ЗАРАТУШТРА
(шамамен б.д.д.628 – 551ж.ж.)
— зороастризмнің негізін қалаушы,
абыз, осыдан үш мың жыл бұрынғы азиялық
Ұлы Даладағы тұңғыш пайғамбарлардың
бірі (гүлдену кезеңі — б.д.д.VIғ. — б.д.VII-ғ.
аралығындағы ұлы Иран империясының
тұсы).
Европаға Заратуштра есімі екі жарым
ғасыр бұрын ғана белгілі болған. Ол Шығыс
Иран, қазіргі Тегерандағы Рай деп аталатын
елді-мекенде Радестегі жылқышылардың
отбасында дүниеге келді. Кейбір
ортағасырлық мұсылман тарихшыларының
пікірінше, атап айтқанда Бируни, Казвини,
Иагут әл-Хамави, Балазури соңғы зорастрлік мәліметтерге сүйене отырып,
Зорастр қазіргі Ирандық Азербайжанда, Атропатен деген жерде туған. Ал,
басқа Лондон университетінің профессоры Мэри Бойс «ақиқатында
Заратуштра Еділдің шығысынан басталатын Азиялық далада өмір сүрген»
деп тұжырымдайды немесе Бал Гангадхар Тилак сияқты оқымыстылар
Заратустра қазіргі Ресей аумағындағы Оралдың оңтүстік бөктерінде тұран
тайпаларының арасында дүниеге келген. Осы жерден әртүрлі жағдайларға
байланысты, нақтырақ айтқанда қысым көргеннен кейін, қазіргі Иран жеріне
көшіп кетуге мәжбүр болғанға ұқсайды, әрі сонда ел көсемі Виштаспа оған
үлкен қамқорлық көрсетіп, оның көптеген дүниелерін өз саясатында
пайдаланса керек. Жалпы, Заратуштра деген ат шамамен «көне түйеші» деген
ұғым береді. Ол кезеңдерде от – өмірдің барлық жағын қамтитын нәрсе
есебінде ерекше қадірленді. Оған арналған мереке жеті мерекенің ішінде
ерекше көрініс тапты («Наурыз» мейрамы). Зорастрлық көзқарасты ол
тараған аймақтардағы халықтар әулиелер діні есебінде қабылдады. Тәңірілікзорастрлық ұғымдар қазақтардың да дәстүрінде, әдет-ғұрыптарында және
наным-сенімдерінде сақталып қалған.
Заратустраның әкесі Порушаспа, оның анасының есімі Дугдова деп
аталған. Оның отбасында: ересектері – Ратуштар және Рангуштар, кішілері –
Нотарига және Ниветиш есімді аға-қарындастары болған. Заратустраның
жұбайының есімі-Хвови. Жастайынан оның бойынан адам түсінбейтін бір
қасиеттерді байқаған. Туғанында басқалар сияқты жыламаған ол, керісінше
күлген. Оның күлкісі 2000-дай шайтанды (демонды) бір мезетте өлтірген.
Осындай қасиеті бар оған көптеген жаман ниеттегі адамдар күндестікпен
қараған. Оған бірнеше рет қастандық жасалса да, ондай әрекет ешбір нәтиже
бермеген. Оған себеп, Заратуштра Құдыретті Күшті – Құдайдың қалауы еді.
Ол өмірінде үш рет үйленген адам. Алғашқыларының бірі
Заратустраға екі бірдей бала сыйлады, оларды Урватат-нара және Хвара-
10
читра деп атаған. Өсе келе олар өздеріне жақын кәсіптерді таңдайды: бірі —
малшы, әрі жер иеленуші болса, екіншісі – жауынгер болады. Басқа
әйелдерінен төрт бала болады, соларының бірі: Исад-вастра есімді бала. Ол
кейіннен Зорастрлік діннің жоғарғы абызы болады. Оның үш бірдей: Френи,
Трити және ең кіші Поручиста есімді апалары болды.
Немістің атақты философы Фридрих Ницше «Заратуштра осылай
деген» атты философиялық толғау жазу да тегін емес еді. Бұл Заратуштраның
жалпы адамзат баласының алғашқы ұстазы болғандығын мойындау еді.
Философ-жазушы Смағұл Елубайдың пікірі бойынша: «Адамзаттың алғашқы
пайғамбары, соңғылықта өмірге Буддизм, Иудаизм, Христиан және Ислам
діндерінің келуіне үлкен ықпал жасаған Заратуштра Ұлы Тұран жерінің
перзенті».