Антропологиялық зерттеулердің нәтижелері сот медицинасында, хирургияда т.б. практикалық медицинада өте кең және жиі қолданылады. Мысалы, киім тігуде, үй жиһаздарын дайындауда және станоктарды құрастырудың стандарттарын белгілейде де маңызы бар. Антропоскопиялық әдіс пен антропометриялық әдіс, бірін-бірі толықтырып отырады. Адамның шыққан тегі туралы проблема адам баласын барлық уақытта бірдей қызықтыратын сұрақ. Бұл табиғаттанудың негізгі сұрағы және оны шешудің дүние танымдылық маңызы бар. Адамның адам болуы туралы идиологиялық күрес ертеден келе жатқан көзқарас. Адамның табиғи пайда болуы туралы көзқарасты материалистік тұрғыдан ған түсіндіруге болады. Материалистік көзқарас Римнің натурфилософы Лукреция Караның «Зат тұрғысы» — «О природе вещей» атты шығармасында берілген. Рим дәрігері К.Гален адамға ең жақыны маймыл деп, оның анатормиясын зерттеген. 1619 жылы Италиян философы Лючилио Ваниниді адам маймыл мен туыстас дегені үшін өртеп өлтірілді. Адам жануарлар дүниесіне жатады деген ұғым зерттеушілердің ойында болғанымен, оны сол кездегі діннің дамуына байланысты идеалистік көзқарасқа қарсы шығу мүмкін болиады. Бірінші болып жануарларды жіктеудің негізін қалаған К.Линней, түр өзгермейді деген ұғымнан таймаған. Ол «адамды жаратушы құдай» деген ұғымнан таймаған. Ол адамдарды приматтар отрядына, сүтқоректілер класына жатқызған. Осы отрядқа Линней, маймыл мен жартылай маймылдарды да кіргізген. К.Линнейдің ұсынысы бойынша адам туыстық және түрлік атаққа ие болды (Homo sapiens – человек разумный – ақалды адам). ХVІІІ ғасырда адам маймылдардан шықты, деген ұғымды қолдағандардың бірі орыс натуралисті Афанасий Каверзанов болатын. Ол өзінің «жануарлардың қайта қалыптасуы» деген кітабында (1778) барлық жануарлардың шыққан тегі біреу және олар бір-біріне сыртқы бейнесі ұқсамағанымен олардың ішкі мүшелерінің құрылысында таңқаларлықтай ұқсастықтар бар деген. Бірінші эволюцияның авторы Ж.Б.Ламарк, адамның шығу тегі туралы гипотезаларында бірінші болып «Зоология философиясы» (1809) атты еңбегінде көрсеткен. Ламарк, адамның шыққан тегі, екі аяғымен тіке жүруге бейімделген, ағашта тіршілік ететін, маймыл тұқымының біреуі деп есептеген. Адамның прогрессивтік ерекшеліктерінің пайда болуын, Ламарктың эволюциялық теориясы бойынша, мүшелердің жаттығуларының нәтижесі және олардың қажеттеліктерінің даму барысында ұрпақтан-ұрпаққа берілуі деп көрсетті. «Түрдің шығу тегі» деген еңбегінде Ч.Дарвин болашақта эволюцияның ілім, адамның шығу тегін анықтауға үлесін қосады деп көрсетті. 1871 жылы «Адамның тегі» деген Ч.Дарвиннің жаңа кітабы шықты. Осылайша, антропогенез теориясының биологиялық негізі қаланды. Бірақта «Ақылды адамның» шығу процесі биолигиялық проблемаемес. Адам эволюциясының негізгі факторы еңбек ету. Антропогенездің еңбекке байланысты теориясын ұсынған және дәлелдеген Ф.Энгельс. Адамның шығутегі туралы сұрақ осы күнге дейін идеологиялық күрес аренасы. Күмәні жоқ дәлелдемелердің қысылуымен адамның агтропоморфты бастамаларданшыққаны мойындалды.