Коксаги және ЕСНО ішек вирустарымен шақырылатын, фекальді-оральді жолмен таралатын, клиникалық белгілері бойынша полиморфизммен сипатталатын, әсіресе ОНЖ, бұлшықет жүйесі жағынан әртүрлі бұзылыстармен көрінетін, жедел инфекциялық ауру.
Этиология
Қоздырғыштары – Picornaviribae тұқымдасына Enrerovirus туысына жататын РНН-геномды вирустар Коксаки А, Коксаки В және ЕСНО типті вирустар. Барлық вирустарға тән белгілер:
- .мөлшері үлкен емес (15-35нм)
- .эфирге және 5% лизопмен 70% спиртке төзімділік
- .тұздатуға төзімділігі
- .феналинда суықта өз тіршілігн 6 айға дейін сақтайды
Эпидемиологиясы
аурудың көзі және резервуары ауру адам, вирус тасымалдаушы, манифесті формамен ауыратын адам. Инфекция ошағының контагиоздық кезеңі – апталар және айлар.
Тарау жолдары
Берілу механизмі-фекальді-оральді. Тарау жолдары:
- алиментарлы
- ауа-тамшы арқылы
- тұрмыстық-контактілік
- вертикальді (трансплацентарлы)
Адамның осы ауруды қабылдау мүмкіншілігі жоғары, көбінесе балалар ауырады. Мерзімділігі күз-жаз айлары.
Иммунитет.
Көбінесе аурудан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады. Бірақ кейде айқаспа иммунитет байқалуы мүмкін (басқа типті вирусттарға)
Патогенезі.
Коксаки және ЕСНО вирустары жиі сау адамдар ішектерінде кездеседі Инфекция ену қақпалары:
- ас қорыту жолдарының шырышты қабаттары
- жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышта қабаттары
Енген жерінде қабыну реакциялар дамиды: олар көрінеді:
- жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабаттарының гиперемиясымен
- регионарлы лимфаденитпен
- диспепсиялық бұзылыстарымен
- энантемамен
- .Энтеровирустар лимфа түйіндерінде, лимфа жүйесінде көбейеді де, гематогенді жолмен диссеменация жасайды, басқа мүшелерге барады. Бұл вирусқа тән, белгілі тканьдерге троптылық қасиеті, келесі тканьдерге, эпителиальді клеткалар, жүйке және бұлшықет ткані.
Клиникалық формалары:
Типтік формалары:
- герпангина
- эпидемиялық миалгия
- асептикалық серозды менингит
- экзантема
Атиптік формалар:
- инаппаранты форма
- жазғы грипп түрінде
- катарльді (респираторлы) форма
- энцефалитикалық форма
- энцефаломиокардитті (жаңа туған балаларда) форма
- полиомиелит тәрізді (спинальді) форма
- эпидемиялық геморрагиялық коньюктивит
- увеит
- нефрит
- панкрентит
- микст-инфекция
Клиникалық белгілері
- . Инкубациялық кезең 2-7 күн. Басталуы-жедел.
- .Дене қызуы 38-39-40С (қызба көбінесе толқын тәрізді өтеді)
- .Интоксикация белгілері: — бас ауруы
- бас айналу
- әлсіздік, енжарлық
- Диспепсиялық белгілері: — жүрегі айнуы
- құсу
- диарея
Науқас беті: гиперемирленген, тамыр склераның иньекциясы. Терісі, тамағы полиморфты, энзантема, тамағының қызаруы, қабыну белгілері. Лимфа түйіндері: микрополиаденит.
Герпангина
Басталуы жедел, кенеттен. Мұрын жұтқыншақ шырышты қабаттарында жайылған гиперемия.1-2 тәулік ішінде таңдайға, тілшеде және бадамша бездерінде қызыл папулалар везикулалар шығады. Резикула жарылған жерде эрозия пайда болады.
Эпидемиялық миалгия
Миозиттің дамуына байланысты, ішінде, кеудесінде, арқа және қол-аяқ бұлшықеттерінде ұстама тәрізді ауырсынулар пайда болады. Ауырсыну кеуде бұлшықеттерінде болғанда тыныс алу қиындайды. Ұстама 30-60 минут сайын қайталап, 5-10 минут мазалайды.
Серозды менингит.
Ең жиі кездесетін және ең ауыр форма. Менингиальды симптоматика дамиды: қатты бас ауруы, жүрек айну, құсу, мойын бұлшықеттерінің ригидтілігі, Керниг және Брудзинский симптомы. Ликворда-ликворлық гипертензия, лимфоцитарлы-нейтрофильді плеоцитоз.
Энтеровирусты экзантема.[өңдеу
Энтеровирусты инфекцияда экзантема басқа белгілерімен қатар келуі мүмкін немесе жетекші синдром болуы мүмкін. Ауру басталғаннан кейін 1-2 күннен кейін қызба және жалпы улану фонында денеде, бетте аяқ-қолдар да полиморфты немесе дақты папулезді бөртпе пайда болады. Экзантемалардың әртүрі кездеседі: қызылша, қызамық тәрізді, сирегірек скарлатина тәрізді. Бөртпе ұзақтығы 1-2 күннен аспайды.
Энтеровирусты қызба
(жазғы грипп) немесе (кіші ауру). Ауру қысқа түрде және жеңіл өтуімен сипатталады. Мүшелермен жүйелер зақымдалмайды. Қызбалық реакция 1-3 күнге созылады.
Катаральді (респираторлы форма).
Балаларды және үлкен адамдар да грипп тәрізді өтеді. Қызба байқалады. Катаральді белгілер байқалады: құрғақ жөтел, серозды-сілекей бөлінулері бар ринит, ауыз жұтқыншақтың шырышты қабатының гиперемиясы.
Энцефаломиокардит
(жаңа туған балаларда)-энтеровирусты инфекцияның ішінде ең ауыр ағымды. Науқаста енжарлық, құсу және анорексих байқалады.
Миелит
Полимиелиттің паралитикалық формасынан ажырату қиынға түседі. Бірақ миелит жеңілдеу өтеді, ал қозғалыс функциясы әдетте қайтадан орнына келеді.
Энтеровирусты диарея (вирусты гастроэнтерит).
Жедел пайда болады, дене қызуы 38-39С-ке дейін жоғарлайды (қызба 2-7 күн болады). Диарея болады, құрамында ешқандай патологиялық қосылыстар болмайды Іште ауырсынуымен және метеоризммен көрінеді. Көбінесе 2 жасқа дейінгі балалар ауырады. Сұйық нәжіс 2-10 ретке дейін болады. Қосымша жиі қиналатын құсу болады.
Дифференциальді диагностика.
Энтеровирустың түріне байланысты инфекциялы және инфекциялық емес ауруларды ажыратады. Эпидемиялық миалгияны жедел хирургиялық аурулармен салыстыру қажеттілігін ескеру керек.
Диагностика.
Энтеровирусты инфекциялардың кейбір түрінде диагнозды клиникалық симптомдар мен эпидемиологиялық мәліметтер есебінен қоюға болады. Лабораториялық зерттеудің дәлел болып нәжістен, аран шырышты қабатынан және церебротинальды сұйықтықтан вирусты табу жатады. Диагностикалық негізгі әдістің бірі серологиялық әдіс-РСК, принцинтация реакциясы, жұп сарысулардың нейтрализация реакциясы мұнда антидене титрінің 4 және одан көп есе жоғарлауы жатады.
Емі.
Клиникалық түрге байланысты патогенетикалық, симптоматикалық және дезинтоксикациялық ем жүргізеді. Ауыр нейтроинфекцияда: гормональді препараттар. Қанның реологиялық қасиеттерін қалпына келтіру үшін трентал, навинтол, солносерил қолданылады.
Алдын алу.
Науқастарды 14 күн бойы оңашалайды. Қатынаста болған балаларға иммуноглобулин енгізеді.