Сібірдің тұрғылықты халықтары

Сібірдің тұрғылықты халықтарыбуряттар, якуттар, тувалар, хакастар және алтайлықтар. Аталмыш үлкен халықтармен қатар Сібірдешағын ұлыстар да тұрмыс кешіп жатыр: ненецтер, эвендер, кеттер. Олардың ана тілдері орал және алтай тілдік топтарына жатады.

Буряттар — Сібірдегі саны басым жергілікті халық, жан басы жарты миллионнан асады. Олар Бурятия Республикасында, Үркіт аумағында және Байкал өлкесінде өмір сүреді. Байкалдың батысы мен шығысын жайлаған буряттардың арасында ұзақ уақыт бойы елеулі айырмашылық болып келген. Үркіт буряттары жартылай православтар, ал жартысы шамандықты ұстанатын және жер өңдеумен несібелерін айырған. Байкал буряттары Моңғолиядан келген буддизмді қабылдап, көшпелі мал шаруашылығын күнкөріске айналдырды.

Хакастар — Оңтүстік Сібірдегі түркі халықтарының бірі. Үлкен бөлігі ХакасияРеспубликасында өмір сүреді. Қазіргі кезге дейін жалғасқан хакастардың негізгі кәсібі аң шаруашылығы, жылқы мен қой бағу, дәнді дақылдар өсіру болып табылды. Алтайдың таулы жазығында бұрынырақ малшылар мен тайгааңшылары тайпасы өмір кешкен. Олардың салттары, мәдениеті және тілдері ұқсас болып келеді. XIX ғасыр ортасында бұл тайпалар бір халыққа -алтайлықтарға бірікті. Қазіргі алтайлықтар Алтай өңірінде және оған көршілес Кемеров аймағында тіршілік етеді.

ДолғандарТаймырда, сонымен қатар Якутия мен Эвенкияда өмір сүреді. Долғандар дербес халық ретінде XVIII-XIX ғғ., жекелеген якут және эвенкілік тайпалардың, сонымен бірге Таймырдағы орыс тайпаларының бірігуі нәтижесінде қалыптасты. Долғандар бұғы өсірумен шұғылданды, бағалы аң терісін өндіреді, балық аулаумен айналысады.

Якуттар (сахалар) — Эвенкияда, Үркіт аймағында, Краснояр және Хабаров өлкелерінде тұрмыс кешеді. Бірақ негізінен олардың мекені біздің ғаламшардың тұруға болатын суық белдеуі орналасқан Якутияда (Саха Республикасы). Якуттардың дәстүрлі шаруашылығы – жылқы өсіру, мүйізді ірі қара мал бағу, аңшылық пен балықшылық.

Қызық…

Кеттер — әлемдегі сыры ашылмаған халықтардың бірі. Оларды ертеректе остяктар деп атайтын. Моңғолоидтық нәсілдері еуропеоидтың белгілерімен ұштасқан. Кеттердің тілдері бірегей тілге жатады, ол Сібір мен Қиыр Солтүстік халықтарының тілінен ерекшеленетін. Ғалымдар оны ежелгі кезде Алтайда, Саянда және тіпті Тибетте өмір сүрген халықтардың тіліне ұқсатады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *