- Қазақстан Республикасында барлық мерзімді басылымдардың шығатын басылымдардың даналарын Мұрағатқа жинау, тіркеуге алу;
- Қазақстан Республикасының Баспасөз мұрағатындағы міндетті даналардың сақталуын қамтамасыз ету, мерзімді басылымдардың туындыларын сақталуын бақылауға алу;
- Еліміздегі ғылыми мекемелерді, кітапханаларды, ғылыммен айналасатын орталықтарды библиографиялық ақпаратпен: жылнамалар және анықтамалармен қамтамасыз ету;
- ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының Баспасөз мұрағаты қорында мерзімді басылымдарды толықтыру және сақтау;
- Қазақстан Республикасында шығатын баспа өнімдеріне халықаралық ISBN, ISSN, ISMN штрих-кодын беруді қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасында басылып шыққан жариялымдардың, материалдандың негізгі түрлерінің библиографиялық өңделуін жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасында шығатын мерзімді басылымдардың (газет, журнал, жалғаспалы басылым, т.б.) статистикалық есебін жүргізу;
- Қазақстанда шығатын кітап пен журналдарға ӘОЖ (әмбебеп ондық жіктеу) индексін беру;
- Қазақстан Республикасында 1917 жылдан бері басылып шыққан жарияланымдардың, материалдардың барлық түрлеріне, Кітап палатасының қорында 1917 жылға дейін басылып шыққан әдебиетті қамтитын каталогтар мен картотека жүйесін жүргізу;
- Қазақстан Республикасы туралы шетел елдерде шыққан материалдарды жинау;
- Қазақстанда алыс және жақын шет елдері туралы жарияланған туындыларды, материалдарды анықтау, есепке алу, библиографиялық сипаттама жасалған карточкаларды басқа кітапханаларға, ғылыми мекемелерге жіберу;
- Еліміздің мемлекеттік, қоғамдық орындардан, жеке тұлғалардан түскен сұраныс бойынша баспа өнімдерін алып беру;
- Баспасөз Мұрағатында сақтаулы басылымдардың электрондық көшірмесін жасау;
- Республиканың мерзімді басылымдар туралы ғылыми-зерттеу, білім беру ісі туралы социологиялық зерттеулер жүргізу және ғылыми-практикалық семинарлар, конференциялар, «дөңгелек үстелдер» ұйымдастыру;
- Кітаптарға көрмелер мен жәрмеңкелерді өткізуді ұйымдастыру.
ҚұрылымыӨңдеу
Бүгінде Кітап палатасының атқаратын негізі міндеттеріне сәйкес мынадай бөлімдер жұмыс істейді:
- «Қабылдау және бақылау» бөлімі
- «Баспасөз статистикасы, кітап және оқу социология» бөлімі
- «Мемлекеттік библиография» бөлімі (қазақ және орыс топтары)
- «Анықтама-барлау» бөлімі
- «Ретроспективтік библиография және Қазақстантану» бөлімі
- «Ақпараттық технология» бөлімі
- «Әдістемелі-редакциялық баспа» бөлімі
- «Баспасөз мұрағаты» бөлімі
- «Ғылым және кітап нарығы мен баспасөз өнімдерінің мониторингі» бөлімі
- «Қаржы экономикалық» бөлімі
- «Жалпы» бөлім