Элей мектебі

Элей мектебі – б.з.б. 6–5 ғ-ларда Ежелгі Грекияда болған философиялық мектеп. Оңт. Италиядағы грек колониясы – Элей қ-ның атымен аталған. Өйткені мұнда Э. м-нің ірі өкілдері тұрды. Ілім негізін қалаған Колофондық Ксенофан, ал басты өкілдері элейлік Парменид пен Зенон және Мелисс Самосский болды. Э. м. тұңғыш рет ойлауды (санадағы болмысты) сезімдік қабылдауға (сезімдік қабылдау болмысына) қарсы қойды. Ол адам түйсігінің және сезімдік болмысының тұрақсыз, аумалы-төкпелілігін ескере отырып, танымдағы басты рөлді ойлау процесіне береді. Э. м. философия тарихында тұңғыш рет болмыстың біртұтастығы жайлы ұғымды ұсынып, оны филос. ойдың негізіне айналдырды. Э. м. біртұтас болмысты шындықтың әрбір ұсақ элементінде болатын үздіксіздікті өзгермейтін, бөлінбейтін нәрсе деп түсінді. Кейіннен бір тұтас өзгермейтін болмыс ұғымы Платон мен неоплатонизм философиясының қайнар көзіне айналды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *