Қазақ ұлттық киім-кешектерінің тазалық сақтауға, адам денсаулығына пайдасы зор.
Кимешек – бас киім, ол шашқа шаң-тозаң түсірмейді, кірлетпейді.
Тақия – дөңгелектеніп тігілген жеңіл бас киім. Бір түсті матадан төбесі төрт сай немесе үшкіл болып тігіледі. Тақия үшін сәтен, шұға, барқыт сияқты маталар пайдаланылады. Қыздар киетін тақиялар жібек жіптермен кестеленеді, моншақтармен, асыл тастармен безендіріледі. Төбесіне үкі тағылады.
Сәукеле – қалындықтың бас киімі. Қалындық сәукелені күйеу жігіттің еліне киіп бару үшін тіктіреді. Ол арнайы ақ киізден немесе жай матадан тігіледі де, сырты барқыт, атлас, мауыты, шұға сияқты қымбат маталармен қапталады. Сәукеленің сыртынан жерге жететін ұзын ақ желең жабылады.
Тон – мал терісінен тігілген қыстық сырт киім. Әрі жылы, әрі жұмысқа ыңғайлы.
Ішік – қасқырдың, түлкінің, қарсақтың терісінен тігіледі, оның сырты матамен қапталады.
Шекпен – түйенің немесе қойдың жүнінен тоқылған жеңіл сыртқы киім.
Шапан – сырт киім. Олар әртүрлі болады. Сырмалы шапан, қаптал шапан, қималы шапан деп аталатын түрлері бар. Сәнді шапандар масаты матадан тігілген, оларға асыл заттар қадаған. Қаптал шапанның жағасына құндыз салынып, әшекейленген.
Мәсі – аяқ киім. Етіктен айырмасы – тақасы болмайды. Тазалыққа да, денсаулыққа да өте қолайлы.
Кебіс – мәсінің сыртынан киюге арналған аяқ киім. Кебіс былғарыдан тігілген. Кебестің өкшесі болады және ол зер жіптермен өрнектеледі.
«Қазақстан әйелдері» журналынан
Тон, ішік, шапан, шекпен, қалпақ, бөрік, тымақ, сәукеле, желек, кимешек, жаулық, қамзол, желең шапан, көйлек – названия национальной одежды.
Кісе – древний элемент одежды; оқшантай – подвеска; они бывают в виде кошелька, пороховницы, футляра для ножа. Иногда оқшантай имеет только декоративное значение.