Ескі қыпшақ жазба ескерткіштері— қыпшақ тайпаларының және олармен біріккен басқа түркі тайпаларының тілінде 11—16 ғ. жазылған шығармалар. Бұлар ескі араб, ескі армян, ескі орыс және ескі готикалық әлігі билерде жазылған. Ескі қыпшақ жазба ескерткіштері жалпы түркілік әдеби тілде және жергілікті тайпалардың ауызекі сөйлеу тілінде жазылған. Алғашқысына Орта Азия мен Еділ бойында (Алтын Орда) туған Рабғузидің «Кисасс ул-анбия«. Кұтбтың «Xyepav va Ӏііырын«, А. Иугнекидін»һибатул-хакайик«, Рауани Хорезмидін «Мухаббатнама«, ҚАРАҢЫЗ. Ясауидын «‘Диуани Хикмет»т. б. шығармалар жатады. Екінші топқа қыпшақ тайпаларының ауызекі тілі негізінде туған М. Кашғаридың «Диуани лұғат ат-түрк», «Кодекс куманикус», Абу Хайяннын «Китаб ал-идрак ли-Лисан ал-атрак» X. б. шығармалар жатады. Армян қыпшақтарыныңтілінде жазылған діни трактаттар, армянша-қыпшақша сөздіктер, тарихи жазбалар т. б. осы топқа жатады. Бұлардың ішінде басылмай, қолжазба күйінде сақталғандары да бар. Мәмлүкқыпшақтары тілінде грамматикалық, лексикалық, лексикографиялық Юшакты еңбек туған. Орта ғасырлардағы қыпшақ тайпаларының сөйлеу тілі мен әдеби тілі нұсқаларының, жалпы халықтық Қазақ тілінінң қалыптасу тарихын зерттеуде Ескі қыпшақ жазба ескерткіштерінің маңызы зор.