Антропология

Антропология (грекше antropos — адам) – адам туралы ғылым. Ол адамның шыққан тегін және оның барлық кезеңде бірдей даму типін зерттейді. Әрине, адам денесінің құрылысын анатомия зерттейді. Бұл ғылымдардың бір-бірінен айырмашылығы неде? Антропологтар анатомдарға қарағанда басқа тұрғыдан қарайды. Қалыпты анатомия адамды жинақтап, «орталық» тип деңгейінде абстракты үлгі есебінде зерттейді. Антропологияда адамды салыстырмалы кең көлемде, әрбір адамның жеке әрекеттерін зерттейді: жыныстық, жастық, конституциялық, қызметтік, этникалық және нәсілдік. Бір қатар сұрақтар бойынша антропология, этнография және археологиямен де тығыз байланысты. Антропология адам тарихымен байланысты, жер қоймасынан табылған заттарды зерттейді. Этнография халықтың тұрмысы мен мәдениет ерекшеліктерін, олардың шығу тегін, таралу жолдарын және мәдени тарихи қарым-қатынастарын да зерттейді. Антропология – табиғаттануға жатады. Бірақта биологиялық пәндер ішінде алатын орыны де ерекше, себебі, адам екі қоғамның өкілі – биологиялық және әлеуметтік. Адам – қоғам мүшесі. Адамның, адам болып қалыптасуы жіне оның өмірі қоғамдық ұйымда өтеді. Еңбек пен қоғам – адамның тіршілігі мен жағдайының негізі, оған әлеуметтік тарихи жағдайлар әсер етеді. Антропология ғылымы бірнеше бөлімнен тұрады. 1. Антропогенез – жануарлар дүниесіндегі адамның алатын орны мен адамның адам болып қалыптасуын зерттейді. 2. Морфология — әрбір адам типінің өзгерісін жасқа байланысты өзгеруін, жынысқы байланыстыөзгеруі, жынысқа байланысты белгілерін және тұрмыс жағдайын зерттейді. 3. Этникалық антропология — өткен дәуірден және қазіргі жер шарындағы халықтың антропологиялық құрамын, нәсілдік қалыптасуын, көшіп қону тарихын зерттейді. 4. Физикалық антрополгия – адамның физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктерімен олардың әртүрлі өзгерістерін зерттейді. Антропологиялық зерттеу әдістері. Антропологияның зерттеу аймағы – адам денесі. Ол антрополгиялық және медициналық аймақ болғанымен, олар бірдей емес. Антропологтар бірқатар сапалық белгілерді (антропоскопия) және адам денесінің сандық көрсеткіштерінің (антропометрия) ерекшеліктерін суреттейді. Антропологиялық әдістер арқылы морфологиялық және физиологиялық көрсеткіштерді талдайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *