Қарақалпақ асханасы

Қарақалпақ асханасықазақ, ноғай, өзбек, түркімен сияқты халықтардың асханасыменұқсас келеді.

 

Ет өнімдері

Ет өнімдерінен сиыр, қой, түйе, жылқы, қоян және үй құстарының еттерін пайдаланады. Әсіресе, қой мен сиыр еті. Қарақалпақтар мұсылман халқы болғандықтан, шошқа етін тұтынбайды.

 

Ерекшеліктері

Бидай ұнынан жасалған шелпек барлық дерлік тамақпен бірге беріледі. Тамақты сүт қосылған қара шаймен немесе көк шаймен ішеді. Бұл дәстүр сонау орта ғасырлардағы көшпенділер өмірінен бері келе жатыр. Бұл тек қарақалпақтарда ғана емес, сондай-ақ қазақ және түркімен халықтарында да бар.

 

Кең таралған тағамдары

  • Кең таралған тағамдары — гүртік, палау, лағман, манпар, шауле, мәнті, самса, тұшпаралар, шорпа, шорпа-машаба, кеспе сорпа.Қарақалпақтардың кең тараған тағамдарының бірі — жуери гүртік пен май гүртік. Бұлар бұрыннан келе жатқан тағамдар, алайда бұларды қарақалпақ әйелдері қазір де дайындайды.
  • Турама (дурама) — қарақалпақтардың бешбармағы, үзбе кеспе қосып дайындалатын майдалап туралған ет.
  • Балық – қарақалпақтардың сүйікті асы болып келген. Балықты көбінесе, қуырып жейді. Сондай-ақ, араластырып даярлайтын тағам түріне қарма, уылдырық нан, қақпаш (кептірілген балық) жатады. Қарақалпақтардың күнделікті қорегінде сүт тағамы, қауын мен асқабақ көбірек. [

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *