Монофтонг

Монофтонг (гр. monos,phthongos дыбыс) — жалаң дауысты. Қосындысыз, жалаң құрамды дауыстылар: а, ә, ы, і, ұ, у.[1] Ол артикуляциялық тұрғыдан біркелкі айтылып, акустикалық тұрғыдан бірыңғай естілетін дауысты дыбыс. Монофтонг дауысты дыбысты айтқанда сөйлеу мүшелері дыбысты айтып болғанша өзгеріссіз бір қалыпта тұрады. Оның акустикалық белгілері (форманттарының суреті) тұрақты болады. Монофтонгтардың дифтонгтардан негізгі айырмашылығы осында. Қазақ тілінің дауысты дыбыстары негізінен монофтонгтардың қатарына жатады (а, ә, ы, і, ү, ү). Ал о, ә, е дауыстылары туралы ортақ пікір жоқ. Бір топ ғалымдар (Қ. ЖұбановI. Кеңесбаев, С. Татубаев, Ж. Арапбаев т. б.) оларды монофтонгтар қатарына қосады да бірыңғай артикуляциялык, сипаттама береді. Осы дауыстыларды дифтонг қатарына жатқызып, акустикалық дәлелдемелер ұсынған пікір де бар (Ә. Жүнісбек). Бұл дауыстылардың (о, ө, е) төңірегінде басқа да (төмендегідей) пікірлер айтылады. Кейбір ғалымдар: «дауыстылар фонетикалық жағдайына қарай әртүрлі комонофтонг бинаторлық варианттарда келе береді, е, о, ө дауыстылары сөздің бас позициясында үнемі ашық дифтонг (йе, уо, уе) саласында айтылады: есік (йесік), етік (йетік), елес (йелес), орамал (уорамал), олжа (уолжа), өмір (уөмір), өкпе (уөкпе) т. б. Сөздің өзге шенінде бүл дауыстардың ешқайсысы дифтонг түрінде кездесе алмайды. Анлауттағы йе, уо, уө ашық дифтонгтары мен сөздің өзге шенінде келетін е, о, е монофтонг-жалаңдарының арасында фонематикалық ерекшелік жоқ. Сондықтан йе, уо, уе дифтонггерін е, о, ө фонемаларының сөз басында айтылатын комбинаторлық не позициялық варианттары деп қараймыз», — десе, екінші бір ғалымдар: «бұл дауыстылар барлық буындарда да монофонемалық дифтонг қалпын сақтайды, Мысалы, елес (йелйес), емен (йемйен), ереуіл (йерйеуіл), орхон (уорхуон), оппонент (уоппуонйент) т. б.» — дейді. Сол сияқты, дауыстылардың саны (9, 11, 12, 15…) жөнінен және и, у әріптері жайлы да бірауыздылық жоқ. Оларды (и, у) біреулер дауысты, енді біреулері монофтонг, дифтонгоид деп дәлелдеуге тырысады. Ал қазақ тіліндегі дауысты дыбыстарды эксперименттік жолмен зерттеп жүрген кейбір ғалымдар бұл әріптерді (и, у) дауысты дыбыстар қатарына жатқызбайды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *