Антропогендік әсердің жануарлар ағзасына әсерін анықтап, соның нәтижесінде индикаторлық қызметін бөліп көрсету

Антропогендік әсердің жануарлар ағзасына әсерін анықтап, соның нәтижесінде индикаторлық қызметін бөліп көрсету

 

Қоршаған ортаның өзгерісін анықтауда биологиялық индикаторлар ретінде тірі ағзаларды  қолдану индикаторлық түрлерді таңдап алуға мүмкіндік беретін бірнеше қатар критерияларды қажет етеді. Жануарларға қатысты бұндай критерия ретінде: маусым барысында тіршілік ортасында қол жетімділігі, аздаған миграциялық қабілеті, жоғары метоболизм, өсімділігінің тез ауысуын қарастыруға болады. Осы және бірнеше қатар өзге де талаптарды жоғары деңгейде қанағаттандыратын ағзаларға топытарқтың омыртқасыз ағзаларын жатқызуға болады. Олар биомассаның 90-99 пайызын және жер беті биоценозының түрлік құрамының 95 пайызын құрайды. Сонымен бірге олар физикалық өлшемдерге қарағанда  антропогендік әсерлерге сезімтал және тез жауап береді. Ауыл шаруашылығында топырақ омыртқасыздары арқылы пестицидтардың, минеральды тыңайтқыштардың, агротехниканың әсерін бағалауға болады. Урбандалған территорияларда олар ауыр металдардың, радионуклеидтардың, қышқыл тұнбалардың, ауаның ластануының биоиндикаторы болып табылады және мелиорация барысында топырақтың су режимінің бұзылуын анықтайды. Биоиндикацияда қолдануға болатын, топырақта тіршілік ететін омыртқасыздардың келесі алғышарттары бар: барлық биотоптардағы көп сандылығы, тұрақты, отырықшы тіршілігі, кейбір элементтреді жинақтау қабілеті, таралудың кең ареалы, оларды жинау әдістері жақсы жасақталған. Жануарлардың бұл тобының негізгі маңызды ерекшелігі: көпшілігінде даму цикі 3-4 жылға созылып, нәтижесінде аздаған концентрацияда ақ ластаушы заттың жоғары жиынтық дозасын жинақтайды. Сонымен брге топырақ омыртқасыздары өзінің тіршілігі барысында  топырақты ластаушы заттармен тығыз қарым-қатынаста болады.

            Бұл топырақ ағзаларының биоиндикаторлар ретіндегі маңызы биоценологиялық, ауыл шаруашылық және орман шаруашлығы,сондай-ақ қоршағн ортаны қорғауды ұйымдастыруда өте жоғары. Олардың көмегімен аздаған, алайда қауіпті ауытқушылықтары бар қоршаған ортадағы өзгерістерді анықтауға болады. Соған сәйкес антропогендік факторлардың әсерін жоюға немесе бейтараптауға өз уақытында шара қолануға мүмкіндік береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *