ЖАҢАРТЫЛҒАН ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ

ЖАҢАРТЫЛҒАН ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БАСЫМДЫҚТАР
«Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық
буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен
іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет.»
«Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»
2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президенті
Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
Қазіргі кезде табысты болу үшін оқушыларға білім қандай қажет болса, дағды да
сондай қажет деген ойдың жақтастары көбейіп келеді. Бұл оқушылардың ақпаратты есте
сақтап, алған білімдерін ұғынуын, түсінуін және әртүрлі салада қолдана білуін талап етеді.
Білімді дәл осылай қолдану оқушыларға «ХХІ ғасыр дағдысы» деп жиі айтылып жүрген кең
ауқымды құзыреттілікті меңгеруге мүмкіндік береді.
ХХІ ғасыр дағдылары деген ұғымның бірнеше анықтамасы бар. Бұл Бағдарламада
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) әзірлеген Құзыреттерді анықтау
және іріктеу жобасының шеңберінде жасалған құрылым пайдаланылады. Бұл ретте құзырет
«жай ғана білім мен дағдыдан анағұрлым күрделі. Ол белгілі бір жағдайларда
психологиялық ресурстарды (оның ішінде дағдылар мен өмірлік ұстанымдарын)
жұмылдыра және соған сүйене отырып, күрделі міндеттерді шеше білу қабілетін қамтиды.
Мысалы, тиімді қарым-қатынас құру қабілеті жеке адамның тіл білуіне, ақпараттық
технологиялар саласындағы тәжірибелік дағдыларына және оның өзгелермен қарым￾қатынас құра алуына сүйенетін құзырет болып табылады».
Жаңартылған оқу бағдарламаларында оқушылардың бойында қалыптастыру
көзделетін төмендегідей құндылықтар мен дағдылар анықталған (1-кесте):
Жоғары көрсеткіштерге жеткен білім беру жүйелерін талдау оқу бағдарламасының
«үйлесімділігі» бүкіл елдегі білім беру стандарттарын жетілдіру үшін аса маңызды болып
табылатынын көрсетіп отыр (Schmidt and Prawat, 2006). Оқу бағдарламасын жаңарту
тұрғысынан «үйлесімділік» оқу бағдарламасы қалай қабылданып, қалай іс жүзінде
орындалатынына қатысы бар барлық компоненттер бірлесіп әрекет етіп, бір-бірін
толықтырып, нығайтады дегенді білдіреді (Oates, 2010). Демек, оқу бағдарламасының
мазмұны, педагогикалық тәсілдер және бағалау тәсілдері бір мақсатқа жұмылдырылуы тиіс
(Roach et al., 2008). Мұны төмендегі сызбадан (1-сурет) көруге болады:
1-кесте. Құндылықтар мен дағдылар
Құндылықтар Дағдылар
— шығармашылық және сын тұрғысынан
ойлау;
— қарым-қатынас жасау қабілеті;
— өзгелердің мәдениетіне және
көзқарастарына құрметпен қарау;
— жауапкершілік;
— денсаулық, достық және
айналадағыларға қамқорлық көрсету;
— өмір бойы оқуға дайын болу
— сын тұрғысынан ойлау;
— білімді шығармашылық тұрғыда қолдана
білу қабілеті;
— проблемаларды шешу қабілеті;
— ғылыми-зерттеу дағдылары;
— қарым-қатынас дағдылары (тілдік
дағдыларды қоса алғанда);
— жеке және топпен жұмыс істей білу
қабілеті;
— АКТ саласындағы дағдылар
Пән бойынша білім, дағдылар мен құзыреттіліктерді анықтайтын оқу

бағдарламаларын әзірлеу барысында жоғарыда келтірілген құндылықтар мен дағдылар
ескерілген. Мұны осы құндылықтар мен дағдылар қарастырылған «Қазақ тілі мен әдебиеті»
пәнінің оқу бағдарламасынан көруге болады.
Гриффин және басқа авторлар (Griffin, P., McGaw, B. and Care, E., 2012) оқу
бағдарламаларын реформалау барысында білім беру саласындағы стандарттарға
негізделген өзгерістер анағұрлым анық әрі айқын бола түскенін айтады. Англия, Германия,
Норвегия, Сингапур және Австралия сияқты елдерде оқу бағдарламасында мұғалімдер мен
оқушылардан күтілетін нәтижелер нақты белгіленген. Қазақстанның барлық мектептерінен
күтілетін нәтижелерді белгілеу барысында да осы тәсіл қолданылды. Оқушылардың нені
білуі және істей алуы керектігін анықтаудағы мұндай нақтылық бүкіл Қазақстан бойынша
барлық оқушылардан жоғары нәтиже күтілуін қамтамасыз етуге көмектеседі және
мұғалімдердің оқу бағдарламасын тиімді іске асыруына мүмкіндік береді.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқыту басымдықтары оқу үдерісі мен оның
нәтижесіне бағытталған мұғалімнің тәжірибесі арқылы жүзеге асырылады.
Жаңартылған оқу бағдарламасының мазмұндық ерекшеліктері:
— пән мазмұнын жобалаудың спиральділік ұстанымы, яғни білім мен біліктерді
арттыруда оқу материалын тігінен, сондай-ақ көлденеңінен біртіндеп кеңейту (білімді
тақырыптар бойынша және сыныптар бойынша күрделендіру);
— таным заңдылығы мен пәндік амал-тәсілдердің неғұрлым маңызды түрлері бойынша
ойлау дағдыларының деңгейлеріне негізделген Блум таксономиясы бойынша оқу
мақсаттарының иерерахиясы;
— білім беру деңгейлері және тұтас оқыту курсы бойынша педагогикалық
мақсаттардың пәнішілік байланыстарын барынша ескеруге мүмкіндік беруі;
— бір білім саласы пәндері арасында, сондай-ақ пәнаралық байланысты жүзеге асыру
барысында «ортақ тақырыптардың» болуы;
— бөлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының уақыт талабына сай болуы,
әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назар аудару;
— оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспар түрінде
технологияландыру болып табылады (Ұлттық білім академиясы, 2016)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *