Платон

Платон (б.д.д. 428/427 – 348/347 )- ежелгі грек философы, Сократтың шәкірті, объективті идеализмнің негізін қалаушы, 30-дан астам философиялық диалогтар ретінде жазылған еңбектердің авторы. («Парменид», «Теэтет», «Мемлекет», т.б.) Дүниеге идеалистік көзқарасты қорғаған Платон сол заманның материалистік ілімдеріне қарсы белсенді күресті.

Платон объективті идеализмнің жүйесін жасады. Сезім арқылы қабылданатын «заттар дүниесіне» «идеялар дүниесін» қарама-қарсы қойды. Идеялар объективті түрде табиғат пен қоғамға тәуелсіз өмір сүреді. Нақтылы «заттар дүниесін» Платон көлеңкелер дүниесі деп атады, өйткені заттар дегеніміз идеялардың көшірмелері, көлеңкелері ғана деді. Идеялар дегеніміз заттардың мәңгілік бейнелері, оларды ойша «сезілетін заттар» ғана көреді.

Адамның жаны, рухы тәнге тәуелсіз о дүниеге идеяларда өмір сүреді. Ол материялық емес, мәңгілік нәрсе. Адам бойына уақытша ғана қонақтап, кейін тәннен ажырап, өзінің мәңгілік әлеміне қайта оралады. Платон философиясында «идеялар дүниесі»– «Эйдос» деп аталады.

Сезімдік дүние «идеялар» мен «материяның» туындысы, арасында, екеуінің ортасын,да тұрады. «Идеялар» мәңгілік, аспаннан да биік, олар туылмайды, пайда болмайды, өлмейді, салыстырмалы емес, кеңістік пен уақытқа тәуелді емес. Платон ілімі философияның кейінгі уақытта өркендеп, дамуына көрнекті роль атқарды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *