Аңызға толы сұлу Көкше

Көгілдір таулар мен кәусәр сулы көлдер өлкесін сан түрлі аңдар мен құстар да мекендейді. Ертеде солардың ішінде жаратылысы ерекше бура болған екен. Тұлғасы зор әрі сұлу. Шудасы бұйралана бұрқыраған, әрі аппақ қардай. Өзі үнемі жалғыз жүреді. Мекені ­ — Көкшетаудың қапталындағы қалын орман. Су ішетін көлі біреу-ақ — Көкшенің түстік іргесінде шалқыған күміскөл. Ақбура күнде шаңқай тұс мезгілінде көлге келеді. Жүретін жолы да біреу-ақ. Ақбураның қасиеті де ерекше. Жасанған жау келерін Я немесе ақсұйек жұт, әйтпесе елбасына ауыртпалық әкелер басқадай жаманшылық боларын күні бұрын сезеді. Күндей күркіреп, шабынып, маза-тыныштық білмей кетеді. Боздаған дауысы бір Тынбастан маңайдағы елді аралап, жүйітки жортып шығады. Ақбураның ол хабарын алған ел ерте Бастан қамданып, сақтық жасайды. Ақбураны жердің киесі, елдің қыдыры деп біледі. Қасиеттеп, қадыр тұтады. Ол мекен еткен аймақты «Бурабай» деп, су ішетін күміс көлді «Бурабай көлі» деп атайды. Жылдардан жылдар өтеді. Ел ішінен бір қандыбалақ қарақшы шығады. Қасына өзіндей кілең сотқарларды ертіп жүріп, елдің тыныштығын кетіреді. Аңдар мен құстарды қынадай қырады. Оның сол бұзықтығын білген ақбура қарақшы келе жатқанда жолындағы аңдар мен құстарды сақтандыра боздап жортып жүйіткиді. Солұшын оған әлгі қанышер қатты өшігеді. Өлтірмекті ойлайды. Бірде ақбура қалың орманды қақ жарып қарсы алдынан шыға келеді. Қарақшы жалма жан сауыт бұзар сұр жебені сары садаққа сала сап, дәл төстен көздеп, адырнаны шір тартып жібереді. Ысқыра зулаған сұр жебе ақбураның кеудесін көктеп қытып, артқы өркешінен шыға тоқтайды. Ақбуа аузынан қанды көбік бұрқырай күркіреп қарақшыға тұра ұмтылады. Қарақшы атын борбайлап қалың қорымға қойып кетеді. Ақбура әлсірей бастағанын сезіп, кейін қайтады. Қаны саулап, жаны қинала сүйретіліп, өзі мекен еткен қалынға әрең-әрең жетеді. Батысқа басын бере шөгіп жатады да, көз жұмады. Киелі жануар сол күйі биіктігі 690 метрге тең тауға айналып, мәңгіге қалады. Артқы өркешке жетіп зор жебе де сол күйі сойдиып, қияннан көзге шалынып әлі тұр… Жеке батыр Көкшетау жерін мекендеген елде ересен бір батыр болыпты. Тұлғасы таудай екен дейді. Қасына серік, соңына қол ертпейді. Елдің шетінде, жаудың бетінде әмәнда жалғыз жүреді. Халқы оны «Жеке батыр» атайды. Жеке батыр тірі тұрғанында елге тұмсық сұға алмайтынына жаулардың көзі айқын жетеді. Сондықтан оны қайтседе де өлтіруді ойлайды. Орасан үлкен садақ құрастырады. Адырнасын қырық батыр жабылып әрең тартады. Жебесі бой қайыңның діңіндей. Сөйтіп қапысыз қамданған жау қара құрттай қаптан андайды. Жекебәтір қашанғыдай оларға жалғыз өзі ғана шығады. Жаулар батырға орасан үлкен жебелерді қардай жаудырады. Өздері қаншама қырылғанына Қарамастан еселеп қаумалай береді, атқылай береді. Жеке батырдың өне бойын жара басады. Сорғалаған қанды тоқтатып таңып байлауға мұршасы жоқ. Қатты қансырайды. Күнді түнге, түнді күнге ұластыраған Шайқастан әбден қалжырайды. Жаулар ел жаққа өтіп кетсе-ақ қорғансызхалықты қойдай бауыздап, қынадай қыратыны хақ. Жеке батыр ақтық күшін жинайды. Қыылышын сермеп, жаудың ортасын тағы да ойсырата орып түсіреді. Күндей күркіреп айғай салады: «Өткізбеймін еліме! тау боп жатам жолыңа! » дейді де, екі таудың арасындағы кең асу аңғарға көлденең түсіп сұлап жата кетеді. Жауды өткізбей, елін аман сақтап қалады. Сөйтіп, тауға айналып, мәңгі қалады. Дулығасы басында, қалың қасты, қыр мұрынды, ерінде, қаба сақалы төсін жапқан… үшәрбиігі 836 метрге тең… Оқжетпес