Дене құрылысы мен түрі бойынша адамдар омыртқалылар типіне, сүтқоректілер класына, маймылдар отрядына, гоминидтер тұқымдастығына жататыны белгілі. (Гоминид – қазіргі заманның және мұнан 3,5 миллион жыл бұрын болған адамдардың жалпы атауы.) Басқа тірі организмдер сияқты адамдарға да оттек, су, қоректік заттар керек, олар маусымдық және тәуліктік табиғат құбылыстарына көндігіп, үйренеді. Температура мен күн сәулесі жарығыны? өзгеруіне байланысты, қорғану әрекеттерін жасайды. Аталған нышандар мен қасиеттер адамдардың биологиялық организмдер қатарына жататынын олардың табиғатқа бағынышты екенін көрсетеді. Біра?, бұдан адамдардың жануарлар мен өсімдіктерден айырмашылығы жоқ деген қорытынды тумайды. Керісінше адамда басқа тірі организмдерде жоқ ақыл мен сана бар, олар үнемі пайдалы іс-әрекетпен айналысуға, өзара келісіп, бірлесіп өмір сүруге, ?з іс-?рекетіне жауапкер болу?а, организмдерде болмайтын ерекше әлеуметтік орта — қоғам құруға тырысады.
Олар құрған қоғамдық арақатынас басқа жануарлар арақатынасынан анағұрлым жоғары тұрады. Адамдар ?з ?ауымдасты? ?о?амында онда өмір сүрудің заңдары мен ережелерін бекітеді және қоғам мүшелерінен оның орындалуын талап етеді. Адамдардың өмір сүруі тек биологиялық факторлармен шектелмей, әлеуметтік мәселелеріне, қоғам заңдары мен ережелеріне де байланысты болады.
Адамның биологиялық табиғаты барлық жанды затқа тән тіршілікті сақтап қалудан және оны көбею арқылы уақыт пен кеңістікте жалғастырудан, қауіпсіздік пен қолайлылықты барынша қамтамасыз етуден көрінеді. Барлық адамдар қоректік тізбекте І және ІІ қатардағы консументтер бола отырып, тағам тұтынады. Олар биогенді элементтердің айналымына қатысатын басқа организмдерге (редуценттермен) қажетті физиологиялық алмасу өнімдерін бөліп шығарады.
Адам – жер бетіндегі қазір белгілі болған үш миллион биологиялық түрлердің бірі. Салыстырмалы эмбриология мен анатомияның мәліметтері адам тәнінің дамуы мен құрылысынан жануарларға ұқсас белгілерді айқын көрсетеді.
Антропология — homo sapiens түрінің биологиялық ерекшеліктері туралы ғылым. Ол адамның шығу тегін, ішкі және сыртқы құрлысын (морфологиясын), дамуын, адамзат нәсілдері мен олардың шығуын, осы нәсілдердің ішіндегі адамның органикалық құрлысының қалыпты вариацияларын, оның ішінде адамдардың мекендеу ортасының ерекшеліктерімен байланыстыра отырып зерттейді. Адам мен жануарлардың дене құрылысында көптеген ортақ белгілер бар:
- Адамда (жануардағыдай) эмбриондық дамудың ерте кезеңдерінде ішкі қаңқасы желі түрінде, жұтқыншақ қуыстарында желбезек саңылаулары бар. Жүйке түтігі арқа жағында, денесі екі жақты симметриялы болады.
- Даму деңгейіне қарай желінің омыртқа бағанасына өзгеруі, бас сүйек пен жақ сүйек аппаратының қалыптасуы, қаңқада еркін жұп аяқ қолдың пайда болуы, ішінде жүректің дамуы адамды омыртқалыларға жатқызуға мүмкіндік береді.
- Сүтқоректілердегі сияқты, адамның омыртқасы бес бөлікке бөлінген, терісі түкті және онда тер және май бездері бар, көк еттің, төрт камералы жүректің, қанның жылы болуы тән.
- Жатырдың болуы және ұрықтың ұрпақ жолдас арқылы қоректенуі адамда плацентарлыларға жатқызуға мүмкіндік береді.
- Қолдарының ұстауға икемділігі (бірінші саусақ басқаларына қарама-қарсы орналасқан), тырнақтардың болуы, бір жұп сүт бездері, көздерінің бір деңгейде орналасуы (үлкейтіп көруге мүмкіндік береді), сүт тістердің түсуі және тағы басқа адамды приматтар отрядына жатқызуға мүмкіндік береді;
- Адамның жануарларға ұқсастығы туралы, оларда арғы тектің белгілері (атавизм) мен қалдықтардың (рудименттің) болуы, арғы тектік белгілер – берілген түрдің жекелеген ағзаларында бұрынғы тегінде болған, бірақ эволюция үрдісінде жойылып кеткен белгілердің пайда болуы, кейде адамда ұшырасатын арғы тектік белгілер (сыртқы құйрық, бетінде қалың түктің болуы, аса жетуілген ит тістер, көп емізіктік т.б.) де к?рсетеді.