БАБЫЛ СЫНА ЖАЗУЫ

БАБЫЛ СЫНА ЖАЗУЫ, Вавилон сына жазуышығыстық көне жазу үлгісі. Алғашқы негізі біздің заманымыздан бұрын 3-мыңжылдықта шумерлерарасында пайда болған. Бабыл сына жазуының археологиялық қазбалардан көп табылған түрі — балшықтан жасалған тақтайшалардағы жазулар. Олардағы Бабыл сына жазуының таңбалары сыналап басылған, яғни сәл көлбеу түсірілген, қыры тікбұрышты жұқа таяқшалардан тұрады. Бастапқы Бабыл сына жазуларында идеографиялық жазу қолданылған. Онда нақтылы түсініктер, бұйым, зат атаулары бейне түрінде берілген. Мыс., аяқтың суреті “тұру”, “жүру”, ал соқа бейнесі “егінші”, “жер жырту” деген ұғымдарды білдіреді. Біздің заманымыздан бұрын 3-мыңжылдықтың ортасына қарай Бабыл сына жазуында буын жазуы үлгісі қалыптасып, қолданылған бейнелер саны 600-ге дейін азайған. Барынша қарапайым суреттерқолданылып, Бабыл сына жазуын оқу жеңілдей түсті. Тік бағаналар түріндегі оңнан солға қарай жазу дәстүрі енді солдан оңға қарай көлденең, тұтас жолдармен жазылған. Біздің заманымыздан бұрын 3-мыңжылдықтың 2-жартысында бабылдықтар мен ассириялықтар 300-дей белгі қолданған. Кейін Бабыл сына жазуы жетілдіріліп, дыбыстық жазуға ауысты. Мазмұнына қарай Бабыл сына жазуымен жазылған жазбалар іс қағаздары, тарихи оқиғалардың қысқаша баяны, эпостық жыр жолдары, сөздіктер, т.б. болып бөлінеді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *