Қазақ халқының ұлттық тағамдары мынадай түрлерге бөлінеді:
- Сүт тағамдары.
- Ет тағамдары.
- Сорпа тағамдары.
- Ұн тағамдары.
- Дән тағамдары.
- Балық тағамдары.
- Жеміс тағамдары.
Сүт тағамдарыӨңдеу
Қазақ халқы сүт тағамдарын төрт түлік малдың сүтінен жасаған. Төрт түлік малдың сүтін және одан жасалған айран, қымыз, шұбат сияқты сусындарды халқымыз ағарған, ақ деп атаған.
-
- Сүт тағамдарының мынадай түрлері бар:
- Сүт.
- Қаймақ.
- Айран, қатық.
- Сары май.
- Сүзбе.
- Құрт.
- Ірімшік.
- Қымыз.
- Шұбат, қымыран.
- Айранды кейде қатық деп атаса, шұбатты қымыран дейді. Қатық – ұйытылған, бірақ араластырылмаған айран.
Ет тағамдарыӨңдеу
Қазақ халқының өмірінде ет тағамдары ең басты орынды иеленеді. Олардың мынадай түрлері бар:
- Ет (жас ет, сүр ет).
- Жаубүйрек – жаңа сойылған малдың бүйрегінен, етінен пісірілген тағам.
- Жөргем– бунақтап өрілген ішек.
- Жұмыр – ішіне сарымсақ, сәбіз, күріш, майлы ет салып, аузын түйреген қарын.
- Қуырдақ – майға қуырылып пісірілген ет.
- Мипалау – пісірілген бастың миына құйқа, ішек–қарын араластырып, тұздық құйып жасаған тағам.
- Нарын – піскен ет пен қамырды ұсақтап турап, әбден араластырғаннан кейін, үстіне тұздық құйып берілетін тағам.
- Түймеш – туралып, жаншылып, майға қуырылған тағам.
- Үлпершек – жүрек қабына май, кесек ет т.б. салып жасалған, шұжық тәрізді тағам.
- Шұжық – шикі еттің майлы жерінен турап, тұз, бұрыш қосып, ішекке тығып жасаған тағам.
- Бұқтырма -ет,картоп,сәбізді бұқтырып пісіретін тағам
Қазақ халқының табақ тарту дәстүрі
- Бас табақ – бас, жамбас салынып, қонақтың ең жасы үлкеніне қойылады.
- Сый табақ – жамбас салынып, сыйлы қонақтың алдына қойылады.
- Орта табақ – асықты жілік салынады.
- Күйеу табақ – бір сан жілік пен төс салынады.
- Келін табақ – ұлтабар және жүрек салынады.
- Құдағилар табағы – жамбас немесе асықты жілік салынады.
Сорпа тағамдарыӨңдеу
- Жас сорпа – жаңа сойылған мал етінің сорпасы.
- Кеспе – қамыр кесінділерін салып пісірген сұйық тамақ.
- Тұздық – туралған етке құйылатын майлы сорпа.
Ұн тағамдарыӨңдеу
- Нан.
- Бауырсақ (тоқаш).
- Бөкпен – қуырылған ұнды сүтке бөктіріп пісірген тағам.
- Салма – пісірілген қамырды сүтке қайнатып жасайтын тағам.
- Атала – суға ұн салып жасаған сұйық көже.
- Быламық – ұннан пісірілетін қоюлау тамақ.
- Жайма (шелпек, қаттама және т.б.).
Нанның түрлері
- Бәтер – ашытылмаған қамырдан табаға пісірілген жұқа нан.
- Жаппа нан – қазанға қарып пісірілген нан.
- Зағара нан – жүгері ұнынан пісірілген нан.
- Көмбе нан – отқа көміп пісірілген нан.
- Кісе нан – ішіне ет, картоп, орамжапырақ салып пісіретін нан тағамы.
- Қазанжаппа– қазанға қақтап пісірілген нан.
- Таба нан – табаға пісірілген нан.
- Тандыр нан – тандырға пісірген нан.
Дән тағамдарыӨңдеу
Дән тағамдарына бидайдан, тарыдан, жүгеріден, күріштен жасалатын тағамдар жатады. Бидайдан – бидай көже, талқан; тарыдан – тары көже, талқан, майсөк, жент ; жүгеріден – жүгері көже, бадырақ; күріштен – күріш көже, палау, сүркүріш сияқты тағамдар жасалады.
Балық тағамдарыӨңдеу
Балық тағамдарына қарыма, қуырылған балық, балық сорпа және т.б. жатады.
Жеміс тағамдарыӨңдеу
Жеміс тағамдарына әр түрлі кептірілген жемістер, қауынқақ, қауын–құрт, қауыншек , т.б. жатады.[1]