Жеке батырдан бұрын ба, әлде соң ба, кім білсін, әйтеуір бурабай баурайын мекендеген байқұт елде адам айтса нанғысыз бір ер бала дүниеге келеді. Күн сайын өседі. Он жасқа толғанда бойының биік болғаны соншама, жерден тартқан садақтың оғы кеуде тұсын да маңайламайды. Елі оны «Оқжетпес» деп атап аңыз етіпті. Тұлғасы қандай ғаламат болса, күші де соған сай алапат екен. Өзін көтергенді қойып, жау-жарағын артып жүруге шыдас беретін мал баласы табылмаған соң, пілге мініп жүріпті. Жаугершілік елге қай заманда да маза тыныштық бермеген. Айналадан аш қасқырдай анталап тыйеді де жатады. Оқжетпес батыр олардың келгенін келгендей жайпайды да салады. Бір жолы жаулар мейлінше көп болады. Өйткен себебі, жау елдерөзара одақтасып, елді қайтсе де қан жоса қып бір шабуды ойлаған еді. Оқжетпес нешеме күн ұрыс салып, көбін қырады. Бетін қайтарып, кейін қуып тастайды. Батыр аңғал деген емес пе, беті қайтқан жау енді жоламас деген оймен жақсылап тынығып алмақшы болай ма. Күміскөлдің суына Шомылып алады да, көкшенің етегіңдегі ну қарағайдың ортасына келіп шалқасынан түсіп жатады. Қауіп-қатер естен шыққан. Алаңсыз, қамсыз, алып қорылға басады. Қара ниет жау бұл жолы зұлымдық асырып, батырды алдап соғады. Қалың орман ішіне жансыздарын жасырын қалдырған. Олар оқжетпестің басқан ізін аңдып, Алыстан баспалап жүреді де, батыр қалай ұйқыға бас қойды, солай күтіп жатқан мың сан жауға дереу хабар жеткізеді. Олар қолма-қол жетіп, ұйқыдағы оқжетпесті бас салады. Байлап алып, қорлық көрсетпекші. Қапыда қарусыз қалған батыр айналадағы қарағай мен қайыңдарды қолына іліккенін түбірімен қопара жұлып, оңды-солды сермей береді. Сөйте-сөйте ауыл үй қотанындай жердің ағашы Ойраны шығып оталып қалады. Кейін Абылай сонда бір жайғасып дем алған соң алаң «Абылай алаңы» аталған екен дейді. Абылай алаңы Көптің аты көп, топырақ шаша алмайсың. Жаулар қаншасы қырылғанмен де, таусылмайды. Оқжетпес қатты қалжырайды. Әлі бітіп, жығылатынына көзі жетеді. Жығылды-ақ жауға пенде болғаны. Байлап-матап алады. Одан өткен қорлық бар ма! сонда ол тау жаңғырта айқайлап: «О, тәңірім!.. Жау қорлығына кіріптәрете көрме!.. Тасқа айналдыр мені!» дейді. Ол пілін де жауға олжа етпес үшін төбесіне көтеріп алады. Тәңір тілегін беріп, сол сәтте көк құрыш тасқа айналып кетеді. Ата-бабалар оқжетпес шыңының пайда болуы туралы осындай да аңыз-әңгіме қалдырған. Жұмбақтас Ерте-ерте-ертеде, мыңды айдаған, азуы алты қарыс бір бай болған екен дейді. Байдың ұлы көп, ал қызы жалғыз-ақ екен дейді. Қызы-бет біткеннің көріктісі, асып туған Перизат. Өзі және ақылды, өнерлі. Ата-анасы әлпештеп бұла өсіреді. Әкенің ойы қызын хан баласына немесе ақылгой би баласына беру. Күндерде бір күн сол елге бір сері жігіт келеді. Өзі сұлу, өзі енші, өзі күйші. Сегіз қырлы, бір сырлы. Жігіттің сұлтаны. Үлкен де, кіші де оның атын ауыздан түсірмей мақтаумен болады. Бірде жігіт байдың қызымен жүздеседі. Екеуі де махаббат отына жанып, жас жүректер жалындап табысады. Бірақ қыз әкесі олардың қосылуына өлмейінше Ризашылық берер ме? соны білгендіктен қос ғашық ретін табады да, екі сәйгүлікке мініп, түн жамылып қашып кете барады. Талай күн, талай түн бел шешпестен суыт жүріп, бурабайға келіп жетеді. Қуғыннан қара үзіп кеттік, ізімізден адастырдық деген қуанышты көңілмен осы араға тоқтайды. Күміскөлдің жағасына хош иісі аңқыған жасыл жапырақ,Көк балаусадан қос тұрғызады. Жігіт анау-мынау шағын кемеге бергісіз үлкен, сәнді қайық жасайды. Онымен екеуі көл бетіне шығып Сайрандайды. Күміскөлдің теріскей-шығыс тұсындағы әдемі иінге жиі барып, ұзақ-ұзақ аялдайды. Көкшенің көлеңкесі үнемі түсіп тұратындақтан ба, әлде басқадай бірма, әйтеуір қолтыққа ұқсаған бұл иін алқара көк тартып, күміс судан бөлек бояумен әдемі әсер туғызады. Сол реңкіне қарай оны ата-бабаларымыз көгілдір қолтық деп әтағанекен. Екі жас осы көгілдір қолтық айдынында тамылжыған табиғатқа тәнті болады. Суда шоршып ойнаған балықтарды қызықтайды. Махаббат періштесендей аққуларды тамашалайды. Қосылған қос аққудай екі жастың махаббатқа мас, қызықты күндері осылайша өтіп жатады. Бұл кезде оларды қыз ағалары шарқ ұрып іздеп жүр еді. Қызының салт басты, сабау қамшылы бір «Әуейімен» қашып кеткенін білгенде әкесі жер тепкілеп күркіреген болатын. Бүкіл елін қырып жібере жаздаған. Ұлдарына жасақ қосып беріп, қуғынға аттандырған. Жігітті өлтіріп, қызын қайтып әкелуге қатал әмір еткен. Әке қаһарынан қорыққан ұлдарының бармаған жері, баспаған тауы жоқ. Айлардан-айлар өткен бір кездері қашқындар ізінің сорабын дәл тауып, қауіп-қатерсызде төбеден түсуге шақ қалады. Әйтеуір, құдай сақтағанда, екеуінін көзі олардың қарасын ертерек шалып қалған еді. Оны-мұны керектерін ала жан ұшырып қайыққа жетіп үлгіреді. Бөгелместен көлге шығып кете барады. Қуғыншылар бармақ шайнап қала береді. Бірақ кейін қайтпайды. Бай қаһары қатты. Жағалауды торуылдап жүреді де қояды. Олар қайықтың көгілдір қолтыққа жиі соғатынын байқайды. «Қайық бір табылса осы арадан табылар» деп аңдиды. Қалың жапырақ жамылып, жасырынып, садақ ыңғайлап тұрады. Оларды екі жас аңғармайды. Бір жолы жағалауға тым жақын кеп тоқтамай ма. Оңтайлы сәтті пайдаланған қыз ағалары қапы жібермейді. Жігітті кеудеден көздеп, садақты тартып кеп қалады. Найзағайдай зу еткен сұр жебе жігіттің тура жүрегіне қадалады. Жігіт қайықтан ауып құлап түседі. Күміс суды қызыл қанға бояп, шым батып кете барады. Ғашық жарынан арманда айырылған аяулы ару қайғыдан зар еңірейді. Сүйгенінің артында қалған тіршіліктен безінеді. Екі кеш зауал шақта таудан асып бара жатқан күн көзіне қарап, екі қолын бірдей созып тұрып, тәңірге жалбарынады. Өзін қайығымен бірге тасқа айналдырып жіберуін тілек етеді. Жасаған ие оның шын төгілген көз жасын қабыл қылады. Кейінде ата-бабаларымыз кіршіксіз махаббатқа куә сол тасты «Жұмбақтас» атапты. Жұмбақтас десе — Жұмбақтас! бір жағынан қарасаң кәдімгі кеме, екінші жағынан — Шашын жел жұлқылап тұрған пісте мұрын қыз. Сәл бұрыстау жылжысаң, ару қызымыз қайғыдан мұжылген кемпірге ұқсап кетер еді. Ғажап! Кенесары үңгірі Күміскөлдің батыс иығында, қазақтың қара қосындай төбесі шошайғаңдау биік шоқы сарғыш түспен «Менмүңдалайді», шығыс белдеуінде әлдене қарауытып назарға шалынады. Оның не екені тосын адамдарға жұмбақ, ал бір мәрте барғандарға бесенеден белгілі — Үңгірдің аузы. Кенесары үңгірі! Тас-тастың табанға тыйанақ кедір-кетігін баспалдақтай тік өрлеп үңгірге жетесің. Кірер ауыздың алды әдейі жасағаңдай жалпақ кенере. Үңгірдің кеңдігі сегіз қанат ордадан тар түсе қоймасы анық. Тап төбеде түтін шығатын тоқымдай ғана «Шаңырақ» . Адам қолының ісі… дәл астында тұрып жоғары қарасаң, аспан күмбезі одан сайын биіктеп кеткендей әсер етеді. Үңгір алдынан қарағанда, әсіресе, арайлап таң атып, алаулап күн шығар, сондай-ақ, күн ұясына қонар шақтағы сұлу суретті жеткізуге тіл керек! . . Көз алдыңа қалың төселген киіз үстіне қалы кілем жайып, құс жастықта шынтақтай жатқан кенекем келер еді. 

 

Келу қайнары:The 6alash.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *