Ригведа

Ригведа (ऋग्वेद ṛgveda IAST) — үнді мәдениетінің ең көне діни және әдеби ескерткіші. Ғалымдардың айтуы бойынша, оның жырлары б.з.б 15-6 ғғ.шамасында келген. Егер Веда үндіарийлердің қасиетті білім жинағы болса, Ригведа — жырлар жинағы. Бұл жинаққа сол заман білімінің құдайлар, жын, ғарыш, ритуал, әлеуметтік құрылым, этикалық құндылықтардың бүкіл жиынтығы кірген бірақ Ригведа құдайларды жырлауға арналған мінәжат ескерткіші болғандықтан, оның авторлары тәңірлерді арийлер жағына шақырумен болған. Олардың міндетіне Тәңірлерді мадақтау, олардың батырлығы мен қасиеттілігін жырлау, құрбандық қабылдауға шақыру, арийлер үшін көмек сұрап жалбарыну сияқты көптеген әрекеттер кірген. Бұл арада Құдай мен оған жалбарынушының арасындағы айырбас ахуалы тән. Мифология мен ритуал жағынан Ригведада Авестамен ұқсастық көп.

Мәтіні

«Ригведа» 1028 әнұраннан (немесе ведийлік санскритте құралған апокрафтық валакхильяларды (vālakhilya IAST) — әнұрандар 8.49—8.59 санамағанда) тұрады, олардың көбі құрбан ету ритуалдарына арналған. Бұл қысқа әнұрандардың ұзақ жиынтығы құдайларды мақтауға арналған. Ол мандалдар деп аталатын 10 кітаптан тұрады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *