Адам экологиясы – экология ғылымының бір   тармағы.  Адам экологиясы пәні, мақсаты мен міндеттері. Басқа ғылымдармен  байланысы.

Адам экологиясы – экология ғылымының бір   тармағы.  Адам экологиясы пәні, мақсаты мен міндеттері. Басқа ғылымдармен  байланысы.

Экология гректің «ойкос» — үй, «логос» — ғылым деген сөзінен шыққан. Тура аудармасында бұл ғылым «табиғи үйді», онда тұрып жатқан организмдермен бұл «үйді» тіршілікке жарамды ететін үрдістерді зерттеп, танып білуді білдіреді. Экологияның  ғылым ретінде пайда болуы 1866 жылдық 14 сентябірінде неміс биологы Э.Геккелдің «Организмдердің жалпы морфологиясы» деген еңбегімен байланысты. Ол өз еңбегінде «Экология ретінде біз организмдердің сыртқы ортамен қатынасын қарастыратын жалпы ғылымды түсінеміз» — деп көрсеткен. Экология, бұл атау шықпастан бұрын адамзат дамуымен бірге жерді десе де болады. Экология – тірі организмдердің бір-бірімен және олардың қоршаған ортамен байланысын зерттейтін ғылым. Бұл байланыстар жер бетіндегі «тіршілік» деп аталатын өте күрделі және тығыз бірліктегі байланыстарды түзеді. Қазіргі таңда экология кешенді пән аралық ғылымға айналды. Экология география, геология, химия, физика, биология, мәдениет теориясы, экономика, медицина сияқты ғылымдармен тығыз байланыста. Экология ғылымы биоцентристі бола турса да таза биология емес. Экологияда зерттеу әдістері сипаты және ұйымдасу деңгейі жағынан алғанда әр түрлі болуы мүмкін: химиялық, физикалық, биологиялық, молекулярлық, морфологиялық, физиологиялық, демографиялық т.б. қазіргі таңдағы экология ғылымы – бұл білім қорларының жаңа бөлімі. «үлкен» экология немесе «мегаэкологияның» нақты ақын құрылымы жоқ.

Басқа биологиялық организмдер сияқты адамдар да қоршаған ортамен тығыз байланыста болады, сондықтан олар табиғат заңдарына бағынып, онда өтіп жатқан заттар айналымына қатысады.

 Ертедегі қытай, Египетте өсімдіктер мен жануарлар  және олардың өзара байланысы, адамдардың табиғатқа әсері туралы мағлұматтар жиналды. Бұл таңданарлық жайт емес, себебі адамдардың қоршаған табиғи ортаға кері әсері ертеден басталды. Орыс дәрігері, профессор А.А. Остроумовты?  1895 жылы жарыққа шыққан «Клиникалық дәрістерінде» «Біздің зерттеу затымыз — қалыпты өмірі оның тіршілік ету жағдайларымен бұзылған науқас адам болып табылады» деп жазды. Н.Ф.Реймерстің  (1992) пікірінше, адам экологиясы басқа атаумен  болса да классикалық биологиялық экологиямен (биоэкологиямен) бір мезгілде дерлік пайда болды. Көптеген жылдар бойы ол екі бағытта  қалыптасты – адам экологиясы және әлеуметтік экология.  Адам экологиясы мәні жағынан әлеуметтік экологиядан  үлкен, әрі кең. Бұл бағыт «адам биологиясы» деген атаумен  кеңінен дамыды.

«Әлеуметтік экология» ұғымын Р.Паркпен Э.Бюргес (АҚШ) өткен ғасырдың 20-сы жылдары ғылымға енгізді. Олардың айтуынша адамдардың қоғамдағы орны тек өмір сүру үшін тартысу және күресу арақатынастарының негізінде, яғни биологиялық бақталастықта көрінеді.    Бірақ, біртіндеп  мұндай көзқарастар өзгеріп, адамдарды тек биологиялық тұрғыдан қарамай, жаратылыстану, экономиялық, әлеуметтік ғылымдар жиынтығы ретінде танитын ғылыми еңбектер жарық көре бастады. Біртіндеп шетелдік әдебиеттерде «әлеуметтік экология» ғылымынан қарағанда «адам экологиясы» ғылымы жиі қолданыла бастады. Жалпы, жаңа ғылыми бағыт — адам экологиясы  20 ғасырдың екінші жартысында адамды тіршілік ортасымен біртұтастықта кешенді зерттеу мақсатында қалыптасты.

Ю.П.Лисицын (1973), А.В.Кацура, И.В.Новак, А.Г.Воронов (1974). О.В.Бароян (1975), Н.Ф.Реймерс, т.б. авторлар өмір сүруге қолайлы жағдайлады зерттегенде адамдар экологиясы мәселенің екі жағын:  биологиялық ж?не  әлеуметтік, ескеруі қажет екенін атап көрсетті.

Адам экологиясы – бұл адамның мекен ету ортасымен өзара қарым-қатынасы туралы ғылым болып табылады. Бұл қарым-қатынастардың негізінде адам организіміні? ортаның әсерлеріне морфофизиологиялық реакциялары жатыр. Организімге ?орша?ан ортаның абиотикалық (физикалық, химиялық), биотикалық және антропогенді факторларының әсері анықталады.

Адамдардың  жыл  сайын  күшейіп  келе жатқан  іс әрекеттерінің  қоршаған ортаға  тигізетін әсерін, пайда-зиянын, табиғат  байлықтарын  ұқыпты  пайдаланып, қалпына  келтіріп  отырған жолдары мен  әдістерін де  адамдар экологиясы зерттейді. Оның  негізгі тақырыбы – адамдар мен табиғаттың  арақатынасы, олардың іс әрекетінің  қоршаған ортаға пайдасы  мен  зияны. Адам экологиясы адамны? таби?и м?нін, оны? тіршілік ортасыны?, денсаулы?ыны? экологиялы? факторларын ?арастырып, әлеуметтік-экономикалық келелі мәселелерді пайдалы шешу, адамдардың өмір сүруін жақсарту, табиғат пен қоғамның ара қатынастарын ұтымды ұйымдастыру жолдары мен әдістерін зерттейді.

Адамдар экологиясы экологияның үлкен бір бөлігі болып есептеледі.

Адамдардың табиғатпен арақатынастары көп қырлы және көп сырлы болады. Оларды түсініп білу үшін терең білім мен зерттеу әдістерін жете меңгеру қажет. Адам экологиясы құрлымы жағынан биологиялық, әлеуметтік, антропогендік, қолданбалы компоненттерден тұрады.

қазіргі таңда адам экологиясының алдында маңызды бірнеше теориялық мәселелер тұр:

  1. Популяциялық, топтық, жекелей деңгейде адамның бейімделу механизмдерін зерттеу;
  2. қоршаған орта әсерлеріне арнайы, арнайы емес организмнің конституциялық реакцияларын анықтау;
  3. Бейімделу реакцияларының қалыптасуына уақыт факторының мәнін зерттеу;
  4. әр түрлі аймақта тұрақтап тұрып жатқан халықтық эволюция-генетикалық сипатын және олардың бейімделу механизмдерінің ерекшеліктерін зерттеп, анықтап олардың экологиялық портретін жасау (Адамның экологиялқ? портреті – жеке адамның өзі өмір сүріп жатқан ортаның белгілі бір ерекшеліктеріне арнайы бейімделуін сипаттайтын генетикалық қасиеттері мен морфофункционалдық тұқым қуалау белгілерінің жиынтығы);
  5. Адам денсаулығына космостық, жердік, әлеуметтік қоғам факторларының және олардың ырғағының әсерлерін зерттеу, анықтау.

Адам экологиясы бойынша көптеген еңбектердің авторы Н.А.Агаджанян  экологиялық ықпал мен адам экологиясының құрылымын келесідей суретте көрсетеді  (Сурет 1)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *