализі үшін оның артықшылығы тіршілік цикілінің қысқалығы мен пигменттік секторлеу, жасуша споруляциясының бұзылуы мен летальді жағдай секілді көрсеткіштерді қолдану мүмкіндігі болып табылады.
Тірі ағзалардың саны және оның фитомассаның динамикасын бағалауға негізделген әдіс, ең аяғында токсиканттардың тіршілік ұзақтығы мен тест-жүйенің өнімділігіне әсері туралы мәлімет береді. Гербицидтардың фитотоксиндігін альгологиялық бағалау әдісі (қағаз «дискілер» әдісі) бар.
Биологиялық тестілеудің көптеген әдістері көзбе-көз бағалауға негізделген. Бұл мақсатта жасыл және диатомды балдырлар қолайлы. Токсиканттар әсерінен балдырлардың жасыл массасы, алдымен, түсін өзгертіп, қою-қоңыр түске ие болады не тіптен түссізденеді. Кейбір токсиканттар түстің көзге көрінетін өзгерісн тудырмайды, алайда балдырлар тургор қысымын жойып, тез жарақаттанады.
Ластаушылар әсерін саныдық тіркеудің әдістері бар, мысалы, плазмолиз. Өлі клеткалар санын табу үшін витальді бояу әдісі қолданылады. Тірі клеткалар протоплазмаға органикалық затардың енуін шектеп, кейін түрлі бояғыштар ертіндісіне орналастырғанда, боялмайды. Өлі клеткаларға бояу еркін енеді, соның нәтижесінде өлі клеткалар санын анықтау мүмкіндігі туындайды.
Ағзаның қандай да болмасын өзгерісін көрсететін тесттер протоплазманың қозғалысы жылдамдығына негізделеді және ол көптеген ағзаларда айналым жасауға қабілетті (циклозис). Протоплазма қозғалысының баяулауы немесе тіптен тоқтауы жасушалары ұзынша келген өсімдіктерде айқын байқалады, мысалы, хара балдырлары (Charophita) және элодея (Elodea).
Ауыр металдармен ластанған топырақты тестілеу үшін балдырлардың бірлік аудандағы биологиялық түрлілігін есептеу тестісі қолданылады. Топырақ аздап ластанғанда –ақ алғашқы болып жасыл балдырлар қауымдастығы жойылады. Сары-жасыл балдырлар, әсіресе бірклеткалылар тазалықтың белгісі. Олардың жойылуы ластану сигналы болып табылады.