Менің мамандығым-тәрбиеші

                                            

Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан», — деп халқымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбаев атамыз айтып кеткендей, кез келген адам «Өмір» деген атты дүниеде өз орнын табуға тырысады, яғни өседі, көреді, тәрбиленеді. «Еңбекпен тапқан нан тәтті» демекші, таңдаған мамандықтарының қызығын көруге тырысады.Барлық мамандықтардың өз қызықтыры бар,ал менің мамандығым менің мақтанышым.Себебі мен-тәрбиешімін.Осынау мамандықтың қызығы мен қиындығын өзі бала ортасында жүрген жан ғана түсіне алады. Жер бетінде тәрбиеші алдын көрмеген адам кем де кем, мүмкін бұл мамандық содан киелі шығар.. Тәрбиешінің жұмысы күрделі де, қызықты да. Балаларды ана тілінде әдемі сөйлету, олардың ой-сезімдерін анық, еркін, көркем жеткізе алуға баулу, танымдық қабілеттерін дамыту – тәрбиешінің мақсаттарының бірі.Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуге балаға,-демекші адам тәрбиелеу, оған ғылыми негіздерінен мәлімет беру, баланы өмір сүруге үйрету – өте қиын шаруа. Тәрбиеші күн сайын ерлікке пара-пар жұмыс жасайды.
Мен балабақшада жеті жыл еңбек етудемін, бұл еңбектен жалыққан емеспін. Ұжымымның өмірінде таңғажайып қызықтар бастан өтіп жатады. Бірақ, бәрінен де жарқ етіп, есте қалғаны – біздің бірінші кездесуіміз. Балабақша есігін ашқанымда – «Бақытты балалық шақ» әлеміне түскенімді түсіндім. Әр үйдің еркелерін бір арнаға тоғыстырып, олармен жұмыс жасау оңайға соқпайды. Алайда баланың тілін тауып, тілдесу, жақсы тәрбие берудің өзі бір үлкен ғанибет. Ақ парақ бетіне сызу сызғандай баланың кіршіксіз санасына алғашқы адамгершілік, мейірімділік нұрын сеуіп, білім, өнер нәрімен сусындату мына біз тәрбиешілердің еншісінде.
Өйткені бала – кіршіксіз пәк, тап-таза мөлдір бұлақтың бастауын, көзін ашып тұнығуына қону үшін қаншама қиын да, қызықты еңбек пен тер төгу керек. Балалармен жұмыс жасау мен үшін – үлкен бақыт.Себебі, тек қана бала ешнәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын менің алақаныма қойып, өз құпияларын айтып маған сенім артады. Пәк көңілді балалармен қарым-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды. Өйткені, мен оларға, олар маған қажетігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы — әр тәрбиешінің бақыты. Тәрбиеші балаға деген ыстық ықыласын бір сөзбен айтып көрсетіп қана қоймай, бар жүрегімен және жан -тәнімен сезіне білуі қажет.Тәрбиешінің жұмысы күрделі де қызықты.Шынымды айтсам, кейде жұмыстан үйге келгенде қатты шаршағанымды сеземін. Бірақ сол өткізген күндерімді ой елегінен өткізе отырып, балаларымның ыстық ықыласын, маған ұмтылған үміт толы көздерін, тәтті қылықтарымен, сәбилік шын жүректерімен айтқан сөздері есіме түскенде шаршағанымды ұмытып кетемін. Осы бір «Балалар әлемінің теңізіне» бір бойласам, ешқашан өз мамандығымды өзгерткім келмейді. Өйткені, бала-пәк, бала тап-таза мөлдір бұлақтың бастауы сияқты. Балалар — өмір гүлі. Ал гүлдер ешқандай жасандылықсыз, шынайылықпен баптағанда ғана өседі.
Жеті жылдан аса тәрбиешілік еңбекте жүріп түйгенім – тәрбиешілік еңбекке мен барлық ақ ниетіммен бой ұсынып, әбден қалыптастым. Бүгінде балаларға мейірім төге отырып, биік белестерге жетуіне жауапты екенімді ешуақытта естен шығармаймын.
Тарбиешi:Куттыбаева Шынар Капасовна

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *