Ведалар (санскритша — білім) — үнді әдебиетінің ең көне (2 ғасыр соңы — біздің заманымызға дейінгі 1 ғасыр басындағы мың жылдықтар) діни және философиялық мұралары. Ведалар әнұрандар мен құрбандық шалу формулаларынан (Ригведа, Самоведа, Яджурведа, Атохорведа), теологиялық трактаттардан (брахмандар мен упанишадтардан) тұрады. Ежелгі Үндістанның мәдени-әлеуметтік өмірі туралы көптеген деректер ала аламыз. Ведаларда Құдай мен адамның арасындағы үйлесімділіктің маңызы дәріптеледі.