Аптаның қорытындысы бойынша инфекцияның репродуктивтік деңгейінің бірден төмен болуы Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалаларында тіркелген. Сонымен қатар Қостанай мен Ақмола облыстарында инфекцияның репродуктивтік деңгейі бірден жоғары болуы анықталды. Мамин осы өңірлердің әкімдеріне эпидемияға қарсы шараларды күшейтуді тапсырды.
Мамин осы өңірлердің әкімдеріне эпидемияға қарсы шараларды күшейтуді тапсырды. «Ауру жұқтырған азаматтарды емдеу және вирустың таралуын төмендету жөніндегі қарқынды жұмысты, оның ішінде санитарлық нормаларды, карантин талаптарын азаматтардың сақтау қажеттігі туралы түсіндіру науқанын жалғастыру керек», — деді үкімет басшысы. Читайте больше: https://kaz.nur.kz/1868017-kzde-boluy-mmkin-mamin-koronavirus-pandemiasyny-zaa-tolkyny-turaly-ajtty.html