Сөйлеу тілінің лексикасы 04.08.202004.08.2020 Admin Сөйлеу тілінің лексикасы Адамдардың күнделікті қарым-қатынасында, қызмет бабында (баяндамада, лекцияда, неше алуан сұрақ-жауапта, жарыс сөзде, басқа да ретте) стильдік бояуы әр түрлі сөздердің қай-қайсысы да жалпы айтылады. Бірақ оның бәрі сөйлеу тілі лексикасына жат-пайды. Мысалы қай тілде де ғылыми стильде, ресми-кеңсе стилінде негізінен қолданылмайтын,»тіпті көркем әдебиет пен публицисти-калық стильдердін, өздерінде де онша көп кездеспейтін, қайта бұ-ларға қарағанда сөйлеу стилінде жиірек айтылатын белгілі бір сөздер тобы болады. Сөйлеу тілі лексикасы міне осындай сөздерді қамтиды. Алайда мына жағдай есте болуы керек. Сөйлеу стиліне тән бұл сөздер басқа стильдерде қолданылады деуге болмайды. Бірақ сөйлеу стиліндегідей дәрежеде емес. Олардың өз алдына сөйлеу тілі лексикасы деп аталуы міне осы жағдайға — қолданылу аясына байланысты. Қөбіне-көп сөйлеу стиліне, яғни сөйлеу тілі лексикасына тән ондай сөздерге қ а р а п а й ы м с ө з д е р, т а б у , э в ф е м и з м , д и а л е к т и з м д е р және к ә с і б и с ө з д е ржатады Просмотр: 174