Құсбегілік — сүйікті іс

Құсбегілік көңілді, әсерлі, қызығы мол демалыс болып табылады. Осынау киын да қызықты өнерге балалардың жас кезінен көзін қанықтырып, танымын шыңдап отырған. Аңшылық-саятшылық көшпелі өмір салтынын әрі күнкөрістік, әрі көңіл көтерерлік бір дәстүрі болумен бірге, әскери жаттығудың, шынығып-шыңдалудың да тамаша үлгісі болған.

Құсбегі — аңға, кұсқа салу мақсатымен бүркіт, ителгі, қаршыға, қырғи сияқты жыртқыш құстарды қолға үйрететін адам.

Құс салуға бірнеше кісі бірігіп шығады. Аң мен құстын мекеніне жетісімен қыран ұстаған құсбегі биіктеу жерге шығып тұрады. Қалғандары дабыл қағып, аңды таутастан, қорымнан үркітіп, үйрек-қазды судан ұшырады. Дабылдан сескеніп, бой көрсеткен аңға, көлден ұшқан кұска томағасын сыпырып қыран қосады. Қолға түскен аң-құсты аңшылар жолына, жасына қарай бөліп алады.

Қазақ арасында аңшылықтың кең тараған түрі — бүркітпен аң аулау. Елімізде бүркіт, көбінесе, Алтай, Тарбағатай, Алатау, Көкшетау таулары мен орман алқаптарында кездеседі.

Бүркітті қолға үйретіп, аңға салу үшін қажетті бұйымдар: томаға, тамақбау, балақбау, балдақ. Олардың әрқайсысының өз қызметі бар. Құсбегі аңға шыққанда бүркітті оң колына қондырып, білек бауларынан ұстап, балдақпен астынан тіреп, ат үстіне қонады.

 
 
 
 
 
 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *