Тіркемелі трактор

Ұзақ  мерзімді  жоспардың тарауы: 5.7.3.Көлік және жол белгілері  
Сабақ:  Қазақ тілі Мектеп: С.Лапин атындағы № 261 орта мектеп  
Күні:  14. 02. 2018 жыл Мұғалімнің тегі, аты: Арленкеева Бақыт  
Сынып: 5 «Е» Қатысқан оқушылар саны: 25 Қатыспаған оқушылар саны:  
Тақырыбы Тіркемелі трактор.Зат есім  
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары 5.Т/А4.Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау.

5.ӘТН 4.2 Зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану.

 
Сабақ   мақсаттары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлық оқушылар орындай алады:

1.Мәтіннің мазмұнын түсініп,тірек сөздерді тауып, негізгі ойды жетекші ұрақтар арқылы анықтайды.

2. Зат есімнің мағыналық түрлерін ажырата алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

1.Мәтіннің мазмұнына сүйене отырып, бөлімдерге бөледі.

2.Түбір зат есімдерден туынды зат есім жасап, түрлендіріп,мысал келтіреді.

Кейбір оқушылар орындай алады:

1.Мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіре отырып, түйінді шешім шығарады.

2. Зат есімнің мағыналық түрлерін ажырата отырып, бөліп көрсетіп, мәнмәтін аясында қолдана алады.

 
Бағалау  критерийлері -Ұсынылған тірек сөздерді орынды пайдалана алады.

-Жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтай алады.

-Мәтіннен зат есімдерді тауып, мағыналық түрлерін ажыратып, сұраққа жауап бере отырып, өз ойын айта алады.

 
Тілдік  мақсаттар:

 

Оқушылар орындай алады:

Зат есімдердің мағыналық түрлерін мәтіннен таба алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:.

Бесаспап,отағасы,үйелмен,ұршықша үйіру сөздерінің мағынасын таниды

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Әпке мен бала диалогі, баланың әжесіне деген қамқорлығы

Талқылауға арналған сұрақтар:

-Әпкесі не себепті қалада тұрады?

 -Анасы мен әкесі неліктен таңертеңнен кешке дейін үйінде болмайды?

 -Бұл мәтіннен не түюге болады?

 
Алдыңғы   оқу Сөз таптарын біледі  
Пәнаралық   байланыс Қазақ әдебиеті,Орыс тілі,Математика, Өзін –өзі тану  
 Құндылықтарға  баулу Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, құрметпен қарау, ынтымақтастық, ашықтық, жауапкершілікті сезіну, білім алуға дайын болу.  
Жоспар  
Жоспарланған уақыт Жоспарланған   жаттығулар Ресурстар  
Сабақтың басы

6  минут

 

 

 

 

 

 

 

 

2  мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 мин

 

 

 

 

Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылармен сәлемдесемін.

2.Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалаймын.

 «Жаныңа жақын билет кассасы» әдісі бойынша жаңа тақырыпқа сәйкес қоғамдық көлік билеттерін алу арқылы оқушыларды топқа біріктіру.

І топ – Автобус жолаушылары

ІІ топ –  Ұшақ жолаушылары

ІІІ топ – Пойыз жолаушылары

1)                  Сіз  өте шығармашылыққа жаны құмар жансыз. Армандарыңыз бен жоспарларыңыздың ауқымы өте кең. Жеке кәсібіңізді жүргізуге де қабілеттісіз. Ол үшін табиғат-ана сыйға тартқан талантыңыз да бар. Достық пен махаббатта тұрақтылықты, беріктікті басты орынға қоясыз. Достарыңыз болса мәңгілік бірге болуды, сүйген жаныңыз болса, өмір бойы жұп жазбауды құп көресіз.

2)                 Сіз мықты тұлғасыз, сезіміңізден ақылыңыз басым тұрады. Өзіңізге бақыт дәнін сеуіп, оның жемісін өзгелермен де бөлісесіз. Ережелермен өмір сүресіз. Дағдыңыз қалыптан шығып қалса, мәні жойылса да оны тастамайсыз.

3) Сіз бейбіт, төзімді жансыз. Өмірде барлығын салқын қандылықпен қабылдайсыз. Өмірді сүйесіз, экстремалды әдіспен уақыт өткізуге де қарсы емессіз. Бірақ бір кезде одан да жалығасыз. Барлығынан ойыңызды жинақтайтын оңашалықты, кеште жалғыз қалуды қалайсыз.

 «ВЕЕР» әдісі  арқылы үй тапсырмасын сұрау:

1)      Сөз таптары дегеніміз не?

2)      Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?

3)      Семафор дегеніміз не?

4)      Бағдаршамның түстері қалай белгіленеді?

Қалыптастырушы бағалау:Смайлик арқылы бағалаймын

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
   
Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ

29 мин

Білу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолдану

 

 

 

 

 

 

Сабақтың  соңы

5 минут

 

 

3 мин

 

 

 

 

5 мин

 

 

 

4 мин

 

 

 

 

5 мин

 

 

 

 

 

 

5 мин

 

 

 

 

7 мин

 

 

 

 

 

1-тапсырма.Тыңдалым/айтылым. Топтық жұмыс

«Пирамида» әдісінің 3 қадамын ауызша айту арқылы мәтінмен танысады.

І топ: Мәтінмен жеке танысып, негізгі тірек сөздерді  анықтайды.

ІІ топ: Мәтін бөліктерінде айтылған ойды өз сөздерімен баяндайды.

ІІІ топ: Мәтін мазмұны бойынша жетекші сұрақтар құрастырады.  

Қалыптастырушы бағалау: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі

Кері байланыс:  Топтық жұмыс жасауда не қиындық тудырды?

2- тапсырма.Жұптық  жұмыс.

1-топ: 1А тапсырмасы: Мәтін мазмұнына сүйеніп, дұрыс жауапты белгілеңдер.

2- топ: 1 Ә тапсырмасы: Сөйлемдерді аяқтап жазыңдар.

3-топ: Оқулықтағы түсіндірме сөздіктегі сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастыру.  Қалыптастырушы бағалау: «Бағдаршам» әдісі арқылы топтар бір – бірін бағалайды.

 

Грамматикалық тақырыпты түсіндіру

 

3 — тапсырма. Жазылым. Жеке жұмыс.

4-тапсырма. Тыңдалым.  №35  аудионы тыңдаңдар

1-топ-  Тыңдалған мәтіннен 3 зат есімді тауып, септік жалғауларымен түрлендіріп жазыңдар.

2- топ – Берліген зат есімдерді дара және күрделі түрге топтастырыңдар.

3-топ Тыңдалған мәтіннен «Кім?» деген сұраққа жауап беретін сөздерді теріп жазу.

Қалыптастырушы бағалау: Геометриялық фигуралар арқылы бағалаймын   

Үйге тапсырма: Әртүрлі дереккөздерді пайдаланып, өздеріңе ұнайтын көліктің бір түріне қатысты қызықты ақпарат жинаңдар.Мынадай сұрақтарға жауап беріңдер:

1)      Көлік қашан және қай жерде пайда болған?

2)      Көліктің қандай артықшылықтары бар?

3)      Қандай кемшіліктері бар деп ойлайсыңдар?

Кері байланыс  «Ашық микрафон» әдісі

1)      Қандай жаңа білім алдың?

2)      Сабақта өзіңе не ұнады?

3)      Алған біліміңді қолдана аласың ба?

Саған қандай түсініктер қиындық тудырды?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
Қосымша ақпарат:  
Саралау.

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жопарлайсыз?

Бағалау.

Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері.

АКТ-мен байланыс.

 
Саралау тапсырмаларын беру негізінде белгілі бір оқушыдан  нәтижесі күтіледі. Оқушыға қолдау көрсетіліп, жеке қабілеттері   тапсырмалар арқылы жан – жақты ашылады. Оқушымен белсенді оқу әрекетін жүргізу үшін топтық, жұптық,жеке, сыныптық  жұмыстар жүргіземін.  Топтар бірін-бірі 1.«Смайлик » 2.«Жұптасу»,

 

 

 

Сергіту,  АКТ қолдану, ресурстар, постер.  
Рефлексия  
1.Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Сабақтың  мақсаты мен оқу міндеттері орындалды  деп есептеймін. Себебі, оқу  мақсатына  сай  берілген тапсырмалар толық орындалды.Оқушылар сабақ барысында белсенді қатысып отырды.Мәтіндегі зат есімдерді тауып,мағыналық түрлеріне ажыратты.  
2.Бүгін оқушылар не үйренді? Оқушылар сыни ойлау арқылы  өзіндік тұжырым жасай алуды, өзгелердің пікірін тыңдай білуді және құрметпен қарауды, қарым-қатынас  және сөйлеу мәдениетін, жұппен және жеке жұмыс тиімді жасауды, бірін-бірі әділ бағалауды үйренді.  
3.Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?  Сабақта оқу мақсатына сай жоспарланды. Тапсырмалар  берілген уақыт бойынша орындалды. Белсенді  оқу әдістерін қолдану арқылы  оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеті дамыды. Жеке және топпен жұмыс істеу қабілеті, сын тұрғысынан ойлау дағдылары , сөйлеу мәдениеті қалыптасады.  
4.Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Тақырыпты оқушыға меңгерту  үшін берілген тапсырмалар  нақты және жүйелі болды.

Жұптық, топтық жұмыстарды орындау барысында  түсіну, білу және қолдану кезеңдерінің  тапсырмаларын  саралап оқыту тәсіліне сай берілген жұптық тапсырмалар  орындалды;

 
5.Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарланған жұмыстар өз уақытында толық орындалды.  
6.Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге? Жоспарымда өзгеріс болмады.  
Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе ойдағыдай сәтті шықты(оқытуды да,оқуды да есепке алыңыз)

1.Жұптық жұмыс.

2. Топтық  жұмыс

Қандай екі нәрсені жетілдіру сабақты жақсартар еді? (оқытуды да, оқуды да есепке алыңыз)

Қалыптастырушы бағалауды жетілдіру;

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?;

1.Оқушының  ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған күрделі тапсырмалар  түрін  жетілдіру;

 
                 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау парағы
Бағалау   критерийлері Дескрипторлар
-Ұсынылған тірек сөздерді орынды пайдалана алады.

-Жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтай алады.

 
Тірек сөздерді орынды пайдаланды.

Жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтады.

-Мәтіннен зат есімдерді тауып, мағыналық түрлерін ажыратып, сұраққа жауап бере отырып, өз ойын айта алады..  Мәтіннен зат есімдерді тапты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *